Материалдар / № 19 Шоқанның шығармаларындағы жаңашылдық..docx
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№ 19 Шоқанның шығармаларындағы жаңашылдық..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
83
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім тақырыбы: Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шоқанның шығармаларындағы жаңашылдық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығарма үзіндісіне талдау жасайды;

Көптеген оқушылар: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы













Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл»

О қушыларға пікір ұсынылады. Сөз тіркесін тиімді қолдану арқылы пікірдегі ойды жалғастыру қажет.

Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең...

Сөз тіркестері:

Жоңғария, Жетісу, Іле өлкесі, Ыстықкөлге сапар, бірінші рет, 1856 жылы, Хаментовский, Ыстықкөл экспедициясы, Құлжа, үш ай, Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралық, бес ай, қызықты, пайдалы еңбек, «Ыстықкөл сапарының күнделігі», бірер айдың жемісі.

О қушыларға пікір ұсынылады. Сөз тіркесін тиімді қолдану арқылы пікірдегі ойды жалғастыру қажет.


ҚБ











Таратпа қағаздары







https://abai.kz/post/5471

Сабақтың ортасы



































Мағынаны тану.

Мұғалім оқушыларға қысқаша түсінік береді.

Әдебиеттегі психологизм – шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін, терең әрі детальді түрде бейнелеу.

Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінің түйісер тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психологияда, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма -феномен - психологизм», сонымен қатар кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе.

«Дөңгелек үстел» әдісі

ЖЖ. Оқушыларға «Ыстықкөл күнделігі» шығармасынан үзінділер таратылады.

1-жұп.

Ақсудың ағысы жылдам, оның жағалауы кей жерде терекпен көмкерілген. Жағалау тегіс, Лепсіге қарай жазық дала, дәл сондай дала Қисықауызға дейін созылып жатыр.

Ақсудан біз Алатаудың қарлы шыңдарын көрдік. Бұл таулардың алыс сілемдері көгілдірленіп аспанға ұласып кеткендей көрінді. Кей жерлерде шыңдар бұлттан асып көрінеді. Көтеріліп келе жатқан күн оларға қызғылт түсті сәуле шашады. Ғажайып көрініс. Қисықауыз Алатаумен салыстырғанда, жүзжылдық еменнің көлеңкесінде өскен шөп сияқты. Біз жүрген дала тегіс, біреу әдейілеп таптағандай және онда жусаннан басқа ештеңе жоқ. Оң және сол жақтан дөңгелек және қамал тәріздес молалар көрінеді, көпшілігі күмбезді. Жолда жылқылардың үйірі мен қойдың отары кездесті, алыстан қазақ үйлер қылаңдады. Бізді көрген қазақтар алысырақ кетуге тырысты, біз сұлтанның қонысы қайда екенін сұрайық деп малшыны тоқтатқанда, ауылдағы әйелдер шу көтерді. Ауыл шулап кетті. Әйелдер бір үйден екіншісіне жүгіріп, біреудің атын атап шақырды, шамасы биді болса керек.

- Олар менің қойымды алып кетті, - деді бір ащы дауысты әйел, шамасы, өзі солай болжаса керек, - менің кезегім емес қой, - деп шыңғырды ол.

Біз әрі қарай кеттік, ауыл тыныштала бастады. Тек жаңағы әйелдің ащы дауысы ғана бізге жетіп тұрды, күмән жоқ, қойын орыстардан сақтап қалғаны үшін ол Аллаға алғыс жаудырып жатыр.

Ары қарай жүрдік: жолда ауылдар жиі кездесті, бірақ қыбырлаған тірі жан болмады, барлығы: «Орыс, орыс!» деп шошына айғайлап, киіз үйлеріне тығылды. Күдікті сейілтіп, нәзік жандылардың қызығушылығын туғызу үшін мен қасымдағы қазақтарға қазақша ән салуды тапсырып, өзім салша киініп алдым. Бұл әрекет толық нәтиже берді, әйелдердің барлығы киіз үйден шықты, тіпті бір әйел мұсылмандар ретінде бізге арнап жоқтау жырын айтты.


1-қадам. Психологизм көрінісі: шығарма үзіндісінің мазмұнына талдау жасау;

2-қадам. Кіші топтарға бөлу;

3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша:

  • Әр сөйлеуші берілген үзінді бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді. Мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек.

4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес пікірлер бойынша ой-талқы;

5-қадам. Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу;

6-қадам. «Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде ой қорытындысын жасау.

Дескриптор:

  • шығарма үзіндісінің мазмұнына талдау жасайды;

  • берілген үзінді бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады;

  • «Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде ой қорытындысын жасайды.

Оқушылар қажетті ақпаратты дәптерге түртіп алады.

«Еркін микрафон»

Оқушылар өз ой қорытындысын таныстырады.















Оқушыларға «Ыстықкөл күнделігі» шығармасынан үзінділер таратылады.























Шығарма үзіндісінің мазмұнына талдау жасайды;

Берілген үзінді бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады;

«Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде ой қорытындысын жасайды.







Оқушылар қажетті ақпаратты дәптерге түртіп алады.
























































ҚБ









Көркем әдебиеттегі психологизм - көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру.








https://abai.kz/post/5471











А3 формат қағаздар, түрлі түсті маркер







Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.
*......................... екенін түсіндім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!