Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
Тренинг «Менің досымның асыл
қасиеті....»
Қызығушылықты
ояту. Оқушыларға Абай қарасөздерінен
үзінділер ұсынылады. Берілген үзінділердің идеясын ашып, қай
қарасөзінен алынғанын
анықтайды.
Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам
деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ
үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем
екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса,
оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне
басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу
жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге
үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары,
білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен
деген...
...Ақыры ойладым:
осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара
сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып
алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры
осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым
жоқ.
...Естігенде бір
нәрсені ұмытпауға төрт себеп : әуелі - көкірегі байлаулы берік
болмау керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ынтамен ұғу
керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ,ойға
бекіту керек;төртінші ой кеселдерінен аулақ болу керек.Ой кеселдері
: уайымшыл,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я
нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратығын
нәрселер.
Сабақтың тақырыбы мен
мақсаты
айқындалады.
|
Оқушылар назарын сабаққа
аудару. Өз сыныптасының жақсы қасиетін
айтып, мадақтайды.
Оқушыларға Абай қарасөздерінен
үзінділер ұсынылады. Берілген үзінділердің идеясын ашып, қай
қарасөзінен алынғанын
анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
айқындалады.
|
ҚБ
ҚБ
|
6-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
|
Сабақтың
ортасы
|
Мағынаны тану. Оқушылар
Абайдың «Отыз бірінші қарасөзімен»
танысады.
https://www.youtube.com/watch?v=da4kvi1fiGs
Сөздікпен жұмыс.
(дәптерге,тақтаға жазу)
Ғибратләну-
(араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық
көрсең ғибрәтлі, Оны ойға
жисаңыз».
Уайымсыздық- еш нәрсеге
алаңдамаушылық.
Салғырттық- әр нәрсеге жай, салақ
қараушылық.
Тапсырма. Шығарма мазмұнына
байланысты сұрақтарға жауап беріп, ой
тұжырымдаңдар.
1. Абай «Отыз бірінші сөзінде»
қандай мәселеге көңіл аударған? 2.«Отыз бірінші сөзінде» Абай
неліктен «Бұл төрт нәрсе –
күллі ақыл мен ғылымды тоздыра
тұғын нәрселер» дейді?
3. Неліктен Абайдың
«қарасөздері өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы»
болып табылады?
4. Неліктен ой кеселдері күллі
ақыл мен ғылымды тоздырады?
Ескерту. Жауаптарыңды мәтіннен
үзінділер ала отырып
дәлелдеңдер.
Дескриптор:
ҚБ
2-тапсырма. Мәтіндік
тапсырма.
1-топқа: Естілген нәрсені
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
------------------------------------------------------------------------------------------------------
болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде
---------------------------- керек, көңілденіп, тұшынып,
--------------------------------------------
керек;
2-топқа: үшінші — сол нәрсені ішінен
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
көңілге бекіту керек; төртінші -
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------керек. Егер кез болып қалса, салынбау
керек. Ой кеселдері:
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
секілді. Бұл төрт нәрсе - ------------------- мен
------------------------ тоздыратұғын
нәрселер.
Дескриптор:
ҚБ
3-тапсырма. «Екі түрлі түсініктеме
күнделігі» бойынша берілген үзіндіге байланысты өз көзқарасыңды
білдір.
Абайдың
сөзі
|
Менің
пікірім
|
Бұл төрт нәрсе –
күллі
ақыл мен ғылымды
тоздыратұғын нәрселер.
|
|
Дескриптор:
ҚБ
Қорытынды.
Тақырыпқа байланысты тест
жасайды.
Бекіту.
|
Оқушылар Абайдың
«Отыз бірінші қарасөзімен»
танысады.
Жаңа сөздердің
мағынасын ашады.
Оқушылар «Отыз
бірінші қарасөз» мазмұнына байланысты талдау
жүргізеді.
Ескерту.
Жауаптарыңды мәтіннен үзінділер ала отырып
дайындаңдар.
Қарасөз мазмұны
бойынша мәтіндік тапсырма
орындайды;
көп нүктенің орнына
тиісті сөздерді жазады;
өз ойларын
дәлелдейді.
«Екі түрлі
түсініктеме күнделігі» бойынша берілген үзіндіге байланысты өз
көзқарасыңды білдір.
Тақырыпқа байланысты
тест жасайды.
Тақырыпты
қорытындылайды.
|
ҚБ
ҚБ
ҚБ
ҚБ
ҚБ
|
https://www.youtube.com/watch?v=da4kvi1fiGs
Абайдың «Отыз
бірінші
қарасөзі»
|