Материалдар / № 2 Адамзат бағындырған ғарыш.docx

№ 2 Адамзат бағындырған ғарыш.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. 8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
28
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адамзат бағындырған ғарыш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін анықтау, сөз тіркесінің ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Көпшілігі: тілдік құралдары арқылы берілген мәтіннің стилін анықтау, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін дұрыс қолдану;

Кейбір оқушылар: публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану , сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.

Бағалау критерийі

  • Тілдік құралдар арқылы стиль ерекшеліктерін таниды;

  • Сөз тіркесінің ерекшеліктерін ажыратады, дұрыс қолданады.

Алдыңғы білім

Байқоңыр – ғарыш алаңы

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.

Байқоңыр, обсерватория, ғарыш аппараты, ғаламшар сөздері арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.

Үй тапсырмасына шолу. Тақтада «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» сөздері жазылған қиынды ілініп тұрады. Оқушылар тапсырманы орындағанда қолданады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді




1-2-топтар публицицстикалық стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді және «Білемін» жазуының астына тақтаға іледі.

3-4-топтар ғылыми стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді және «Білемін» жазуының астына тақтаға іледі..

«Тұлғаны таны»

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ

Оқушылар өз топтарының атына байланысты сөздермен жұмыс жасайды. Топта отырған оқушылар іштей жұптаса отырып, тапсырманы орындайды.

Байқоңыр, обсерватория, ғарыш аппараты, ғаламшар

ЖЖ.

Берілген сөздерге қарап, көршіңе өз ойыңызды айтыңыз.

Сіздерге берілген сөз арқылы қандай маңызды тақырып құрастыруға болады?

Тақырыптың 2 атауын болжаңыз және мәтін құрастырыңыз: бірі - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын мәтін, екіншісі - ғылым саласына байланысты мәтін.

Дескриптор:

  1. Публицистикалық стильге сай мәтін құрастыра алады

  2. Ғылыми стильге сай мәтін құрастыра алады.

Жұпаралық бағалау.

Оқушылар назары сабаққа аударылады. Тақтада «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» сөздері жазылған қиынды ілініп тұрады. Оқушылар тапсырманы орындағанда қолданады.




Суреттегі тұлға туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.


Оқушылар өз топтарының атына байланысты сөздермен жұмыс жасайды. Топта отырған оқушылар іштей жұптаса отырып, тапсырманы орындайды.




Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.








«Бағдаршам» арқылы бағалайды. Жауабы дұрыс болса, жасыл түсті, қате болса, қызыл түсті, толықтыру керек болса, сары түсті стикерді көрсетеді. Сары, қызыл түсті көрсеткен оқушылардан ауызша кері байланыс алынады.
















Сабақтың ортасы





















































































































ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Тапсырма топппен орындалатын болғандықтан, уақытты үнемдеу үшін, тапсырманы топ ішінде бөлісіп алуға болады. Мұны топ басшысы дұрыс реттей алуы керек, мұғалім жұмыстың дұрыс бөлінгенін қадағалап, кейде көмекке келеді.

1,2-топтар оқулықтағы оқылым мәтінімен жұмыс жасайды.

3,4-топтар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Тапсырма.

Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

  1. мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері

  2. бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар

  3. эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.

  4. перифразалар

  5. сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар

  6. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

3-4-топтар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Ұшу аппараты

Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.

Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.

Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады

Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отынды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.[1]

Тапсырма.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1. Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?

2. Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.

3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?

4. Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?

5. Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.

6. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

Дескриптор:

  1. Стиль түрін анықтайды

  2. Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады

  3. Олардың қолданысына түсінік береді.

ҚБ

ӘТН.

3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңдар.

1. Оқылым мәтінінің бірінші азатжолынан сөздердің байланысу

тәсілдерін анықтаңдар.

2. Төмендегі мәтіннен есімді және етістікті тіркестерді теріп жазыңдар.

Дескриптор:

  • сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды;

  • ойларын дәлелдейді;

  • есімді және етістікті тіркестерді теріп жазады;

  • ойларын дәлелдейді.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН

4-ТАПСЫРМА. «Үш қадамды сұхбат». Берілген мәтіндер бойынша бір-біріңнен «Үш қадамды сұхбат» алыңдар.

1. А оқушы В-дан сұхбат алады, ал С оқушы олардың сұрақ- жауабын жазып отырады.

2. В оқушы С-дан сұхбат алады, ал А оқушы олардың сұрақ- жауабын жазып отырады.

3. С оқушы А-дан сұхбат алады, ал В оқушы олардың сұрақ- жауабын жазып отырады.

Кері байланыс.

Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз?


Тапсырма топппен орындалатын болғандықтан, уақытты үнемдеу үшін, тапсырманы топ ішінде бөлісіп алуға болады. Мұны топ басшысы дұрыс реттей алуы керек, мұғалім жұмыстың дұрыс бөлінгенін қадағалап, кейде көмекке келеді.




1,2-топтар оқулықтағы оқылым мәтінімен жұмыс жасайды.

3,4-топтар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.
































Стиль түрін анықтайды

Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады

Олардың қолданысына түсінік береді.











Грамматикалық тақырыпты меңгереді.





Грамматикалық тапсырмалар орындайды.



Сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды;

ойларын дәлелдейді;

есімді және етістікті тіркестерді теріп жазады;

ойларын дәлелдейді.









Берілген мәтіндер бойынша бір-біріңнен «Үш қадамды сұхбат» алыңдар.




















































Топаралық бағалау. «Мен саған, сен маған» әдісі.

Екі топ бір стильде жұмыс жасағандықтан, бір-бірін бағалап шығады.


Мұғалімнің кері байланысы. «Оң және теріс» әдісі.


























«Оң және теріс» әдісі.








«Оң және теріс» әдісі.






















































https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/


































(wikipedia.org/wiki)

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D1%88%D1%83_%D0%B0%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B













Сабақтың соңы


Рефлексия

Топтар тапсырманы орындап болған соң А3 парағына сабақта біліп шыққан мәліметтерін жазып, «Білдім» қиындысының астына апарып іледі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді




«Білгім келеді» әдісі

Топтар А3 парағына тақырып, мақсат, бағалау бойынша білгісі келетін ақпараттарын жазып, «Білгім келеді» қиындысының астына іледі. Мұғалім қалауы бойынша бір топтан ауызша ойларын тыңдауға болады.

Үйге тапсырма: 5-тапсырма


Жазбаша әрі ауызша кері байланыс


Қосымша мағлұматтар


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ