Сабақтың
басы
|
1.
Ұйымдастыру
кезеңі. Сәлемдесу, оқушылар назарын
сабаққа аудару.
2. Психологиялық
ахуал. «Жүректі тазарту»
Оқушыларға таза
парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді,
ренішті, қолайсыз көңіл-күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң
қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден
арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабақ
басталады.
3.Қызығушылықты
ояту. «Динамика», «Статистика»
ойыны
Оқушылар бір-біріне
қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп,
«Статистикаларға» «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша сұрақтар
қояды.
- Жаттығу қалай өтті? Не
білдік? Не үйрендік?
4.Кіріспе сұрақтар
қою:
1. Еңлік пен Кебектің
өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Дастан неліктен трагедиямен
аяқталды?
2. Дастан
кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?Автор
шешімімен келісесіңдер ме?
3. Кеңгірбайдың орнында
қандай шешім қабылдар едіңдер?
4. Егер автор орнында
болсаңдар, шығарманы қалай аяқтаған болар
едіңдер?
5. Шәкәрімнің осы
поэма арқылы айтпақ ойы
қандай?
Сабақтың тақырыбы мен
мақаты анықталады.
|
Сәлемдесу, оқушылар назарын
сабаққа аудару.
Жағымды психологиялық ахуал
қалыптастырады.
Оқушылар бір-біріне
қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп,
«Статистикаларға» «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша сұрақтар
қояды.
Сабақтың тақырыбы мен мақаты
анықталады.
|
ҚБ
«Жүрек»
ҚБ
«Жүрек»
|
8-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
|
Сабақтың
ортасы
|
4. Мағынаны
тану. 1-тапсырма. Төрт сөйлем»
тәсілі
Пікір. «Еңлік-Кебек» дастанының
мазмұны бойынша пікірлеріңді бір сөйлеммен
білдіріңдер.
Дәлел.
Пікірлеріңді бір сөйлеммен
дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен
байланыстырып, мысал келтіріңдер.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды
шығарыңдар.
Дескриптор:
-
«Еңлік-Кебек» дастанының
мазмұны бойынша пікірлерін бір сөйлеммен
білдіреді;
-
Пікірлеріңді бір
сөйлеммен дәлелдейді;
-
Пікірлеріңді өмірмен
байланыстырады;
-
Ойларын
дәлелдейді;
-
Тақырып бойынша
қорытынды шығарады.
ҚБ
2-тапсырма. «Қабырға
газеті» әдісі
1-қадам. Дастандағы бөлімдерді оқып
болған соң, оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті
таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер,
т.б.), жанр таңдап (өлең, құттықтау, әңгіме т.б.), өз әсерлерін,
пікірлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, сезімдерін
білдіреді, оны кескіндерге жазады;
2-қадам. Қабырға газеті бөлме
қабырғасына ілінеді;
3-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім
белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және
жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып
кетеді.
4-қадам. Галереяға саяхат аяқталған
соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған басқа топтардың
пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және
қорытынды жасайды.
Дескриптор:
-
Шығарма мазмұны бойынша
өз әсерлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, сезімдерін
білдіреді, оны кескіндерге жазады;
-
Қабырға газеті бөлме
қабырғасына ілінеді;
-
қабырға газеттерін
қарайды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын
жазып кетеді;
-
қабырға газеттеріне
жазылған басқа топтардың пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға
жауап береді және қорытынды
жасайды.
ҚБ
3-тапсырма. Берілген
тақырып бойынша сыни хабарлама
жазу:
Сыни шолуға ұсынылатын
тақырып Оқушы өз қалауы бойынша екі
тақырыптың біреуін таңдап жазады:
1. Егер автор орнында
болсаңдар, шығарманы қалай аяқтаған болар
едіңдер?
2. Шәкәрімнің осы поэма арқылы
айтпақ ойы қандай?
3. Дастанды оқи отырып сендер
қандай ой түйдіңдер?
Дескриптор:
-
Сыни пікір
білдіреді.
-
Пікірге дәлел
келтереді.
-
Пікірді мысалмен
дәлелдейді.
-
Қорытып, қайта
ұсынады.
ҚБ
|
«Төрт сөйлем» тәсілімен
«Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойынша пікірлерін бір сөйлеммен
білдіреді;
Пікірлеріңді бір сөйлеммен
дәлелдейді;
Пікірлеріңді өмірмен
байланыстырады;
Ойларын
дәлелдейді;
Тақырып бойынша қорытынды
шығарады.
Шығарма мазмұны бойынша өз
әсерлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, сезімдерін
білдіреді, оны кескіндерге жазады;
Қабырға газеті бөлме
қабырғасына ілінеді;
Қабырға газеттерін қарайды,
сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып
кетеді;
Қабырға газеттеріне жазылған
басқа топтардың пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап
береді және қорытынды жасайды.
Берілген тақырып бойынша сыни
хабарлама жазу.
Сыни шолуға ұсынылатын тақырып
Оқушы өз қалауы бойынша екі тақырыптың біреуін таңдап
жазады.
|
ҚБ
«Жүрек»
ҚБ
«Жүрек»
ҚБ
«Жүрек»
|
8-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
|