Материалдар / 8кл Жай жəне күрделі заттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8кл Жай жəне күрделі заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Салыстырмалы атомдық жəне салыстырмалы молекулалық масса туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы

8

7 сабақ

Күні:

тақырыбы:

Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Жай және күрделі заттар, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса туралы түсінік алады.

Күтілетін нәтиже

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массасларын есептеуге үйренеді.

Негізгі идеялар

Бірдей атомдар бірігіп жай заттар, ал әртүрлі атомдар бірігіп күрделі заттар түзеді. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, өйткені оны құрайтын элементтердің салыстырмалы атомдық массасының да өлшемі жоқ.

Құрал-жабдықтар:

АКТ, слайд, маркер, 8 сынып электронды оқулық



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. Венн диаграммасы



Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды

3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.


II.Кіріспе бөлім

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

1.Химиялық таңбаның оқылуы және айтылуы арқылы таңбасын жазыңдар?

Эн, Барий, силициум, плюмбум, марганец, гидраргирум

2.Элементтің қазақша атауы арқылы химиялық таңбасын және айтылуын жазыңдар

Алтын, мырыш, сутек, сынап, кальций, темір, фтор, қоғасын, бор, бром, көміртек.

3.Магнийдің 2 атомы, күкірттің 8 атомы дегенді қалай жазуға болады?


III. Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

Сабақтың мақсаты айтылады.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

І- тапсырма:

Әр топқа мәтін бөлініп беріледі.

І-топ: Жай және күрделі заттар

ІІ-топ:

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаслары



ІІІ-топ:

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы

ІІ. №1 Көрсетілім (1.2) орындалады




ІІІ-тапсырма: Венн диаграмасы

Оқушылардан жай және күрделі заттардың, салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаның ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасайды.



ІV.Қорытынды бөлім

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

1.Заттың жай немесе күрделі екенін қалай анықтауға болады?

2.Cалыстырмалы атомдық және молекулалық массалардың өлшем бірліктері қандай?

3.Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып олардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын табыңдар.

H2SO4, CH4, H2S, Lі, Be.

4.Мыналардың: көміртегі атомының, су молекуласының, магний атомының, оттегі молекуласының қайсысының массасы үлкен?

5. Мына заттардың формулалары берілген: O3, S4, CaCO3, Na, H3PO4, P4, NaOH. Осылардың ішінде жай заттар санын және молекулалық массасы ең ауыр затты анықтаңыз:

Сабақ рефлексиясы


Кейінгі тапсырма: Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру (5 тест)

Үйге тапсырма беру: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса



Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.





Оқушыларға өздігінен орындау үшін тапсырма беріледі. (5 минут).

Содан соң жұмыстарын алмастыру арқылы жауап үлгілері арқылы бірін-бірі бағалау жүргізеді.


Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын критерий арқылы бағалайды.










Венн диаграммасы





Оқушылар жеке жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгенінне анализ жасай алады.













Оқушылар сабақ рефлексиясын жазады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!