Материалдар / 9-сынып "Бәйтерек поэмасындағыавтордың мәңгілік мұратқа бағытталған ел тағдырына көзқарасы" тақырыбы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

9-сынып "Бәйтерек поэмасындағыавтордың мәңгілік мұратқа бағытталған ел тағдырына көзқарасы" тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып "Бәйтерек поэмасындағыавтордың мәңгілік мұратқа бағытталған ел тағдырына көзқарасы" тақырыбы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2024
268
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

"Бәйтерек" поэмасындағы автордың мәңгілік мұратқа бағытталған ел тағдырына көзқарасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Бағалау критерийі

Шығармадағы автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтайды


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану, талдау

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тақырыпқа қатысты сурет қиындылары арқылы

4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттер туралы айтып өтеді.


Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Қызығушылықты ояту. Топтық жұмыс.

«Сөздік гол» ойыны.

Оқушылар сынып бөлмесінің бұрыштарына жасырынған сөздердің анықтамасын табады.

Түсіндіру жолы:

Сынып бөлмесіне 4 жерге сандық ұғымды білдіретін (сурет) бүктеме парақшаларды іліп қою.

Оқушылар Mtdi.kz сайты арқылы сөздердің анықтамасын табады.Бұл ойын оқушылардың лексикалық қорларын дамытуға септігін тигізеді.Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты болады. Оқушылар өз бойындағы жетістік пен кемшілікті біліп отырады.

Ойын шарты бойынша екі суретте жазылған сөздерді параққа ретімен түсіріп, анықтамасын жазып, сөйлем құрау.Ретімен анықтамасын тапқан топ «гол» деп белгі береді.

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

пір


қолдап-қорғаушы рух, аруақ.


Құлқын



тамақ, кеңірдек


Қара бастың қамы


өз пайдасы


Пақыр


халі мүшкіл байғұс, сорлы.


Томаға


қыран құстың көзін жауып тұру үшін басына кигізіп қоятын былғары тұмылдырық.


Тулақтай


жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері.


Тарпаңдай


жабайыланып кеткен жылқы.


Ғазауатқа



мұсылман діні жолындағы қасиетті соғыс.


Дескриптор:

  • жасырынған сөздерді рет-ретімен дұрыс таба біледі;

  • сөздерге берген анықтамалары сөздікпен сәйкес келеді;

  • құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті.

ҚБ

Оқушыларды тақырыпқа қатысты сурет қиындылары арқылы

4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттер туралы айтып өтеді.







ҚБ
























ҚБ




















ҚБ






9-сынып қазақ әдебиеті






















Сабақтың ортасы






Мағынаны тану. Топтық жұмыс. Оқушылар мұғалім құрастырған сұрақтарға жауап береді. Олар өз жауаптарын серіктестерімен талқылайды.

Мұғалім оқушыларға өлең туралы сұрақтары жазылған тапсырма парақтарын таратады. Олар Блум Таксономиясы арқылы бөлінуі қажет. Оқушылар сұрақтарды талқылап, сыныпқа таныстыратын топтық шешім (жауап) қабылдайды.

1-2 топтарға:

Бағалау

Поэмадағы азаттық, тәуелсіздік ұғымдарына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Жинақтау

Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты неде? Поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?

Талдау

Автор поэмада қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын қалай бейнелеген?

Қолдану

. Өлеңде Елбасы бейнесі қалай бейлеленген?

Түсіну

Автор поэмаға өзекті оқиғаны арқау еткен бе? Бұл оқиға бүгінде өзекті ме? 2 мысал келтіріңіз.

Білу

Өлеңнің идеясы неде? Автор идеясын қалай жүзеге асырған?

3-4 топтарға:

Бағалау

Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Маралтай Ыбыраевтың «Көшбасшы» поэмасындағы ортақ идеяны салыстыр

Жинақтау

Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан?

Талдау

Авторды осы туындыны шығаруға не итермеледі?

Қолдану

Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап. Қыл қобыздай, алмастай жарқылдаған, пайғамбардай, ошақтың үш бұтындай, сиырдың бүйрегіндей, ұршықтай, көкжалдай-теңеу, Алатаудың мұзбалағы, Сарыарқа сайын дала-жер кіндігі, Нұрсұлтан-арқа тірек, алтын діңгек, халқы-бала, самсаған қара орманым-байтақ елім-метафора, қызыл тіл, ақ қағаз алтын қалам, ақ сарай, қара қылды, көк дауылы, көк семсер, сайын дала, қара орманым-эпитет).

Түсіну

Автор поэмаға өзекті оқиғаны арқау еткен бе? Бұл оқиға бүгінде өзекті ме? 2 мысал келтіріңіз.

Білу

Поэмада ұлттық құндылықтар мен адами құндылықтарды көрсететін үш дәлел келтіріңіз.

Оқушылар жұмыстарын сыныпқа таныстырады. Өз жұмыстарын дескрипторларға сәйкес бағалайды.

Дескриптор:

  • поэмада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырады;

  • авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды;

  • жалпыадамзаттық құндылықтардың шығармадағы көрінісін талдайды.

ҚБ

2-тапсырма. Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтаудағы ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.

Авторға тән қасиеттер

Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі








Дескриптор:

  • поэмадағы автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтайды;

  • өз ойын мысалдармен дәлелдейді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!