Материалдар / № 14 Махамбет Өтемісұлы өлеңдері және тарихи шындық..docx

№ 14 Махамбет Өтемісұлы өлеңдері және тарихи шындық..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
86
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы өлеңдері және тарихи шындық.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;


Сабақтың мақсаты

Шығарамадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.


Бағалау критерийлері

  • Авторлық идеяны анықтайды;

  • Өмір шындығын таниды;

  • мазмұндас шығармамен салыстырады;

  • тарихи құндылығын бағалайды;

  • көркемдік құндылығын бағалайды.


Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

«Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген тұжырымды оқып, ой қорытып, сабақтың мақсатын анықтайды.

Ф. Оңғарсынова:

Махамбет! Махамбет…

Білмеймін, жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Махамбет – телегей теңіздей түпсіз жырау. Жырау болу үшін ол өзіне дейінгі ақын-жыраулардың өлеңін жатқа білетін, өз жанынан өлең шығаратын суырып салма арқалы ақын, ел басына күн туғанда ақыл айтар абыз, қара қылды қақ жарып турасын айтар әділ би, от ауызды, орақ тілді шешен, ел үшін еңбек етіп, қол бастаған айтулы батыр болуы керек болса, Махамбеттің басында осы қасиеттердің бәрі бар. Ол сонымен бірге жорық жаршысы, ақ алмастай өткір жырларымен халықтың рухын көтеріп, күреске бастаушы, дәулескер күйші-композитор, ән де шығарған.

Дегенмен де Махамбет поэзиясының құдіретті болу себебін жеке басынан, төңірегінен, өзі өмір сүрген дәуірден ғана емес, одан әріден іздеген абзал, өйткені ол ғасырда бір келетін қайталанбас тұлға.

М.Әуезов: «... өнер атаулының барлығында қай елде, қай түрде туса да, сол ортасының шартынан өз топырағының қалпынан туады».

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлрі таныстырылады.

Оқушылар «Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген тұжырымды оқып, ой қорытып, сабақтың мақсатын анықтайды.


ҚБ «Күн мен бұлт»


https://bilim-all.kz/olen/1592-Men---men-edim-men-edim-


http://bilim-lend.kz/olen/1592-Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны



http://bilim-all.kz/olen/1624-Men


« Мен, мен, мен едім» өлеңі



Сабақтың ортасы





















































Мағынаны тану.

Тапсырма №1. Жұптық тапсырма. «Дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылайды.

1.Әңгіменің авторы мен тақырып арасындағы байланыс?

2.Оқиға қай жерде өтті?

3.Оқиғаны қалай өрбітеді?

4.Оқиғада басты шешім жасаушы кім?

5.Оқиғаның негізгі идеясы неде?

6. Шығармада көркемдік шындық басым ба әлде тарихи ма?


Дескриптор:

  • авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылайды;

  • сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.ТЖ


1-2 топтар. Авторлық идея мен өмір шындығының байланысын айқындайды.

Авторлық идея

Байланысы

Өмір шындығы





3- 4 топтар. М. Өтемісұлы «Мен, мен едім, мен едім» өлеңі мен Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.



Тарихи құндылығы

Көркемдік құндылығы

М.Өтемісұлы «Мен, мен едім, мен едім»





Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?»





Дескриптор:

  • Авторлық идеяны анықтайды;

  • Өмір шындығын таниды;

  • Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.

  • Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

ҚБ

Тапсырма №3. Жеке тапсырма. Бекіту сұрақтары қойылады:

  1. Махамбет өлеңдерінде қандай кезең суреттелген?

  2. Тарихи құндылығы неде?

  3. Автордың негізі айтар ойы, көтерген мәселесі не?

  4. Өлеңдері өзіңе қандай ой салды? Алған әсерің қандай?

Дескриптор:

  • Авторлық идеяны анықтайды;

  • Өмір шындығын таниды;

  • Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.

  • Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

ҚБ

Жұптық тапсырма. «Дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылайды.


Топтық тапсырма. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.





















Жеке жұмыс





ҚБ «Күн мен бұлт»






ҚБ «Күн мен бұлт»


ҚБ. Топаралық бағалау

«Дауыс беру» әдісі.








ҚБ «Күн мен бұлт»





























Сабақтың соңы


К ері байланыс.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ