К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектепте өтетін 1940-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығы күнін мерекелеуге байланысты мерекелік іс-шараның сценарийі.Жеңіс күніне байланысты музыка ойнап тұрады.Келген қонақтарды қарсы алып жайғастыру.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар бүгінгі салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздерТәлімгер: С.ЖарқымбековаСыныптарды сапқа тұрғызады, сыныптардан рапорт қабылдайдыМемлекеттік ту салтанатты жиынға кіргізіледі.Мемлекеттік ән ұран орындалады.Рапорт беріледі.1-жүргізуші: Армысыздар арқалы ағайын, мейірі шексіз аға буын, елінің азаттығы үшін, елім деп еңіреп, етігімен су кешкен, Отаны үшін кеудесін оққа тосқан, жеңістің куәгерлері!2-жүргізуші:Армысыздар, жасампаз елдің жарқын болашағы жастар, біздің бүгініміз, Отанымыздың аяулы перзенттері мен ұлағаты мол ұстаздар!1-жүргізуші: Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.1-жүргізуші:Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер – майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерік – жігер таныта білді.2-жүргізуші:Ұлы Отан соғысына біздің өңірден 23 мыңнан астам азамат аттанып, соның 11 мыңнан астамы майдан даласында мәңгілікке қалды. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында Ұлы отан соғысының санаулы ардагері тұрады, соның ішінде Жаңабазар ауыл округіне қарасты елді мекендерде 3 соғыс ардагері тұрады. Атап айтсақ Сапарбеков Омар – Жаңаталап елді мекенінде, Қарымбаев Құттыбай, Жузеев Исабай – Үлгілі елді мекенінде тұрады.1-жүргізуші: Жерлестеріміздің фашизм жендеттерімен болған шайқастарда намыс туын жоғары ұстай білгеніне тарих куә. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған 16 шымкенттік жерлестерімізді мақтан етеміз.
2-жүргізуші: Қай кезде де алдыңғы сапта болып, туған жерімізде бейбітшілік пен достықты, татулықты орнықтырып жүрген Сіздерге бүгінгі ұрпақтар атынан алғысымызды білдіріп, басымызды иіп, 1 минут үнсіздік пен еске аламыз.1-жүргізуші:Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Қамбаров Нұрлан ағайға береміз 2-жүргізуші: Сіздердің ерліктеріңіз бен батылдықтарыңыздың, еңбекке деген ынта – ықыластарыңыздың, Отанымыз бен бүкіл адамзатқа жанашырлықтарыңыздың нәтижесінде біз әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері 73 жыл ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп келеміз. Келесі құтықтау сөзін еңбек ардагері Лес ата сонымен қатар, Мадияр ата, береміз. 1-жүргізуші: Бұл соғыстан қазақтар, Ерекше ер боп келген күн. Тарихқа талай ғажаптар, Аңыз болып енген күн- дей келе батыр апаларымыз Жұмагүл апа, Дәмеш апа, Әсем апаларға сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші:Мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға мол ризық, береке, елімізге бейбітшілік тілейміз! 2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымызда арнайы орайластырылған 1,2 – сынып оқушыларын «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсімін бастаймызТәлімгер 1,2-сыныптардан ант қабылдайды.2-жүргізуші:Құрметті қонақтар сіздерді «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір төс белгіні тағу рәсіміне шақырамыз.Жас қыранға өтетін оқушыларға төс белгі тағылады.
1-жүргізуші:Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер «Жас қыран» деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа – дей отырып бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданған ұландарымызды шын жүректен құттықтаймыз.Тәлімгер салтанатты жиынды аяқтау үшін оқушыларды сапқа тұрғызады.Мемлекеттік ту мерекелік іс-шарадан шығарылады.2-жүргізуші:Мектеп директорының тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары С.Жүзбаевқа сөз кезегін береміз Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын! - деген ниетпен мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.
Гүл шоқтарын тапсыруға рұхсат.
Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлерге қойылған екерткішке гүлшоқтарын қойып, құран бағыштау.