Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 1 А.Құнанбайұлының .docx

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. 6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбайұлының "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің тақырыбы мен идеясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.

Көпшілігі: шығармадағы авторлық идеяның әлеуметтік-қоғамдық мәселемен байланысын анықтау.

Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі;

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






























Сабақтың ортасы




























І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

І. Қызығушылығын ояту.

  • Балалар,сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қане, шешіп көрейікші.

Авторы: Абай

«Сөздер сөйлейді» әдісімен Абай өмір жолын оқулықтан оқып, тірек сөздермен жұмыс жүргізеді.

Тірек сөздер:

1845

Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай

Зере, Ұлжан

Атадан алтау,

Анадан төртеу

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Абайдың білім алуы

Абай және Шығыс әдебиеті

Абай және орыс, шетел әдебиеті

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


ІІ. Мағынаны тану.

Абай айтқандай, «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты ма,қалай ойлайсыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады)

«Тізбектен не түсіп қалған?» әдісімен Абайдың өлеңі беріледі, соны оқушылар ұйқасын тауып мәнерлеп оқып шығады Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып тақырыпқа болжам жасайды.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

https://www.youtube.com/watch?v=iKEFW_xDGgw

Оқушылар «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің шығу тарихымен танысады.

(Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады).

1-тапсырма. Түсіну картасын жасау.

Өлең несімен ерешеленеді?

Өлең шумақтық өрнегі қазақ поэзиясына әсері қандай болды?

Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге қатысы қандай?

Дескриптор:

  • Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;

  • Өлеңнің қазақ поэзиясына әсері;

  • Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;

  • Ойын дәлелдейді.

ҚБ

Әдебиет теориясы

2-тапсырма. Өлең мақмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтаңдар.

1.Абай үшін өлең жазу нені білдіреді? Қандай мақсатпен

өлең жазады?

2. Ақын сөзін қандай адам ұғады?

3. Ақын өлеңі кімге арналған?
4.
Абайдың:

Өлеңі бар өнерлі, інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге, – деуінің себебі неде?

Дескриптор:

  • Өлең мақмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтайды;

  • Мазмұнын ашып түсіндіреді;

  • Ойын дәлелдейді.

ҚБ

Бекіту. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін интернеттен тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша негізгі идеясын түйіндеп жаз.

https://www.youtube.com/watch?v=JsWadO8KRMA

1. Пікір. Нақыл сөздер бойынша туындаған өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен келтір.

2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді тағы бір сөйлеммен дәлелде.

3. Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуің үшін бір сөйлеммен мысал келтір. Мысалды өмірден алуың қажет.

4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтір.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.


Оқушылар жаңа сабақты бастамастан бұрын, жұмбақ шешеді. Жұмбақтың шешуін тауып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.



Оқушылар «Сөздер сөйлейді» әдісімен Абай өмір жолын еске түсіру мақсатында тірек сөздермен жұмыс жүргізеді


Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.






«Тізбектен не түсіп қалған?» әдісімен Абайдың өлеңі беріледі, соны оқушылар ұйқасын тауып мәнерлеп оқып шығады Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып тақырыпқа болжам жасайды.




Түсіну картасын жасау.

Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;

Өлеңнің қазақ поэзиясына әсері;

Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;

Ойын дәлелдейді.





Сөздікпен жұмыс.






Оқушылар әдебиет теориясы бойынша білім алады.






Өлең мақмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтайды;

Мазмұнын ашып түсіндіреді;

Ойын дәлелдейді.









«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін интернеттен тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша негізгі идеясын түйіндеп жазады.








Қалыптастырушы бағалау

ҚБ









ҚБ











ҚБ











ҚБ





















ҚБ









ҚБ






6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы













А. Құнанабайұлы өмірі мен шығармашылығы





















А. Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі













https://www.youtube.com/watch?v=iKEFW_xDGgw














































https://www.youtube.com/watch?v=JsWadO8KRMA










Сабақтың соңы


Кері байланыс.


Үйге тапсырма: «Сегізаяқ» өлеңі бойынша әрбір шумақты бөліп алып, сол шумақ

бойынша синонимдік қатар жаса.

Мысалы, Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ –

«Ағайын бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды».









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2024
110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12