Материалдар / № 19 Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі ақын байламы.docx
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№ 19 Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі ақын байламы.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
119
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі ақын байламы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

Сабақ мақсаты

Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Бағалау критерийі

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жаза алады.



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылығын ояту. «Үлкен және кіші шеңберлер» тәсілі

Тақтадан «Шәкәрім, өмір кезеңі, ғалымдар, шығармалар, пікірлер...» деген сөздер көрсетіледі. Оқушылар бұл сөздердің бір- бірімен байланысын, неге қатысты айтылу мүмкіндігін, әсерін болжап, ойларымен бөліседі. Оқушылар үлкен және кіші шеңберге тұрады. Кіші шеңбердегі оқушылардың қолына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы ғалымдардың пікірі таратылады. Кіші шеңбердегілер үлкен шеңбердегі оқушыларға қарама-қарсы тұрып пікірлерді оқиды. Үлкен шеңбердегілер ең маңызды ақпаратты естеріне сақтап, «Шәкәрім – ғалымдар сөзінен кейін...» деген тақырыпта әдебиеттанушы ғалымдардың ойларымен өз ойларын байланыстырып пікірлерін айтады.

Ғалымдар пікірі:

«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Бұған оның сан алуан өлеңдері мен ән мәтіндері айқын айғақ бола алады. Біз бұл орайда оның жыр өлеңдерін де тізбелеп жатпай-ақ, соның қажетті деген кейбіреулеріне ғана тоқталып өтсек дейміз. Айталық, ол өзінің «Ойдан шығарылған бар түрлі әндерін» атты өлеңінде аталған ән талабына орай бірінші жолды 9, екінші жолды 10, үшінші жолды 9, төртіншісін 8, алтыншы жолды 11, жетінші тармақты 7 буынды етіп құрады. Тіпті, кейбір мәтіндерді 2 және 8 буынды етіп те құбылтады. Ал енді біріңғай 8,9,10,11,12 буынды өлеңдер де жиі ұшырасады. Бұлар өзіміздегі әр алуан зерттеулерде әр кезде арнайы қарастырылып, лайықты бағасын алып келгендіктен, біз сөзді осымен шектей тұрамыз....».

Оқушы пікірі:«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Біз бұл орайда ғалымдардың ақын шығармашылығы жайлы зерттеу еңбектері, сын-пікірлерімен толық келісеміз. Айталық, ақын өзінің «Жастарға» атты өлеңінде

-----------------------------------------------------------------------------------------

Тапсырма соңында оқушылар «3 жақсы …, бір дамытуды қажет ететін…» кері байланыс парағы арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқушылар бұл сөздердің бір- бірімен байланысын, неге қатысты айтылу мүмкіндігін, әсерін болжап, ойларымен бөліседі. Оқушылар үлкен және кіші шеңберге тұрады. Кіші шеңбердегі оқушылардың қолына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы ғалымдардың пікірі таратылады. Кіші шеңбердегілер үлкен шеңбердегі оқушыларға қарама-қарсы тұрып пікірлерді оқиды. Үлкен шеңбердегілер ең маңызды ақпаратты естеріне сақтап, «Шәкәрім – ғалымдар сөзінен кейін...» деген тақырыпта әдебиеттанушы ғалымдардың ойларымен өз ойларын байланыстырып пікірлерін айтады.






ҚБ











ҚБ








https://bilim-all.kz/olen/375-ZHastarga


Сабақтың ортасы

ІІІ. Мағынаны тану. «Категория» тәсілі. Оқушылар «Категория» тәсілі арқылы топқа бөлінеді. Тақтаға үш категория жазылады: «Тарих», «Әдебиет», «Сараптама». Оқушылар өз еріктерімен категорияларды таңдап алады. Алдын ала категория мамандарына орын дайындалады. Тақтаға Шәкәрімнің суреті салынған үлкен портрет ілінеді. Пресс-конференцияны жүргізуші спикер мен тілшіні мұғалім тағайындайды. Оқушылар өздері таңдаған категориялары бойынша орналасады. Спикер конференцияның өту тәртібімен мамандарды таныстырып, жұмысын бастайды. Пресс-конференция «Өмір шындығын суреттеудің хас шебері» деген тақырыпта өтеді. Мамандар тақырып бойынша өз категорияларына сәйкес көзқарастары мен ойларын білдіреді. Тарихшылар шығармадағы ақын өмірінен Абайдың алатын орны мен мәнін, әдебиетшілер шығарманың әдебиет саласындағы маңызын айтады. Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.Спикер конференция жұмысын аяқтағаннан кейін тілші баспаға конференция жайлы ақпараттық мақала ұсынады.

Қабілеті орта оқушыға пресс-конференцияны жүргізу, қабілеті жоғары оқушыға мақала жазу тапсырылады.

Дескриптор:

  • тақырып бойынша өз категорияларына сәйкес көзқарастары мен ойларын білдіреді;

  • Тарихшылар шығармадағы ақын өмірінен Абайдың алатын орны мен мәнін талдап түсіндіреді;

  • Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.

ҚБ

2-тапсырма. «TeD әңгімелері» әдісі

Сынып оқушылары топпен «Кейінгі жастар қабылдар, Айтылған дұрыс сөзімді...» тақырыбында екі минуттық шешендік сөз дайындайды. Шешендік сөз алдымен алдымен жұпта, содан кейін топ арасында тыңдалады. Топ мүшелері ең үздік деп танылған бір оқушының сөзін мектепішілік «TeD әңгімелері» конференциясына ұсынады.

Дескриптор:

  • екі минуттық шешендік сөз дайындайды;

  • Шешендік сөз алдымен алдымен жұпта, содан кейін топ арасында тыңдалады;

  • Ойларын қорытындылайды.

ҚБ

3-тапсырма. «Көзқарас- талдау- стандарттау» әдісі

Оқушылар «Жастарға» өлеңі бойынша «Түртіп алу» тәсілі арқылы ең маңызды ойлардан конспект жасап дәптерлеріне жазады. Сонымен қатар сынып оқушыларына қосымша дерек ретінде (мүмкіндік болса)«youtube.com 30.12.15» Шәкәрім. Қазақфильм, 1989 жыл» көрсетіледі. Хабарлама жасау үшін «Зерттеу сұрақтары» әдісі бойынша маңызды ойларға сұрақтар тізімін дайындайды. Сұрақтар тізімі жұпта талқыланады, жұптағы бір оқушы «сұрақ құрастыру шебері» болады. Хабарлама сұрақтары «зерттеу сұрақтары + бұл да зерттеу сұрақтары + нағыз зерттеу сұрақтары!» құрылымымен бағаланады. Оқушылар бірінші өлең шумақтары арқылы шығарманы зерттеуге негіз болатын тірек сөздерді жазады, тірек сөздерді қолдана отырып ақын шығармасына пікір береді. Екінші жазған конспектілерімен топта танысып, талқылау жасайды да, «Шәкәрім- дала данасы» тақырыбына сыни пікір жазады.

Үшінші жазған сыни пікірлерін сынып бөлмелерінің қабырғаларының А, В, С, Д бөліктеріндегі постерлерге апарып іледі. Оқушылар қабырғадағы жұмыстарға «Көзқарас – талдау –стандарттау» арқылы екі түрлі бағалау жүргізеді: өзін-өзі және жұптық бағалау.

Дескриптор:

  • өлең шумақтары арқылы шығарманы зерттеуге негіз болатын тірек сөздерді жазады;

  • тірек сөздерді қолдана отырып ақын шығармасына пікір береді;

  • «Шәкәрім- дала данасы» тақырыбына сыни пікір жазады.

ҚБ

Оқушылар тақырып бойынша өз категорияларына сәйкес көзқарастары мен ойларын білдіреді;

Тарихшылар шығармадағы ақын өмірінен Абайдың алатын орны мен мәнін талдап түсіндіреді;

Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.











Екі минуттық шешендік сөз дайындайды;

Шешендік сөз алдымен алдымен жұпта, содан кейін топ арасында тыңдалады;

Ойларын қорытындылайды.






Өлең шумақтары арқылы шығарманы зерттеуге негіз болатын тірек сөздерді жазады;

Тірек сөздерді қолдана отырып ақын шығармасына пікір береді;

«Шәкәрім- дала данасы» тақырыбына сыни пікір жазады.






















ҚБ












ҚБ






















ҚБ


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың соңы

Кері байланыс: «5-5-1» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырады, топ спикері мұғалімге апарып береді.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз.

2. Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз.

3. 5 сөзден 1 сөз қалдырыңыз.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!