Материалдар / 9-сыныпқа арналған бақылау жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9-сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа арналған бақылау жұмысы Оқылым 1- нұсқа Отбасы - тәрбие бастау Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге және т.б қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
926
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-сыныпқа арналған бақылау жұмысы №1

Тыңдалым

1-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.

1. Рабиғаның туған жері –...

а) Орал қаласы

ә) Омбы қаласы

б) Алматы қаласы

2. Рабиғаның әке-шешесінің туған жері –...

а) Қазақстан

ә) Ресей

б) Өзбекстан

3. Рабиғаның әке-шешесі Алматының қай жерінде тұрады?

а) қаланың шетінде

ә) орталықта

б) әуежай жақта

4. Рабиғаның ... бар.

а) әке-шешесі, інісі, сіңлісі

ә) ағасы, әпкесі, сіңлісі

б) нағашысы, қарындасы, інісі

5. Рабиғаның інісі –...

а) инженер

ә) мұғалім

б) іскер

6. Рабиғаның сіңлісі ... жұмыс істейді.

а) мектепте

ә) дүкенде

б) банкте

7. Рабиғаның туыстарының ішінде кім ғалым болған?

а) сіңлісі

ә) жолдасы

б) әкесі

8. Рабиғаның өз отбасында неше адам бар?

а) төрт

ә) бес

б) екі

9. Рабиғаның қыздары ... оқиды.

а) колледжде

ә) университетте

б) мектепте

10. Рабиғаның өз отбасы қандай?

а) өте үлкен

ә) шағын және тату

б) тату емес



Оқылым

1- нұсқа

Отбасы - тәрбие бастау

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге және т.б қасиеттерді қалыптастыру жатады.


Мәтін бойынша тест

1. Отбасы адам үшін қандай орта?

А) Қоғамдық орта

В) Әлеуметтік орта

С) Отбасылық орта

D) Жалпы орта

E) Жеке орта

2. Отбасында бала нені игереді?

А) Мінез-құлық нормаларын

В) Салт- дәстүрді

С) Әдет- ғұрыпты

D) Ән салуды

Е) Жұмыс істеуді

3. Отбасының басты қызметі не?

А) Оқыту

В) Ағаш отырғызу

С) Баланы тәрбиелеу

D) Тамақтандыру

Е) Киім әперу

4. Баланың болашағына кімдер жағдай жасау керек?

А) Достар

В) Туыстар

С) Мұғалім

D) Мектеп

Е) Ата- ана

5. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,- деген мақал не туралы?

А) Мектеп туралы

В) Отан туралы

С) Жануарлар туралы

D) Отбасы туралы

Е) Ел туралы







2- нұсқа

Үлкенді сыйлау

Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.


Мәтін бойынша тест

1. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет?»,- деген мақал не туралы?

А)Отан туралы

В) Сыйлау, сыйластық туралы

С) Мектеп туралы

D) Табиғат туралы

Е) Сұлулық туралы

2. Үлкенді сыйлау неден басталады?

А) Әке мен шешені сыйлаудан

В) Мектепке барудан

С) Кітап оқудан

D) Балабақшаға барудан

Е) Достасудан

3. Мәтіндегі 9-шы сөйлемнің мағынасына сай мақалды тап?

А) Отан оттан да ыстық

В) Туған жер- алтын бесік

С) «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың»

D) Отан үшін оттай күй

Е) Бірлік түбі - береке

4. Ата- ана алдындағы баланың парыз қандай?

А) Зәулім үй әперу

В) Көлік әперу

С) Туыстарымен қатынасуы

D) Достарының көп болуы

E) Адам болып қалыптасуы

5. Есейген баланың жігіт болғанын қайдан білуге болады?

А) Үй сатып алса

В) Ата- анасына қамқоршы болса

С) Жұмыс істесе

D) Сабақ оқыса

Е) Тентек болса



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!