№ 18 Ыстықкөл күнделігі жазбаларындағы табиғат көріністері және аңыз әңгімелер..docx

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 18 Ыстықкөл күнделігі жазбаларындағы табиғат көріністері және аңыз әңгімелер..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру. 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектеп: Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

"Ыстықкөл күнделігі" жазбаларындағы табиғат көріністері және аңыз әңгімелер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады.
Көптеген оқушылар: автор стиліне баға береді, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Кейбір оқушылар: үзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады;

  • Үзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі.

  • автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






Ұйымдастыру. Оқушылардың есімдерін балмұздақ таяқшаларына жазып, таяқшаларды араластырып, 3 топқа бөлеміз. Оқушылар сол ретпен топтарға бөлінеді.

Оқушыларға

  • бөлімнің атауы

  • сабақтың тақырыбы

  • оқу мақсаты таныстырылады.

Қызығушылықты ояту.

1) Тақтада әдеби-көркемдегіш құралдардың анықтамалары ұсынылады.

Метафора – суреттеліп отырған затты ажарландыра түсу үшін оларды өзге бір затқа балау.

Кейіптеу – жансыз нәрселерді, жансыз табиғатты жандандыра түсу.
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі затқа айналдырып суреттеу.

Символ – құбылысты не затты тура суреттемей, басқа бір затқа не құбылысқа жасырын түрде жарыстыру.

Метанимия – өзара тектес заттар мен себептес құбылыстарды не ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.

Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны не керісінше қолдану.
Гипербола – затты не құбылысты ерекше үлкейтіп, қомақты етіп көрсету.
Литота – затты не құбылысты ерекше тіпті кішірейтіп суреттеу.
Гротеска – затты немесе құбылысты әсірелеп, оспадар, ұсқынсыз күйінде суреттеу.

Эвфемизм – ұят, дөрекі сөздерді сыпайылап айту.

Перифраз – қайта айтып беру.

Антитеза – қарама-қарсы құбылыстарды, мағыналары әртүрлі ұғымдарды, түстері әртүрлі заттарды қатар қою арқылы олардан басқа бір құбылыстың, нәрсенің суретін көзге елестету.

Градация – көркем шығармада алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асырып, асқақтата түсу.

Инверсия – прозалық немесе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

2) Автор стилі дегеніміз не? – сұрағына жауап алу.

Оқушылардың есімдерін балмұздақ таяқшаларына жазып, таяқшаларды араластырып,

3 топқа бөлеміз. Оқушылар сол ретпен топтарға бөлінеді.










ҚБ «Күнделік»
















9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы















Мағынаны тану. Шоқан Уәлихановтың көптомдық шығармалары бойынша «Ыстықкөл сапары» зерттеу еңбегі үш бөлікке бөлініп таратылады.
Топтарға ұсынылатын тапсырма:

1) Әдеби көркемдегіш құралдарды табу. Ол үшін әр топ флипчартқа шеңбер сызады. Шеңберді бес бөлікке бөліп, өздеріне ұсынылған әдеби-көркемдегіш құралдар атауларын жазады. Содан соң ортасын сызып, кейін сол әдеби-көркемдегіш құралға мысалды үзіндіден тауып, шеңберді толтырады.


1-топ: метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метанимия;

2-топ: синекдоха, гипербола, литота, гротеска, эвфемизм;

3-топ: перифраз, антитеза, градация, инверсия, эпитет.

«Әткеншек» әдісі

2) Әр топ тапсырмаларын әткеншек әдісі бойынша алмастырады, содан соң өзге топтың жұмысындағы әдеби-көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығарма желісі бойынша пейзаж сипатын сипаттайды.

Дескриптор:

  • өздеріне ұсынылған әдеби-көркемдегіш құралдар атауларын жазады;

  • әдеби-көркемдегіш құралға мысалды үзіндіден тауып, шеңберді толтырады;

  • тапсырмаларын әткеншек әдісі бойынша алмастырады;

  • өзге топтың жұмысындағы әдеби-көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығарма желісі бойынша пейзаж сипатын сипаттайды.

«Еркін жазу» әдісімен тақырыпты қорытындылау мақсатында ойтолғау жазады.

Топтарға тапсырма ұсынылады

Әр топ флипчартқа шеңбер сызады. Шеңберді бес бөлікке бөліп, өздеріне ұсынылған әдеби-көркемдегіш құралдар атауларын жазады. Содан соң ортасын сызып, кейін сол әдеби-көркемдегіш құралға мысалды үзіндіден тауып, шеңберді толтырады.








Әр топ тапсырмаларын әткеншек әдісі бойынша алмастырады, содан соң өзге топтың жұмысындағы әдеби-көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығарма желісі бойынша пейзаж сипатын сипаттайды.









ҚБ Әр топ әткеншек әдісі бойынша өзге топ жұмысымен танысқан бойда, жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар арқылы баға беріп кетеді.

Жасыл – топ жұмысының ұтымды тұсы.

Қызыл – тілек, ұсыныс, толықтыру.







ҚБ «Күнделік»

https://abai.kz/post/5471





Сабақтың соңы Рефлексия



Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Қызық?

2. Қажет?

3. Қиын?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі