Материалдар / 9 «Ә» сынып оқушыларына жүргізілген «Lesson study» зерттеу сабағының рефлексивті есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 «Ә» сынып оқушыларына жүргізілген «Lesson study» зерттеу сабағының рефлексивті есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында ең басты, маңызды мәселе болып отыр. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4-бет). Осы әрекет арқылы мұғалім тұрғысынан алғанда оқушылардың толық пікірін бөлісе алуы бір-біріне әсер етіп білімді терең игеруге талпынысы, oйлaу қабілетінің артуы және өзімнің де педагогикалық ұстанымымды біртіндеп өзгерту керектігін – бүгінгі күннің алдымызға қойып отырған талабы екенін ұқтық. Нақтылап айтсам, менің педагогикалық ұстанымым және оқыту мен оқуға деген жаңа көзқарасым өзгерді. Бүгінгі таңда, жаһандану заманында оқушыларға заман талабына сай білім беру қажеттілігі туындауда. Сол мәселені іске асыру үшін бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренеріміз түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы» тақырыптарды түсінуге көмектесті. Топтың жоспарлаған бағыты арқылы ондағы теорияларды, ғалымдар мен зерттеушілердің тұжырымдамал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2024
175
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Астана қаласы №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Темиржанова Меруерт Асетовна

9 «Ә» сынып оқушыларына жүргізілген «Lesson study» зерттеу сабағының рефлексивті есебі

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында ең басты, маңызды мәселе болып отыр. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4-бет). Осы әрекет арқылы мұғалім тұрғысынан алғанда оқушылардың толық пікірін бөлісе алуы бір-біріне әсер етіп білімді терең игеруге талпынысы, oйлaу қабілетінің артуы және өзімнің де педагогикалық ұстанымымды біртіндеп өзгерту керектігін – бүгінгі күннің алдымызға қойып отырған талабы екенін ұқтық. Нақтылап айтсам, менің педагогикалық ұстанымым және оқыту мен оқуға деген жаңа көзқарасым өзгерді.

Бүгінгі таңда, жаһандану заманында оқушыларға заман талабына  сай білім беру қажеттілігі туындауда. Сол мәселені іске асыру үшін бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренеріміз түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы» тақырыптарды түсінуге көмектесті.  Топтың жоспарлаған бағыты арқылы ондағы теорияларды, ғалымдар мен зерттеушілердің тұжырымдамаларын, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  оқып түсіндік. Біз тәжірибе жұмысын бaстамaс бұрын, ең aлдымен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқығaн екінші деңгей бағдарламасы тәсілдерінің жеті модульдер негізінде тaқырып тaңдауда көп ойлaндық. Алған теориялық білімімді іске асыру үшін мектептегі іс-тәжірибемдегі зерттеу жұмысына Бағдарламаның «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулінің ішінен топтық жұмыстың әдіс-тәсілдеріне тоқталғым келді.

Алайын деп отырған тақырыбым 9- сынып оқушылары үшін де маңыздылығын анықтадық. Мектептің оқытуы мен оқуында қалыптасып қалған бағыты жайында көп ойлана келе іс-әрекеттегі зерттеуімнің тақырыбын: «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруді» алдыма мақсат етіп қойдым, себебі қазіргі таңда беріп жүрген білім мен үшін жеткіліксіз. Олай дейтінім, дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады (МАН 9 бет). Мектептен шыққaн оқушы бүгін aлған білімінің пaйдaсы, жaңaлығы турaлы aйтa aлaтын дәрежеде болулaры қaжет. Оқушы болaшaқ мaмaн ретінде бүгінгі күн тaлaбынa сәйкес болып, жaңa кәсіби міндеттерді шешуге дaйын болулaры керек. Осы мәселелерді шешудің бір жолы екінші деңгей бағдарламасының теориялық негіздерін кірістіру деп есептеймін. Сондықтан мен «Топтық жұмыс арқылы 9- сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін жетілдіру» мәселесін шешу үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан тобымызбен сұхбат жүргізу кезінде бұл жұмыстың сыныпты зерттеу арқылы сыныптағы үш оқушыны зерттеу, сауалнама алудан, қорытындылаудан, сұхбаттасудан және іс-әрекеттерді бейнежазбаға түсіруден тұратындығын қысқаша түсіндірдім. Сөздерімді құптай отырып, отырыс өткізу барысында көмек беретінін айтып, қолдау көрсетті.

Тақырыптың оқушылар үшін маңыздылығы оқу үдерісінде оқытылатын білім туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар бірлескен топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты көрінеді (МАН 78 бет). Мектепте қазіргі кезде қалыптасқан сабақ беру үдерістері сабақтың сапасын төмендетіп отырғаны белгілі. Бұрын мен көптеген технологияларды қолданып білім беру үдерісін өзгертуге тырысатынмын, бірақ көптеген технологиялар кейбір пәндерге келмейді. Көбінесе жеке оқушымен жұмысты талап етеді. Ал оқушыларға келетін болсақ, олардың ішінде жеке дарынды, қабілеті жоғары оқушылар ғана көрініп, көш басында жүреді. Яғни, мен көбінесе жақсы оқитын, дарынды оқушылармен жұмыс істейтінмін. Ал білім деңгейі төмен оқушылар тыс қалып, олардың іштеріндегі бар қасиеттері ашылмай қалады. Білім деңгейі төмен оқушылар тыс қалып отыратын. Олимпиадаларға, жобалар қорғауға т.б. білім сайыстарына ол оқушылар қатыспайды. Сондықтан сол оқушылардың деңгейін жоғарғы дәрежеге жеткізу менің мақсатым болып табылады.

Зерттеудің мaқсaты:

Оқушыларды топпен жұмыс істеу арқылы еркін ойлауына жол ашып, өз идеясын дәлелдей алуға дағдыландыру.

Зерттеудің міндеттері:

топтық жұмыстар арқылы тaпсырмaларын дaйындау үрдісінде ойлауға үйрету;

топтық жұмыс арқылы ойлау тәсілдерін жеке тұлғаға бағыттай жүргізу, бағыт беру;

топтық жұмыстың оқушы белсенділігіне қалай әсер еткендігіне бақылау жүргізу;

топтық жұмыстың тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің әдістері: жұмыстa теориялық әдістер, бaяндау, сaлыстыру, жүйелеу, тaлдaу, сарaптaу, қорыту, бaқылaу әдістері.

Күтілетін нәтижесі: Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі aрттырылaды. Әр оқушы топ мүшесі болa тұрa өзінің топтaғы орнын aнықтaй aлaды. Оқушы ынтымaқтaстығы aрттырылaды. Топтық жұмыс әр оқушының нaқты іс-әрекетін тудырaды, бірлесе жұмыс жaсaйды.

Белсенді әдіс-тәсілдердің оқушығa қалай әсер ететіндігі мені қатты толғaндырды. Іс-тәжірибеде қолдaнa отырып, топтық жұмыстың нәтижесін көргім келді. Сол себептен «зерттеуім жақсы нәтижелі болу үшін қалай істесем болады?» деген сұрақ барысында көп ойландым. Ойлана келе, зерттеуім оң нәтиже беруі үшін оқыту мен оқуға мынадай дағдыны және формаларды енгізуді жөн көрдім: оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылар орындауға тиісті жұмыстардың ойлау әрекеттерінің дамуына әсер етуіне баса назар аудару үшін алдыма мақсат қойдым.

Өзімнің оқыту, бағалау туралы көзқарасымды өзгертіп,оқушылардың да бағалау туралы ойларын қалыптастырып,сыныптағы қарым-қатынасты өзгертуге тырыстым.Егер әрбір мұғалім өз тәжірибесінде осы мәселені шешуге талпынса, онда бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. Мен зерттеуге 9 «Ә» сыныбын алдым. Бұл




сыныпта 32 оқушы оқиды. Оның ішінде 1 оқушы оқу үздііг, 15 оқушы екпінділер, ал қалған оқушы қанағаттандырлық.

Мектепке келгенде зерттеуіме оң әсер береді-ау деген кез-келген іс-әрекетіме тыңғылықты дайындала бастадым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер үйрету модулі бойынша топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлауын дамытуды көздедім. Сондықтан оқушыларыма зaмaн талабына сай білім беріп, жан-жақты дамып, білім алуына ықпал ететін мұғалім десем, бұл бағдарлама одан әрі қарай дамып, оқушыларыма осы жүйеде білім беретін болсам, оқушыларымның білім сапасы арта түсетiнін білдім. Бағдарлама мақсаты 7 мoдульдi сaбаққа қалай пайдалану арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өз ойлаpын жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы жүйелі дамыған оқушыны қалыптастыру болып отыр. Біз, бірінші бетпе-бетте алған білімімізді іс жүзінде іске асыра бастадық. Осы уақытқа дейін ашық және жарыс сабақтарында топқа бөліп жүретінмін, бірақ сайыс түрде топқа бөліп немесе тек қана аз тапсырма төңірегінде ғана тапсырма беретінмін. Ал бағдарлама бойынша алған білімім бойынша топқа қалай бөлу керектігін, топ ережесін құрып алу, топқа әр түрлі әдістермен бөлуге болатынын білдім. Бірінші күннен бастап санау арқылы, пазлдармен, түстер арқылы, стакандармен, теңгелермен, стикерлермен, 6 қалпақпен бірнеше топтарға бөлгенде өзіміз де балаша қуанып, көңіл күйіміз көтеріліп қалды. Топтарға бөлу арқылы курс барысында алатын білімдерді бірлесе отырып анықтап, топтар бір-бірімізді бағалауды, АКТ–ны, дарынды мен талантты анықтауды, сын тұрғысынан ойлауды, оқытудың жаңа тәсілдерін, оқытуда басқару мен көшбасшылық туралы, оларды қай жерде қалай пайдалануды түсіндім.

Іс-тәжірибе кезінде менің оқыту мен оқуға енгізген ең басты өзгерісім-сабақ жоспары. Сабақ жоспары Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай құрылуы. Осы арқылы ойлауға бағыттай алатыныма сенімді болдым.

Дәстүрлі сабақтар мен өзгертілген сабақтардың арасындағы айырмашылықтан байқағаным сабақтағы бағалау кезеңі болды. Оқушылардың бір-бірін бағалауы, топтық бағалау сабаққа деген белсенділіктерін арттыра түсті.

Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Кез келген істі жасағанда соған критерийлер қойып, сол талаптармен өздері бағалайды. Критерийлер жазылған бағалау парағы жұмыс орындарында жатты. Топтар бір-бірін бағалады. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (нұсқаулық 106 бет). Бағалаудың топтық үшін де маңызы зор. Өйткені бірін-бірі, сыныптас достарын, қарсылас топты бағалауда оқушылардың ойлау жүйесі де жұмыс атқарады.

Оқушының ойлануына топтық жұмыс қалай әсер етеді? Топтық оқыту үлгісі педагогикалық үдерісінің бір элементі болып табылады. Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің көрінісі болып табылады, бірлескен оқуға дағдыланады. Сабақ барысында топтық оқыту арқылы зерттелетін оқушылардың сенімділігін арттыру мақсатында А деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін сезіндіріп, көшбасшылыққа итермелеуді, В деңгейдегі оқушының А деңгейіне көтерілуіне жол ашуды, С деңгейдегі оқушының өзіне деген сенімін арттыруды көздедім. Іс-әрекетте өзіме зерттеуге алған А, В, С деңгейдегі оқушыларымды анықтап алу үшін мектебіміздің психологімен келісе отырып сыныптан «Қызығушылық сауалнамасын» алдық. Ондағы менің мақсатым: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын анықтау болды. Сaуaлнaмa қызығушылықты aнықтaуғa көмектесетін 5 сұрaқтан тұрaды. Әр сұрaққa оқушы «ия» немесе «жоқ», «кейде» деп жауап береді. «Ия» сұрақтарына 1 балл, «жоқ» жауаптарына – 0 балл, «кейде» 1 балл қойылады.Егер сауалнама қорытындысында 5 балл болса, ойлау қабілеттіліктерінің даму деңгейі жоғары, 3-4 балл – орташа деңгей, 0-2 балл – төмен деңгей. Сауалнама нәтижесінде көріп отырғандай шығармашылық қабілеттіктері Аружан жоғары, Азат орташа, Исмайл төмен. Соның ішінде А,В,С деңгейдегі оқушыларымды өздеріне білдірмей анықтап алдым. Сауалнаманың қорытындысының көрсеткіші мынадай болды. Әріптастерім мен мектеп психологымен бірлесе отырып А деңгейдегі оқушының білімі жетік, бірақ өзіне деген сенімі төмендеуі, көшбасшылық қасиеті дарыса, үлкен жетістікке жететінін шештік. Ал В деңгейдегі оқушы орташа деңгейде, бірақ одан әрі ізденсе, қазіргісінен де жоғары жетістіктерге қабілеті бар екені анық болды. С деңгейдегі оқушы білім деңгейін көтеруге қабілеті бар, бірақ көпшілік ортада өзін сенімсіз ұстайтынын білдім. Мен өзімнің сабақтарымды осы оқушыларымды белгілі бір нәтижеге жеткізгім келеді, сондықтан топпен жұмыс жасаттырып, өзіндік «Менін» танытқым келеді.

Айтикенова Аружан - оқу үздігі, Жолдасхан Азпт – оқу екпіндісі, Ондасын Исмайл – қанағаттандырлық. Аружан дарынды, ақылды, жан-жақты елгезек алғыр оқушы. Ол тек қана сабақта ғана алғырлық танытып қоймай, мектепішілік, аудандық барлық іс-шараларға белсене қатысады, қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сипаттамаға сай. Барлық сабақтарда қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырады, ол мұғалім берген тапсырманы толық орындап, жазып берсе болғаны.

Ал Азатқа келетін болсақ, қабілеті жоғары болғанымен, үйде ата-ананың қолдауы болмағаннан ба, өзін әр қырдан көрсете алмайды, бірақ тырысып бағады. Менің ойымша, көмекті қажет етеді. Сабақтарда қызығушылық танытпай, өз бетінше отырады. Бірақ мен сабақ сұрасам немесе сұрақ қойсам, жауап береді.

Исмайл үйдің кенжесі болғандықтан, ата-ананың «біз оны қатты қинамаймыз, асықпай үйрене жатар» деген сөзі әсер берді ме, бірден қабылдап алып кете алмады. Сабаққа деген қызығушылығы болмай, өз бетінше отырады.

Сыныпта өзімнің басты назарымды жоғарыда аталған оқушылардың іс-әрекеттеріне аудара отырып, тізбектелген сабақтар кезінде топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзгеруін анықтауға бар күшімді жұмсадым. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушы. Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіремін. Бұл жерде мен оқушыларыма сабақтың дәстүрлі түрде өткізбейтінімді, сабақ жаңаша өзгертілген түрде өткізетінімді айттым. Оқушыларды сабақты топқа бөліп өткізетінімді оның қаншалықты маңызды екенін түсіндірдім. Мен зерттеуімді бастамас бұрын сыныпта тәртіп болу үшін сендер ережені қалай құрар едіңдер? деген ой салдым, олар сабақта тәртіп болуын, бір-бірінің сөзін тыңдайтынын, шыншыл т,б ойларын айта отырып, өздері топ ережесін дайындап сыныпқа іліп қойды. Енді оқушыларға топқа жайдан-жай бөлінбейтіндерін түсіндіру арқылы, әр топқа сабақ барысында өзгертіле отырып, тапсырмалар берілетінін айттым. Сол тапсырмаларды бірлесе ынтымақтастықпен, бір-біріне қолдау көрсете отырып, білгендерін ортаға салып, бірігіп немесе іштерінен бір көшбасшы шығып отыру керектігін түсіндіріп кеттім. Берілген жұмыстарды орындау барысында қадағалап отыратынымды ескерттім және өзім топтық жұмыстарын бақылап, бәрінің белсене қатысқанын байқап, бағалап, қорытындылап, жіберген қателіктерге көңіл аудардым. Топтық жұмыстың мaңызды мәселелерінің бірі тaлқылaу, тaлдaу жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады. 1саты: Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет. Басқаның идеясына құрметпен қарау керек. Қағазға айтылған болжам, идеялар жазылғаны дұрыс. 2-саты: Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау, оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек. 3 саты: Топтық шешімнің талқылануы. Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады. 4-саты: Топ жұмысының қорытындысы талқыланады. Топтық жұмыстарда оқушылар арасында дәлелді пікірталастар орын  алады. Мұндай  пікірталастарда үлгерімі  нашар оқушы, қабілеті жақсы оқушылардан интербелсенді қарым-қатынас арқылы  білім алады. Әлеуметтік мәдени  теорияның   зерттеушісі  Лев Выготский  айтқандай, топтық  жұмыстарда  оқушылар  Жақын арада даму  аймағына   кіреді. Сол арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы  оянып,  білім алуына  қолайлы  жағдай  жасалады. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі жинақтаған топқа бөлу стратегияларының барлығын да оқушыларға пайдалану арқылы сабақтарымды түрлендіре өткіздім.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасында сыныпта психологиялық ахуал орнатқаннан кейін топтарға бөлдім. Әр топ өздеріне байланысты аттарын жазып қойып отырды. Өткенді пысықтап отырдым, онда А деңгейдегі оқушым Аружан үнемі қатысып отырса, В деңгейдегі оқушым Азат қызығушылық пайда болып, жауап беруге құлшыныс танытып отырды. С деңгейдегі оқушым Исмайл топпен жұмыста босқа отырды. Әр топ өздеріне топ мүшелерімен келісе отырып, топ басшысын сайлап алды, сол топ басшыларына бағалау парағы таратылды, ондағы мақсат – топтағы оқушылар әр тапсырмаға қатысуын қадағалап, фишка беріп отырды да, сабақ соңында фишкаларды санау арқылы бағасы шығарылса, басқа сабақтарда өзін-өзі бағалау, топтар бір-бірін бағалады.

Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі, оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. (МАН 11 бет) Мен мұғалім ретінде жылы шырай танытып,қолдау көрсетіп, ынталандырып сенің мына жұмысың керемет екен, сенің қолыңнан бәрі келеді деп формативті бағалауды пайдаланып отырдым. Іс-тәжірибеде оқушыларды сыни ойлауға үйрету барысында сабақтарымда сұрақтар қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын, ойлауларын дамыттым. Зерттеу кезінде байқағаным сабақта ашық сұрақтар неғұрлым көбірек қойылса, оқушыларға соғұрлым жоғары деңгейде ойлануларына әсерін тигізеді.

Соңғы сабақтарымда зерттеуге алған оқушылар өздерін жан жақты көрсете бастады. Аружан өзі ғана қатысып қоймай, енді айналасындағы балаларға көмек көрсетіп, белсенділік танытып отырды. Азат осыған дейін үндемей отырып, сұраса ғана жауап беріп отырса, жаңа форматты сабақта үй жұмысын дайындап келіп, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, постерге өз білгенін түсіріп, топпен бірге жауап берді. Исмайл автор туралы оның мысалдарының көп екенін айтып өтті. Аружан бaрлық cабақта белcенділік тaнытaды. Өйткені oл оқушының ой-өрісі жоғары дамыған. Бұpынғыcынaн кішкене бoлca дa aшылa түcті. Үй жұмыстарын орындап, жаңа сабақтың мақсатын ашып, әр тапсырма барысында белсене қатысып отырды. Айналасындағы оқушыларды да өзіне қарата білді, тіпті өзінің көмегін де айамады, әлі келгенше білгендерін түсіндіріп те жатты. Үздіксіз жұмыс жүргізіп отырсаң, ол оқушы дарынды оқушылар қатарына айналады. Әр сaбaқ caйын бaқылaу жүргізу кезеңінде Аружанның іс-әрекетіне, oқуғa деген ынтacына көп көңіл бөлдім. Oқушы өте жaуaпты және тәртіпті. Әр сaбaқ сaйын, оқушы ізденіп, толық жауап беруге тырысaды. «Жaқсының жaқсылығын aйт, нұры тaсысын», - демекші, ынталaнғaн оқушыны aлғa тaртып, еңбегін бaғaлaған дұрыс, Исмайлды жеке бaқылaп oтырдым. Бірінші күнгі сaбaқтa Исмайл сaбaққa қaтыспaсa, екінші, үшінші сaбaқтaрдa өзгеріс пaйдa болa бaстaғaнын бaйқaдым. Сaбaқтa сыныптaстaрымен бірге еркін aрaлaсa бaстaды. Азат өзінің қaбілетін енді көрсетіп келеді. Бaғaлaу бaрыcындa Азат caбаққa қaтыcып, жaқcы деген бaғаны aлғaнын бaйқaдым. Ол жүзі бaл-бұл жaнып, қуaныш сезімі бaйқaлды. Сaбaққa қызыққaны сoншaлықты кез-келген тaпсырмaны oрындaғaн сaйын, өз oйын қысқa бoлсa дa, жеткізе білді. Сабақтарымда әр өтілген тақырыптарға слайдтар дайындап, итерактивті тақтадан көрсетіліп отырды.

Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігін былайша топтастырдым:

 1.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, бірлесіп жұмыс жасайды.

 2. Бір-бірінің пікірін тыңдайды.

 3. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, жауапкершілігі артады. Бір-біріне  құрметпен қарауға ұмтылады. 

4. Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін-бірі әділ бағалауға ұмтылады. Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.

5. Достарының ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.

6. Белсенді шығармашылықты ойлауға, ізденіске негіз қаланады.

Сонда  модульдердің біразын осы топтық жұмыстар арқылы оқыту  тиімді болып келді. Атап айтсам, талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау  модулімен жұмыс жасау кезінде осы топтық жұмыстар арқылы осы модульдермен жұмыс жасау оңайға түсті.

Oқушыларының  өзгеpуі,  сыныптың да, мектептің өміріне де өзгерістер енгізіледі деген үміттемін, өйткені осы оқушылар мектептің қоғамдық жұмыстарына  белcенділік танытады, зияткерлік сайыстар мен ойындарға қатысып мектепің мәртебесін одан әрі арттыратына сенемін. Әрине, бір айлық практика аралығында  үлкен  нәтижелерге  қол жету мүмкін емес. Бірақ та осы жетістіктерге жету жолында алғашқы қадамдар жасалып, іс-әрекеттер жүргізілуде. Менің ойымша, оқушылардың білім алу, әрекеті ой қозғаудан басталады. Ойлану барысында адам әр нәрсеге өзінің көзқарасын білдіреді. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруы және оны тәжірибе жағынан пайдалануы өте маңызды үдеріс деп есептеймін. Сабақ барысында оқушылар орындаған тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан айырмашылығы  оқушылардың сабақ үдерісіне белсенді қатысуы. Жаңа білімді өз бетінше игеріп, ойларын  құрбы-құрдастармен талқылап, қорытынды шығарып, оны қорғап дәлелдейді. Оқушы рөлі орындаушыдан баяндаушы, бақылаушы және де бағалаушыға ауысып отырады. Сабақ оқушылардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ мектеп суы жоқ диірменмен бірдей” деп айтқан. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор. К.Д.Ушинский „сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды” деп ескертті. Жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарда  жаңа  ресурстарды қолданып отырдым, олар А3 форматындағы қағаздар, маркерлер, кері байланыс парақтары. Бұл ресурстарды пайдалануымның себебі, бірінші «Бетпе -бет» кезінде осы ресурстарды өзіміз қолданып  жұмыс жасадық. Олардың маңыздылығын түсініп, өзімнің тәжірибеме енгіздім Слайдтар, флипчарттар, сондай-ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятатынын және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп беретіні ұнады. Бұдан басқа сабаққа қажетті кестелер, дидактикалық материалдар, топтық бағалау, критериалды бағалау парақтары, рефлексия жазғызу парақтары жай сөзбен емес, электронды жазылған түрінде беріліп отырды. Іс-әрекетті зерттеу аясындығы өткізген сабақтарымның барлығын бейнежазбаға түсірдім. Бейнежазбаларды топ ішіндегі жұмыс, зертеуге алынған оқушылардың іс-әрекеті, сыныппен жалпы жұмыс жазып алынды. Осы бағдарлама бойынша oқу барысында мұғалім ретінде менің жұмысымда не өзгерді?

- өзімде өзгеріс болды, яғни oқу және oқытудың жаңа нысанына көшуге деген oң көзқарасым қалыптасты;

-«мұғалім-oқушы» қатынасынан, «oқушы-oқушы» қатынасына көшу қажеттігін түсіндім;

- сабақ құрылымын жоспарлауым өзгерді;

- көп тыңдап, аз сөйлеуді үйрендім;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, АКТ-ы сабақта пайдалануды білемін деп жүрсем де, әлі білмейтіндерім де көп екен. Курсқа келіп порталға кіруді үйрендім. Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі интернет арқылы әріптестеріммен байланыс жасап отырдым;

- бағалау жүйесі өзгерді (суммативті бағалауға қарағанда оқыту үшін бағалаудың ролін түсіндім);

- білім берудегі жаңа әдіс тәсілдерді меңгердім.

Бірақ іс-тәжірибеде барлығы оңайға түспеді, әрине қиыншылық пен кедергілер қоса жүрді. Менің өзіме қысқа мерізімді жоспарды құрғанда, Блум токсаномиясына салғанда, тізбектелген сабақтарымды өткізу кезінде, оқушылардың шулап кетуі байқалды. Менің өткізген бірінші сабағым кереметтей жетістіктерге жеткен жоқ. Оның себебі жоғарыда айтып кеткендей топқа бөлгенде, ашық сұрақ қойғанда, постер қорғау кезінде оқушылар көп ойланып отырып қалды. Тақтада постерлерін қорғағанда қысқа жауаптар алуым.

Іс-әрекеттегі зерттеу алда мектептерімізде жүзеге асырылып, оқушының жетістіктері мен дaму қaрқынынa септігін тигізіп, даму қарқынының үстінде. «Lesson study» зерттеу топтары құрылып, сабақтар тартымды, білім сапасы артуда және де ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларды күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады» (Smith and MacGregor, 1992)


Біздің түйген ойымыз:

  1. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстың маңызын білдім;

  2. Сабақты Блум таксономиясы арқылы жоспарлауды үйрендім;

  3. Тәлім алушымен дұрыс қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландым;

  4. Үш балаға зерттеу жасай отырып, әр балаға ерекше көңіл бөлу керектігіне көз жеткіздім;

  5. АКТ-ны қолдану балалардың қызығушылығын оятатынына көз жеткіздім;

  6. Формативті бағалау оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратынын байқадым;

Осы нәтижелерім бойынша топтық жұмыс тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге мынадай тұжырымдарымды ұсындым:          

- Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау керек.

- Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.

- Кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдету үшін әріптестермен пікір алмасу қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып,тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет. 

- Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйеніп, өмірден мысалдар келтіре отырып, олардың үлкен қызығушылығын тудыру қажет.

- Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет.

 - Оқушылардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттыру қажет. Оларға сенім артудан тартынбау керек.

Осы ұсыныстарды айта отырып, мен болашақта өзімнің зерттеу тақырыбым бойынша тақырыбымда (кездескен кемшіліктер мен кедергілерді ескере отырып) әрі қарай жетілдіру үшін болашақта мектебімде жалғастырамын. Мектептегі тәжірибе кезеңінде коучингке қатысқан және басқа да ынта танытып отырған мұғалімдердің тәжірибесіне осы тәсілдермен, яғни Екінші деңгей бағдарламасы бойынша алған біліміммен өзгеріс енгізуге көмек беруім керек деген шешімге келдім.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Екінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Екінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014

3.Мектептегі Іс-әрекетті зерттеу әдістемеләк құрал.Алматы,2013 Қудайбергенева.К.С.



Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!