Материалдар / 9 сыныптарға бжб
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сыныптарға бжб

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып сабақ беретін мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2019
3812
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


















«Химия» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

9-сынып























Нұр-Сұлтан 2019


Page 2

2
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша
жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу
бағдарламасы негізінде дайындалған. 9-сыныпта жиынтық бағалау 1,2,3 және 4-тоқсандарда
өткізіледі.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп
әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп,
өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


Page 3

3
МАЗМҰНЫ
І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТ ЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН Т АПСЫРМАЛАР .............. 4
9.1A «Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................... 4
9.1В «Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ......................... 4
9.1С «Химиялық реакция жылдамдығы», 9.1D «Қайтымды реакциялар»........................................................... 11
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау .................................................................................................................... 11
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИ ЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНА ЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 18
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................ 18
9.2В «Металдар мен құймалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................................................... 25
9.2С «1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау........................................................................................................................................................................ 31
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША Ж ИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРН АЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 38
9.3А «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау ....................................................................................................................................................... 38
9.3В «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ....................................... 45
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИ ЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНА ЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 50
9.4А «Органикалық химияға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................................................ 50
9.4С «Оттекті және азотты органикалық қосылыстар» ........................................................................................ 60
бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................................................................................................... 60


Page 4

4
І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТ ЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒА Н ТАПСЫРМАЛАР
9.1A «Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.4.1.4 Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар
заттардың электролиттік диссо циациялану
механизмін түсіндіру
9.4.1.6 Қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялану теңдеулерін
құрастыру
9.2.2.1 Алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және
иондық түрде құрастыру
9.3.4.1 Қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта
тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция
теңдеулерін молекулалық және иондық түрде
құрастыру
9.3.4.5 Орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

Бағалау критерийі Білім алушы
 Иондық байланысы бар заттардың электролиттік
диссоциация механизмін түсіндіреді
 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі
кластарының өкілдері үшін диссоциациялану
үдерісінің реакция теңдеулерін құрастырады
 Нәтижесінде тұнба, газ және су түзілетін заттардың
өзара әрекеттесуінің реакция теңдеулерін
құрастырады
 Қысқартылған иондық теңдеу бойынша
молекулалық және толық иондық теңдеу лерін
құрастырады
 Ұсынылған сызба бойынша гидролизге ұшыраған
тұздың құрамын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

4. (а) Төмендегі суретте көрсетілген процесті атаңыз:__________________________

(b) Жоғарыда ұсынылған заттың химиялық байланыс түріне сәйкес диссоциациялану
механизмін түсіндіріңіз:


Page 5

5
2. Ұсынылған қосылыстардың мүмкін болатын электролиттік диссоциациялану теңдеулерін
жазыңыз:
Н3PO4 , Al2(SO4)3,Ca(OH)2, NaHCO3, KOH, H2SiO3, Fe(OH)3

Қосылыстар Химиялық реакция теңдеуі
Қышқыл
Негіз
Орта тұз
Қышқылдық тұз

3. Берілген заттардың ішінен реакция нәтижесінде тұнба, газ және су түзілетін реакцияны
анықтай отырып, молекулалық , иондық және қысқартылған теңдеулерін жазыңыз:
натрий гидроксиді, азот қышқылы, темір (ІІІ) хлориді, калий карбонаты.

Реагент 1 Реагент 2 Химиялық реакция теңдеулері










4. Берілген қысқартылған иондық теңдеуге сәйкес келетін молекулалық және толық иондық
теңдеу құрыңыз:
(a) SiO3
2-
(с.е..) + 2H
+
(с.е.) →H2SiO3(қ)
___________________________________________________________________________

(b) Al(OH)3(қ)+3H
+
(с.е.)→ Al
3+
(с.е.)+3H2O(с)
___________________________________________________________________________

(c) H
+
(с.е.)+OH
-
(с.е..) →H2O(с)
___________________________________________________________________________

(d) CO3
2-
(с.е.) + 2H
+
(с.е..)→CO2(г) +H2O(с)
___________________________________________________________________________

5. Төменгі сызбада тұздың гидролизі көрсетілген. Оның құрамын болжаңыз:
Х
3+
+ Н2О→ХОН
2+
+ Н
+

Е
2-
+ Н2О→НЕ
-
+ ОН
-
(i) Қосылысты анықтаңыз:
Катион: ____________________________________________________________________
Анион: _____________________________________________________________________
Қосылыстың атауы мен формуласы: ____________________________________________
(іі) Өз жауабыңызды гидролиздің молекулалық және иондық теңдеулерімен растаңыз:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(iii) Осы тұз ерітіндісінің ортасын анықтаңыз:
___________________________________________________________________________


Page 6


Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Иондық байланысы
бар заттардың
электролиттік
диссоциация
механизмін
түсіндіреді

1 суретте көрсетілген процесті атайды; 1
су молекулаларының полярлығы
тұрғысынан суретте бейнеленген
механизмге түсініктеме береді;
1
кристалл тордағы байланыстардың үзілуі
тұрғысынан суретте бейнеленген
механизмге түсініктеме береді.
1
Бейорганикалық
қосылыстардың
негізгі кластарының
өкілдері үшін
диссоциациялану
үдерісінің реакция
теңдеулерін
құрастырады
2

ұсынылған тізімнен қышқылдың
диссоциациялану теңдеуін құрастырады;
1
ұсынылған тізімнен негіздің
диссоциациялану теңдеуін құрастырады;
1
ұсынылған тізімнен орта тұздың
диссоциациялану теңдеуін құрастырады;
1
ұсынылған тізімнен қышқылдық тұздың
диссоциациялану теңдеуін құрастырады.
1
Нәтижесінде тұнба,
газ және су түзілетін
заттардың өзара
әрекеттесуінің
реакция теңдеулерін
құрастырады
3 тұнбаның түзілуінің молекулалық, иондық
және қысқартылған иондық теңдеулерін
құрастырады;
1
газдың түзілуінің молекулалық, иондық
және қысқартылған иондық теңдеулерін
құрастырады;
1
судың түзілуінің молекулалық, иондық
және қысқартылған иондық теңдеулерін
құрастырады.
1
Қысқартылған иондық
теңдеу бойынша
молекулалық және
толық иондық теңдеу
құрайды
4 (а) қысқартылған теңдеуі бойынша
молекулалық және толық иондық теңдеуін
құрастырады;
1
(b) қысқартылған теңдеуі бойынша
молекулалық және толық иондық теңдеуін
құрастырады;
1
(с) қысқартылған теңдеуі бойынша
молекулалық және толық иондық теңдеуін
құрастырады;
1
(d) қысқартылған теңдеуі бойынша
молекулалық және толық иондық теңдеуін
құрастырады.
1
Ұсынылған сызба
бойынша гидролизге
ұшыраған тұздың
құрамын анықтайды
5 белгісіз тұздың катионын анықтайды; 1
белгісіз тұздың анионын анықтайды; 1
тұздың құрамын және атауын жазады; 1
гидролиздің иондық теңдеуін құрастырады; 1
гидролиздің молекулалық теңдеуін
құрастырады;
1
тұз ерітіндісінің ортасын анықтайды. 1
Барлығы 20


Page 7

2
9.1A «Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Иондық байланысы бар
заттардың электролиттік
диссоциация механизмін
түсіндіреді
Иондық байланыс түрімен
электролиттік диссоциация
механизмін түсіндіруде
қиналады
Процесті анықтауда/байланыстардың
үзілуі тұрғысынан суретте
бейнеленген механизмге түсініктеме
беруде қателіктер жібереді
Иондық байланыс түрімен
электролиттік диссоциация
механизмін атайды және
түсіндіреді
Бейорганикалық
қосылыстардың негізгі
кластарының өкілдері
үшін диссоциациялану
үдерісінің реакция
теңдеулерін құрастырады
Бейорганикалық қосылыстардың
негізгі кластарының өкілдері
үшін диссоциациялану үдерісінің
реакция теңдеулерін құрастыруда
қиналады
Қышқылдың / негіздің / орта тұздың
/қышқылдық тұздың диссоциациялау
теңдеуін құрастыруда қателіктер
жібереді
Бейорганикалық қосылыстардың
негізгі кластарының өкілдері үшін
диссоциациялану үдерісінің реакция
теңдеулерін құрастырады
Нәтижесінде тұнба, газ
және су түзілетін
заттардың өзара
әрекеттесуінің реакция
теңдеулерін құрастырады
Нәтижесінде тұнба, газ және су
түзілетін заттардың өзара
әрекеттесуінің реакция
теңдеулерін құрастыруда
қиналады
Тұнбаның /газдың /судың түзілуінің
молекулалық, иондық және
қысқартылған иондық теңдеулерін
құрастыруда қателіктер жібереді
Нәтижесінде тұнба, газ және су
түзілетін заттардың өзара
әрекеттесуінің реакция теңдеулерін
құрастырады


Page 8

3
Қысқартылған иондық
теңдеу бойынша
молекулалық және толық
иондық теңдеулерін
құрастырады
Қысқартылған иондық теңдеу
бойынша молекулалық және
толық иондық теңдеулерін
құрастыруда қиналады.
Қысқартылған теңдеуі бойынша
ерімейтін кремний қышқылының/
алюминий тұзының сулы ерітіндісінің
/ су / көміртек диоксидінің
молекулалық және толық иондық
теңдеуін құрастыруда қателіктер
жібереді
Қысқартылған иондық теңдеу
бойынша молекулалық және толық
иондық теңдеулерін құрастырады
Ұсынылған сызба
бойынша гидролизге
ұшыраған тұздың
құрамын анықтайды
Сызба бойынша гидролизге
ұшыраған тұздың құрамын
анықтауда қиналады
Белгісіз тұздың катионын/ анионын
анықтауда/ тұздың құрамын және
атауын атағанда/гидролиздың
иондық/ молекулалық теңдеулерін
құрастырғанда/ тұз ерітіндісінің
ортасын анықтауда қателіктер
жібереді
Ұсынылған сызба бойынша
гидролизге ұшыраған тұздың
құрамын анықтайды


Page 9

4
9.1В «Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 9.4.1.8 Li
+
, Na
+
, K
+
, Ca
2+
, Sr
2+
, Ba
2+
, Cu
2+
металл
катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу
реакциясын жүргізу және сипаттау
9.4.1.9 Fe
2+
, Fe
3+
, Cu
2+
катиондарын анықтау үшін сапалық
реакция жүргізу
9.4.1.10 Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-,
фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық
реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион
алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
9.4.1.11 Белгісіз заттардағы катион және аниондарды
анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны
практикада жүзеге асыру;
9.2.3.1 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген
реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу.

Бағалау критерийі Білім алушы
 Металл катиондарының сапалық сипаттамаларын
анықтайды
 Fe
2+
, Fe
3+
, Cu
2+
тұздарынан түзілетін ерімейтін
қосылыстардың түсі мен құрамын көрсетеді
 Ұсынылған аниондарды анықтайтын реагенттерді
анықтайды, қысқартылған иондық теңдеулерін
құрастырады, қосылыстардың түстерін көрсетеді
 Эксперименттік деректерді бағалайды және белгісіз
заттың құрамын анықтайды
 Химиялық реакция кезінде түзілетін тұнбаның
массасын есептейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну/
Қолдану
Орындау уақыты

20 минут
Тапсырма

1. Отшашуларда әр түрлі түстерді шығару үшін металдардың тұздарын қолданады. Жалынның
боялуы «Құрғақ тәсіл» әдістерінің бірі металл катиондарына сапалық реакция болып
табылады. Берілген суреттегі отшашудан Na
+
, Ba
2+
, Ca
2+
иондарының түстерін
анықтаңыздар:

сары сары - жасыл қызыл кірпіш


Page 10

5


2. Химиялық стақандарда Cu
2+
, Fe
3+
және Fe
2+
иондарының тұз ерітінділері берілген.
Стақандардағы тұз ерітінділеріне бірнеше тамшы NaOH ерітіндісін тамызғанда тұнба
түзіледі. Cu
2+
, Fe
3+
және Fe
2+
тұнбаларының түстерін анықтаңыз:



Cu
2+
Fe
3+
Fe
2+
Түсі
Құрамы

3. Ұсынылған иондарға сапалық реакцияны анықтайтын реагенттер мен қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңыз және түрлі - түсті қаламдарды пайдалана отырып реакция нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді бояңыз:

Иондар Аниондарды
анықтайтын
реагенттер
Қысқартылған иондық теңдеу Байқалған
өзгерістер
нәтижесі
І
-



SO4
2-



Br
-


PO4
3-



CO3
2-



NO3
-



Page 11

6
Cl
-



SiO3
2-




4. Зертханада белгісіз заттың сулы ерітіндісі дайындалды. Алынған ерітіндіге бірнеше
миллилитр натрий гидроксидінің ерітіндісін және алюминий фольгасының бірнеше бөлігін
қосып, алынған қоспаны спиртшам жалынының үстінен қыздырды. Нәтижесінде өткір иісі
бар газ пайда болды. Ылғал қызғылт лакмус қағазын бөлінген газы бар сынауыққа салған
кезде көк түске боялды. Белгісіз құрғақ заттың бір бөлігін жанарғының жалынына апарғанда
жалын сары-жасыл түске боялды.
(i) Сапалық талдау нәтижесінде анықталған затты анықтаңыз.

Катион
Анион

(ii) Тұздың формуласы және атауы: ____________________________________________
Берілген ерітіндідегі катионды қандай сапалық реакцияның көмегімен анықтауға
болатынын көрсетіңіз?
________________________________________________________________________

5. Құрамында 11,1 г кальций хлориді және 35 г қорғасын (ІІ) нитраты бар екі ерітіндіні
қосқанда түсетін тұнбаның массасын есептеңіз:









Page 12

7
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Бал
л Білім алушы
Метал катиондарының
сапалық сипаттамаларын
анықтайды

1 отшашуға сары түс беретін катионды
анықтайды;
1
отшашуға жасыл - сары түс беретін
катионды анықтайды;
1
отшашуға қызыл - қоңыр түс беретін
катионды анықтайды;
1
Fe
2+
, Fe
3+
, Cu
2+
тұздарынан
түзілетін ерімейтін
қосылыстардың түсі мен
құрамын көрсетеді

2 Cu
2+
тұзынан түзілетін тұнбаның түсі мен
құрамын көрсетеді;
1
Fe
3+
тұзынан түзілетін тұнбаның түсі мен
құрамын көрсетеді;
1
Fe
2+
тұзынан түзілетін тұнбаның түсі мен
құрамын көрсетеді;
1
Ұсынылған аниондарды
анықтайтын реагенттерді
анықтайды, қысқартылған
иондық теңдеулерін
құрастырады,
қосылыстардың түстерін
көрсетеді
3 І
-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
SO4
2-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
Br
-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
PO4
3-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
CO3
2-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
NO3
-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
Cl
-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1


Page 13

8
SiO3
2-
анионын анықтайтын реагентті
анықтайды, қысқартылған иондық
теңдеуін құрастырады және нәтижесінде
байқалатын өзгерістерді түстердің
көмегімен көрсетеді;
1
Эксперименттік деректерді
бағалайды және белгісіз
заттың құрамын
сәйкестендіреді
4 эксперименттік деректер бойынша
белгісіз тұздың катионын және анионын
анықтайды;
1
тұздың формуласын құрастырады және
атауын береді;
1
ерітіндідегі тұз катионын анықтайтын
қысқартылған иондық теңдеуін
құрастырады және нәтижесін болжайды;
1
Химиялық реакция кезінде
түзілетін тұнбаның массасын
есептейді
5 теңестірілген химиялық реакция теңдеуін
құрастырады;
1
әрекеттесуші заттардың зат мөлшерін
есептейді;
1
тұнбаның массасын есептейді. 1
Барлығы 20


Page 14

9
9.1В «Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Металдардың
катиондарын сапалық
сипаттамаларын
анықтайды
Металдардың катиондарын
анықтаудың сапалық
сипаттамаларын анықтауда
қиналады.
Отшашуға сары түс/жасыл - сары/ қызыл -
қоңыр түс беретін катионды анықтауда
қателіктер жібереді.
Металдардың катиондарын
сапалық сипаттамаларын
анықтайды.
Fe
2+,
Fe
3+,
Cu
2+
тұздарынан
түзілетін ерімейтін
қосылыстардың түсі мен
құрамын көрсетеді
Fe
2+,
Fe
3+,
Cu
2+
тұздарынан
түзілетін ерімейтін
қосылыстардың түсі мен
құрамын анықтауда қиналады.
Cu
2+
/ Fe
3+
/ Fe
2+
тұзынан түзілетін
тұнбаның түсі мен құрамын көрсетуде
қателіктер жібереді.
Fe
2+,
Fe
3+,
Cu
2+
тұздарынан түзілетін
ерімейтін қосы -
лыстардың түсі мен
құрамын көрсетеді.
Ұсынылған аниондарды
анықтайтын реагенттерді
анықтайды,қысқартылған
иондық теңдеулерін
құрастырады,
қосылыстардың түстерін
көрсетеді
Аниондарды анықтайтын
реагенттерді анықтауда,
қысқартылған иондық
теңдеулерін құрастыруда,
қосылыстардың түстерін
көрсетуде қиналады.
І
-
/ SO4
2-
/Br
-
/ PO4
3-
/CO3
2-
/ NO3
-
/ Cl
-
/ SiO3
2-

аниондарын анықтайтын реагентті
анықтауда/қысқартылған иондық теңдеуін
құрастыруда/байқалатын өзгерістерді
түстердің көмегімен көрсетуде қателіктер
жібереді.
Аниондарды анықтайтын
реагенттерді анықтайды,
қысқартылған иондық
теңдеулерін құрастырады,
қосылыстардың түстерін
көрсетеді.


Page 15

10
Эксперименттік
деректерді бағалайды
және белгісіз заттың
құрамын сәйкестендіреді
Эксперименттік деректерді
бағалайды және белгісіз заттың
құрамын анықтауда қиналады.
Эксперименттік деректер бойынша
белгісіз тұздың катионын/анионын
анықтауда/ тұздың формуласын
құрастыруда және атауын беруде/
ерітіндідегі тұз катионын анықтайтын
қысқартылған иондық теңдеуін
құрастыруда және нәтижесін
сәйкестендіруде қателіктер жібереді.
Эксперименттік деректерді
бағалайды және белгісіз
заттың құрамын
сәйкестендіреді.
Химиялық реакция
кезінде түзілетін
тұнбаның массасын
есептейді
Химиялық реакция кезінде
түзілетін тұнбаның массасын
есептеуде қиналады.
Теңестірілген химиялық реакция теңдеуін
құрастыруда/ әрекеттесуші заттардың зат
мөлшерін/тұнбаның массасын есептеуде
қателіктер жібереді.
Химиялық реакция кезінде
түзілетін тұнбаның
массасын есептейді.


Page 16

11
9.1С «Химиялық реакция жылдамдығы», 9.1D «Қайтымды реакциялар»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.3.2.1 Реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
9.3.2.2 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды
анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық
теориясы тұрғысынан түсіндіру
9.3.3.1 Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды білу;
9.3.3.2 Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау
және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша
химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау
9.3.3.3 Химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық
реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің
әсерін түсіну және ажырату.

Бағалау критерийі Білім алушы
 Жылдамдық тұрғысынан химиялық реакцияның өту
принципін ажыратады
 Бөлшектер теориясы тұрғысынан химиялық
реакцияның жылдамдығына әс ер ететін
факторларды анықтайды
 Қайтымды және қайтымсыз химиялық процестерді
жіктейді
 Сыртқы факторлар өзгерген кезде химиялық
реакцияның жылдамдығының өзгеруін болжайды
 Химиялық тепе-теңдікті өнімнің түзілу жағына
қарай жылжытуға қабілетті факторларды көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма

1. Химиялық реакция: А + В = С сызбанұсқасы бойынша жүреді.
(a) Реакция кезінде А және В заттарының концентрациялары қалай өзгереді?
________________________________________________________________________________

(b) А және В заттары қатты заттар екені белгілі болса, берілген реакцияны температураны
өзгертпей қалай жылдамдатуға болады?
________________________________________________________________________________

2. Кальций карбонаты және тұз қышқылы әрекеттесуі нәтижесінде көмір қышқыл газы бөлінеді.
(a) Химиялық процестің реакция теңдеуін құрастырыңыз:
________________________________________________________________________________


Page 17

12

(b) Реагенттердің толық жұмсалуына қажет уақытты жоғарыдағы графиктен анықтаңыз:
________________________________________________________________________________

(c) Реакция аяқталуына байланысты реакция жылдамдығының төмендеуін, бөлшектер
теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

3. Ұсынылған үрдістерді қайтымды және қайтымсыз деп жіктеңіз:

А Аммиак өндірісі
В Қышқылдық жаңбырдың әсерінен сәулет құрылыстарының бұзылуы
С Тағамдардың ашуы
D Бейтараптану реакциясы

1
Қайтымды үрдістер
2
Қайтымсыз үрдістер


4. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар бар.

(a) Суретте химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін қандай фактор көрсетілгенін
анықтаңыз:
________________________________________________________________________________

(b) Барлық үрдістер үшін пайдаланылуға болатынын түсіндіріңіз:
________________________________________________________________________________

(c) i) жоғарыда көрсетілген фактордың өзгеруі химиялық реакция жылдамдығының артуына
қалай әсер ететінін болжаңыз:
___________________________________________________________________________

ii) жүйе тепе-тең және гомогенді болған жағдайда жоғарыда көрсетілген фактор
жоғарылаған кезде ығысуды болжаңыз:
__________________________________________________________________________


Page 18

13
5. Тепе-теңдікті (Vөнім) реакция өнімдеріне қарай ығыстыруға қабілетті факторларды көрсетіңіз:
(a) 2NF3(г) + 3H2(г) → 6HF(г) + N2(г) + Q






(b) Салқындату тепе-теңдік күйіне және келесі реакцияларда өнімдердің шығымына қалай
әсер етеді? Осы өзгерістерді болжап, кестеге жауаптарды солға, оңға / V(өн) ≥/ ≤ V(түз)
үлгісінде енгізіңіз:

№ Үрдіс Салқындату әсері
1 2SO3(г) ↔ 2SO2(г) + O2(г) − Q
2 Н2(г) + I2(г) ↔2HI(г) + Q
3 N2(г) + O2(г) ↔2 NO(г) − Q
4 2 NO(г) + O2(г) ↔2 NO2(г) +Q
5 C(қ) + 2Cl2(г) ↔ CCl4(г) + Q


Page 19

14
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Жылдамдық тұрғысынан
химиялық реакцияның өту
принципін түсінеді 1
концентрацияның өзгеруі тұрғысынан
химиялық реакцияның жылдамдығының
өзгеруін көрсетеді;
1
қатты реагенттер үшін химиялық
реакцияны жылдамдату әдісін ұсынады;
1
Бөлшектер теориясы
тұрғысынан химиялық
реакцияның
жылдамдығына әсер ететін
факторларды анықтайды
2
кальций карбонаты мен тұз қышқылының
арасындағы теңестірілген реакция
теңдеуін құрастырады;
1
реагенттерді толық жұмсау үшін кесте
бойынша уақытты белгілейді;
1
реагенттердің шығыны тұрғысынан
химиялық реакцияның жылдамдығын
азайту себебін түсіндіреді;
1
өнімнің түзілуі тұрғысынан химиялық
реакцияның жылдамдығының азаю
себебін түсіндіреді;
1
Қайтымды және қайтымсыз
химиялық үрдістерді
жіктейді
3
ұсынылған тізбеден қайтымсыз үрдістерді
анықтайды;
1
ұсынылған тізбеден қайтымды үрдістерді
анықтайды;
1
Сыртқы факторлар
өзгерген кезде химиялық
реакцияның
жылдамдығының өзгеруін
болжайды
4
суретте көрсетілген реакция
жылдамдығына әсер ететін факторды
анықтайды;
1
реагенттердің агрегаттық күйін ескере
отырып, факторлардың (а) қолданылуын
түсіндіреді;
1
факторлардың өзгеруі (а) химиялық
реакцияның жылдамдығын арттырады деп
болжайды;
1
факторлар (а) жүйеге көтерілген кезде
химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
болжайды;
1
Химиялық тепе-теңдікті
өнімнің түзілу жағына
қарай жылжытуға қабілетті
факторларды көрсетеді

реагенттер/өнімдер концентрациясын
ескере отырып, реакция өнімдеріне (Vөн)
қарай ығысатын тепе-теңдік факторын
көрсетеді;
1
жүйедегі температураның
жоғарылауын/төмендеуін есепке ала
отырып, реакция өнімдеріне (Vөн) қарай
ығысатын тепе -теңдік факторын
көрсетеді;
1
жүйедегі қысымның
жоғарылауын/төмендеуін есепке ала
отырып, реакция өнімдеріне (Vөн) қарай
ығысатын тепе -теңдік факторын
көрсетеді;
1


Page 20

15
5b №1 процесс үшін салқындату кезінде
(-Q) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
анықтайды;
1
№2 процесс үшін салқындату кезінде (-
Q) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
анықтайды;
1
- №3 процесс үшін салқындату кезінде
(-Q) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
анықтайды;
1
- №4 процесс үшін салқындату кезінде
(-Q) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
анықтайды;
1
- №5 процесс үшін салқындату кезінде
(-Q) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын
анықтайды.
1
Барлығы 20


Page 21

16
9.1С «Химиялық реакция жылдамдығы» және 9.1D «Қайтымды реакциялар» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Жылдамдық тұрғысынан
химиялық реакцияның
өту принципін түсінеді
Жылдамдық тұрғысынан
химиялық реакцияның өту
принципін түсіндіргенде
қиналады.
Концентрацияның өзгеруі тұрғысынан
химиялық реакцияның жылдамдығының
өзгеруін көрсеткенде/ -қатты реагенттер үшін
химиялық реакцияны жылдамдату әдісін
ұсынғанда қателіктер жібереді.
Жылдамдық тұрғысынан
химиялық реакцияның өту
принципін түсінеді.
Бөлшектер теориясы
тұрғысынан химиялық
реакцияның
жылдамдығына әс ер
ететін факторларды
анықтайды
Бөлшектер теориясы
тұрғысынан химиялық
реакцияның жылдамдығына
әсер ететін факторларды
анытауда қиналады.
Кальций карбонаты мен тұз қышқылының
арасындағы теңестірілген реакция теңдеуін
құрастырғанда/реагенттерді толық жұмсау
үшін кесте бойынша уақытты белгілегенде/
реагенттердің шығыны тұрғысынан
химиялық реакцияның жылдамдығын азайту
себебін түсіндіргенде/өнімнің түзілуі
тұрғысынан химиялық реакцияның
жылдамдығының азаю себебін түсіндіргенде
қателіктер жібереді.
Бөлшектер теориясы
тұрғысынан химиялық
реакцияның жылдамдығына
әсер ететін факторларды
анықтайды.
Қайтымды және
қайтымсыз химиялық
үрдістерді жіктейді
Қайтымды және қайтымсыз
химиялық үрдістерді
жіктегенде қиналады.
Ұсынылған тізбеден қайтымсыз /қайтымды
үрдістерді анықтағанда қателіктер жібереді.
Қайтымды және қайтымсыз
химиялық үрдістерді
жіктейді.


Page 22

17
Сыртқы факторлар
өзгерген кезде химиялық
реакцияның
жылдамдығының өзгеруін
болжайды
Сыртқы факторлар өзгерген
кезде химиялық реакцияның
жылдамдығының өзгеруін
болжағанда қиналады.
Суретте көрсетілген реакция жылдамдығына
әсер ететін факторды анықтағанда/
реагенттердің агрегаттық күйін ескере
отырып, факторды (а) қолданылуын
түсіндіргенде/ фактордың өзгеруі (а)
химиялық реакцияның жыл дамдығын
арттыратындығын болжағанда /факторларды
(а) жүйеге көтерілген кезде химиялық тепе-
теңдіктің ығысуын болжағанда қателіктер
жібереді.
Сыртқы факторлар өзгерген
кезде химиялық реакцияның
жылдамдығының өзгеруін
болжайды
Химиялық тепе-теңдікті
өнімнің түзілу жағына
қарай жылжытуға
қабілетті факторларды
көрсетеді
Әртүрлі факторлардың әсерінен
химиялық тепе-теңдіктің ығысу
бағытын анықтауға қиналады.
Реагенттер/өнімдер концентрациясын ескере
отырып, реакция өнімдеріне (Vөн) қарай
ығысатын тепе -теңдік факторын
көрсеткенде/жүйедегі
температураның/қысымның
жоғарылауын/төмендеуін есепке ала отырып,
реакция өнімдеріне (Vөн) қарай ығысатын тепе-
теңдік факторын
көрсеткенде/№1/№2/№3/№4/№5 процесс үшін
салқындату кезінде (-Q) химиялық тепе-теңдіктің
ығысатынын болжағанда қателіктер жібереді.

Әртүрлі факторлардың
әсерінен химиялық тепе -
теңдіктің ығысу бағытын
анықтайды.


Page 23

18
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИ ЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНА ЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және
қолдану
9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен
байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін
түсіну
9.2.2.5 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу
дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 Тотығу процесін электронды беру, ал
тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану
реакцияларының коэффициенттерін қою

Бағалау критерийі Білім алушы
 Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу
және тотықсыздану үрдістерін жіктейді
 Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде
тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды
 Реагенттер мен өнімдер құрамындағы
элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды
 Жартылай реакция әдісімен электронды балансты
құрастырады және тотығу-тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін теңестіреді
 Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну/ Қолдану
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

1. Электронды беру үрдісі қалай аталады?
A. Тотықсыздану
B. Тотығу


C. Тотығу-тотықсыздану
D. Айырылу

2. Назарларыңызға найзағайдың әсерінен жүруі мүмкін реакциялар ұсынылған.
Қай қатардағы жауап реагент молекулаларында болып жатқан процестерді дұрыс
көрсетеді?


N2 NO O3
A тотығу тотығу тотығу
B тотығу тотығу тотықсыздану
C тотықсыздану тотықсыздану тотығу
D тотықсыздану тотықсыздану тотықсыздану

3. Тотығу үдерісіне сәйкес келетін тұжырым:


Page 24


Page 25


Page 26

21
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Электрондарды беру мен
алу тұрғысынан тотығу
және тотықсыздану
үрдістерін жіктейді
1 электронды беру үрдісін анықтайды; 1
Бір мезгілде қарама-
қарсы жүретін үрдістер
ретінде тотығу және
тотықсыздану мәнін
анықтайды
2 найзағай кезінде атмосферада болатын
химиялық реакциялар бойынша реагенттердің
тотығу және тотықсыздану үрдістерін
белгілейді;
1
Реагенттер мен өнімдер
құрамындағы
элементтердің тотығу
дәрежесін анықтайды
3 тотығу дәрежесінің кемуі/ артуы бойынша
тотығу үрдісін анықтайды;
1
сутектің/ оттектің мөлшері кемуі, артуы
бойынша тотығу үрдісін анықтайды;
1
Жартылай реакция
әдісімен электронды
балансты құрастырады
және тотығу-
тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін
теңестіреді
4 реагенттер мен реакция өнімдерінің тотығу
дәрежесін анықтайды;
1
тотықтырғыш рөлін атқаратын реагентті
анықтайды;
1
тотықсыздандырғыш рөлін атқаратын реагентті
анықтайды;
1
тотықсыздану үрдісінің жартылай теңдеуін
құрастырады;
1
тотығу үрдісінің жартылай теңдеуін
құрастырады;
1
толық молекулалық реакция теңдеуін
құрастырады;
1
тотығу және тотықсыздану үрдістерінің
жартылай реакция теңдеулерін ескере отырып,
коэффициенттерді қояды;
1
тотығу-тотықсыздану үрдісінің анықтамасын
жазады;
1
Қосылыстардың тотығу
қабілеттерін бағалайды;
5 келтірілген сызба бойынша А үрдісті
анықтайды;
1
келтірілген сызба бойынша С үрдісті
анықтайды;
1
келтірілген сызба бойынша D үрдісті
анықтайды;
1
қандай үрдісте хром (ІІ) оксиді
тотықтырғыштық қасиет көрсететіндігін
анықтайды;
1
келтірілген процестен Cr2O3 потенциалын
бағалайды және тотықсыздандырғыштың рөлін
анықтайды;
1
келтірілген процестен Cr2O3 потенциалын
бағалайды және тотықтырғыштың рөлін
анықтайды;
1
Cr2O3 химиялық айналулар тізімінен
тотықтырғыштың ролін көрсете отырып,
реакцияны анықтайды;
1
Cr2O3 химиялық айналулар тізімінен 1


Page 27

22
тотықсыздандырғыштың ролін көрсете отырып,
реакцияны анықтайды.
Барлығы 20


Page 28

23
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Электрондарды беру мен
алу тұрғысынан тотығу
және тотықсыздану
үрдістерін жіктейді
Электрондарды беру мен алу
тұрғысынан тотығу және
тотықсыздану үрдістерін
жіктегенде қиналады.
Электронды беру үрдісін анықтағанда
қателіктер жібереді.
Электрондарды беру мен алу
тұрғысынан тотығу және
тотықсыздану үрдістерін
жіктейді.
Бір мезгілде қарама-
қарсы жүретін үрдістер
ретінде тотығу және
тотықсыздану мәнін
анықтайды
Бір мезгілде қарама-қарсы
жүретін үрдістер ретінде тотығу
және тотықсыздану мәнін
анықтағанда қиналады.
Найзағай кезінде атмосферада болатын
химиялық реакциялар бойынша
реагенттердің тотығу және тотықсыздану
үрдістерін белгілегенде қателіктер
жібереді.
Бір мезгілде қарама-қарсы
жүретін үрдістер ретінде
тотығу және тотықсыздану
мәнін анықтайды.
Реагенттер мен өнімдер
құрамындағы
элементтердің тотығу
дәрежесін анықтайды
Реагенттер мен өнімдер
құрамындағы элементтердің
тотығу дәрежесін анықтағанда
қиналады.
Тотығу дәрежесінің кемуі/ артуы бойынша
тотығу үрдісін анықтағанда/сутектің/
оттектің мөлшері кемуі/артуы бойынша
тотығу үрдісін анықтағанда қателіктер
жібереді.
Реагенттер мен өнімдер
құрамындағы элементтердің
тотығу дәрежесін анықтайды.


Page 29

24
Жартылай реакция
әдісімен электронды
балансты құрастырады
және тотығу -
тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін
теңестіреді
Жартылай реакция әдісімен
электронды балансты
құрастырғанда және тотығу-
тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін
теңестіргенде қиналады.
Реагенттер мен реакция өнімдерінің тотығу
дәрежесін /тотықтырғыш/
тотықсыздандырғыш рөлін атқаратын
реагентті анықтағ антағанда/
тотықсыздану/тотығу үрдісінің жартылай
теңдеуін құрастырғанда/ толық
молекулалық реакция теңдеуін
құрастырғанда/ тотығу және тотықсыздану
үрдістерінің жартылай реакция теңдеулерін
ескере отырып, коэффициенттерді
қойғанда/ тотығу-тотықсыздану үрдісінің
анықтамасын жазғанда қателіктер жібереді.
Жартылай реакция әдісімен
электронды балансты
құрастырады және тотығу-
тотықсыздану үрдісін ің
жиынтық теңдеуін теңестіреді.
Қосылыстардың тотығу
қабілеттерін бағалайды
Қосылыстардың тотығу
қабілеттерін бағалағанда
қиналады.
Келтірілген сызба бойынша А/С/ D үрдісті
анықтағанда/ қандай үрдісте хром (ІІ)
оксиді тотықтырғыштық қасиет
көрсететіндігін анықтағанда/келтірілген
процестен Cr2O3 потенциалын бағалайды
/тотықсыздандырғыштың/тотықтырғыштың
рөлін анықтағанда/ Cr2O3 химиялық
айналулар тізімінен
тотықтырғыштың/тотықсыздандырғыштың
ролін көрсете отырып, реакцияны
анықтағанда қателіктер жібереді.
Қосылыстардың тотығу
қабілеттерін бағалайды.


Page 30

25
9.2В «Металдар мен құймалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор
жайындағы білімдерін қолданып металдардың
қасиетін түсіндіре алу
9.1.4.2 Металдарға тән физикалық және химиялық
қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек
тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
9.1.4.3 Құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу
9.1.4.4 Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін
салыстыру
9.2.3.2 Қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын,
басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция
теңдеуі бойынша зат массасын есептеу

Бағалау критерийі Білім алушы
 Металдық кристалдық тор туралы білімі негізінде
металдардың қасиетін түсіндіреді
 Эксперименттік деректерді салыстырады және
металдардың негізгі химиялық қасиеттерін
анықтайды
 Құймаларды қолданудың артықшылығын
түсіндіреді
 Шойын және болаттың құрамын салыстырады
 Құрамында қоспасы бар реагенттің бастапқы
массасы бойынша таза металдың массасын
есептейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

1. а)Төмендегі суреттердің қайсысында металдық кристалл тор көрсетілгенін анықтаңыз:




A B C D


b) Металдық кристалл торы бар зат қандай физикалық қасиеттерге ие болатынын
көрсетіңіз:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!