Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№ 12 Алатау баурайында.docx М.Сәрсеке "Қазақтың Қанышы" 10-сынып. ЖМБ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: Қазақтың Қанышы |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалім: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 ЖМБ |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Алатау баурайында |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Талдау, жинақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика мен терминология: троп түрлері, автор стилі, талдау, автор идеясы, мазмұн Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет теориясы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабаққа зейінін аудару. Қызығушылықты ояту. -Балалар,бүгінгі сабағымыздың мақсаты – шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. Бұл туралы біз өткен сабақтардың бірінде тоқталып өткен болатынбыз. Олай болса, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы деп нені айтамыз? Еске түсіріп, берілген анықтамаларды сәйкестендіріп көрейік.
Оқушылар ұсынылған сызбаны талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Оқушылар ұсынылған сызбаны талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Қалыптастырушы бағалау. ҚБ
|
10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Мағынаны тану. 1-тапсырма. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі бойынша автордың жазған «Оқырманға арнау сөзіне» негізделе отырып, роман-эссенің тарихи және көркемдік құндылығына талдау жүргізіңіз. Оқырманға арнау сөз Мың шақырымдық ұзақ сапардың алғашқы қадамнан басталатыны сияқты, қолыңыздағы «Қазақтыі Қанышы» аталған роман-эссеге бұдан отыз бес жыл бұрын, 1963 жылдың жазында ұлтымыздың біртуар ғалымы Ә.Марғұланмен оңаша сұхбат үстінде алғашқы сүрлеу салынғаны – бүгінде естелік ретінде айтар сыр. Әрнеге еліккіш, қиял қантына мінген кезде Айға да қол сермеп жүрген жасаң кезім. Әмбе техникалық мамандықты игеруіме Қаныш ағаның зор өнегесінің әсері болған. Әрі Әлекеңдей үлкен кісінің өзіме сенім артып, еліктіре сөйлегені еркімді баурап, тоқ етерін айтқанда, ойды ой қозғап әсерлендім де, төрт-бес хикаят жазған ғылыми-қиял дүниесін жайына қалдырып, қалтарыс-қақтығысы мол, шың-құздары биік, оппа-жарлары терең ұлы ғалым өмірінің күрделі жыңғылына сүңгідім де кеттім. Бұл істің соңында, жоғарыда айтқандай, соншама ұзақ жүрерімді білсемші сонда?!. Жоқ, о күнде мұны бағдарлай алмадым. Ізденістің ондаған жылдарға жалғасып, ғалымның өткелі көп асу-белдерін зерттеп жете түсінудің қиыншылғы өз алдына, сол жолда өзімің де сансыз мол кедергі-тосқауылдарға жолығып, жан азабына түсерімді, кейбір пенделердің академик Қ.Сәтбаевтың іргелі де ұлы еңбектерін халық жадынан ұмыттыруды көздеген қиянатына тап боларымды, әрине, білгенім жоқ. Сөйтсе де құдай маған төзім берді, «Әділдік әрқашанда жеңеді, сол үшін күресумен қоса қиыншылыққа шыдау керек!» деген Қаныштай асылдың қайраткер рухы жебеп, жақсы күндерді үмітпен тосуыма себепші болды. Жақсылық туар деп қарап та жатпай, бір жығылып, бір тұрып жүріп, ғасырдың соңғы ширегінде өзім құштар болып тандаған қаһарманымның ғұмыр жолын баяндаған үлкенді-кішілі алты кітапты дүниеге келтіріппін. Нақтылы түстесем, олар - «Жазушы» баспасы 1973 жылы шығарған «Туған жердің асылы» атты көркем әңгімелер жинағы; төлтума нұсқасы Алматыда қиянатпен тоқтатылып, көп бейнетпен Москвада «Молодая гвардия» баспасының «Тамаша адамдардың өмірі» (ЖЗЛ) сериясы бойынша 1980 жылы жарық көрген «Сатпаев»; жариялылық заманы туған шақта, яғни 1988-1989 жылдары осы ғұмырнаманың қазақ және орыс тілдерінде жаңа тараулармен толықтырылып, әсем көркемделіп әрі көп мыңдық таралыммен қайыра басылған екі кітабы; тоқырау һәм рухани құлдырау заманында басымнан кешкен қиянаттар мен ғалымның дүние жүзіне мәшһүр атағын жасыту мақсатымен ұйымдастырылған әділетсіздіктер туралы бүкпесіз сыр шерткен «Қуғындалған «Сәтбаев» (А., «Шабыт», 1994) және Павлодар облыстық әкімшілігінің тапсырмасымен арнайы жазылған «Қаныш елі» атты үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) әрі түрлі түсті көркем де тарихи суреттермен безендірілген альбом-кітап. Міне, енді солардың бәрінің жиынтығы есебіндегі роман-эссені - қалың оқырманға бұрыннан танымал «Сәтбаев» атты деректі хикаяттың негізінде қайыра сомдалған, көптеген жаңа тараулар жіне бұрынғылар арасына соны оқиға, айғақтар қосылған жетінші туындымды қолыңызға алып отырсыз. Бұл басылымның алдыңғылардан бір өзгешелігі -саяси тосқауылдар қол байлап, бұрын жаза алмай жүрген ұлттық жайттар, сондай-ақ, құдірет-күші мықты кешегі сөз тергеушілері (цензорлар) мен еріктері тежеулі әріпшіл редакторлар зорлықпен қиып тастап, жарық дүниеге шығармай келген ғалым өмірінің бүркеулі «ақтаңдақтары» түгел қосылып, ашық баяндалуы. Мәңгі өлмес асылымыз, қазақтың атын әлемге танытып, мерейімізді асқақтатқан ұлы перзентіміз, ғұлама академик (үш бірдей ғылым ордасының), көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық ғылым академиясының. іргетасын қалаушы, әрі жеріміздің қазына байлығын көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға (әсіресе қазіргі аса ділгір заманда) дәнекер болған ұлы геолог-барлаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесін дүние жүзі халықтарының руханият ұйымы ЮНЕСКО да салтанатты түрде атап өтуге арнайы қарар (№ 234-10, 1997 ж., қараша) қабылдады. Бұл болса, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұтымды уәжімен айтқанда: «Қ.Сәтбаев еңбектерімен XX ғасырда қазақ халқы меңгерген ғылым көкжиегін әлем жұртына паш етеміз» деген сөз. Сайып келгенде, бұл - қазақ ғалымының мұрасын - ғылыми еңбектерін күллі дүние жүзінің білімдар қауымы танып, адамзат игілігіне ортақ асыл екендігін мойындау!.. Сөз соңында қолыңыздағы ғұмырнамалық романның ғалымның есімін әлем кеңістігіне мәшһүр еткен даңқты мерейтойы қарсаңында туған халқына тарту ретінд езірленгендігін ескерту парыз. Өз басым осынау аса мерейлі, шуақты мерекеге ат қосумен бірге, аман жеткенімді шексіз бақыт деп білемін!.. Медеу Сәрсеке Семей, тамыз, 1998 жыл Дескрипторлар:
ҚБ 2-тапсырма. Оқушылар «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін мазмұндас қазақ, әлем әдебиетіндегі шығармалармен салыстырады.
Дескрипторлар:
ҚБ |
Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі бойынша автордың жазған «Оқырманға арнау сөзіне» негізделе отырып, роман-эссенің тарихи және көркемдік құндылығына талдау жүргізіңіз.
Оқушылар «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін мазмұндас қазақ, әлем әдебиетіндегі шығармалармен салыстырады. Басқа шығармалармен салыстырады; идеясы мен тақырыбын анықтайды.
|
ҚБ.Түстер арқылы бағалау.
ҚБ.Түстер арқылы бағалау. |
Әдебиет хрестоматиясы
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Ой толғаныс. Шығармадағы тарихи құндылықты «5 W» әдісімен талдаңыз, баға беріңіз.
Дескриптор:
ҚБ |
Шығармадағы тарихи құндылықты «5 W» әдісімен талдап, бағалайды..
|
ҚБ
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия
|
Кері байланыс.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
|