"Абайды оқы,
таңырқадан" "Абайды
оқы,орында" дегенге көшер кез
келді
Мархабат Байғұт
Адалға жүрмей, адам
түзелмейді. Адам түзелмей, қоғам түзелмейді. Халық түзелу үшін
әркім жеке-жеке өзін-өзі түзеу керек. Ол үшін "Қуанбасқа қуанып,
ұялмасқа ұялатынын" қоюы керек. Одан арылтатын жалғыз дауа - еңбек.
Абайдың ұғымында: " Еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені
бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні
керексізден сұрыптап, ақылды болады." Сонымен қатар халықты "
түзелмейтін қайыршыға" айналдырмаудың амалын
ол «Сегіз аяқ» өлеңінде анық
етіп ескертеді:
Егіннің
ебін,
Сауданың
тегін
Үйреніп, ойлап, мал
ізде.
Адал бол – бай тап
Адам бол – мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде...
Егіннің, сауданың ғылымын
игеру тек ыждағат пен ынта бар жерде ғана жүзеге
асады.
Абай барша ұғымының шын мәнін
ашып беретін бірден - бір өлшем - еңбекке көзқарас деп санайды.
"Алтыншы қара сөзінен" мына бір үзінді келтірейін: "Қазақ айтады: "
Бірлік болмай тірлік болмайды", -деп. Сондағы айтып отырғаны қай
бірлік?..... Қазақ ойлайды: ...ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ
дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда,
кедейліктен не зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма
бірлік. Жоқ, бірлік- ақылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік
малға сатылса антұрғандық... Ағайын алмай бірлік қылсын... сонда
әркім несібесін құдайдан тілейді, не шаруа іздейді... Әйтпесе әуелі
біріне бірі пәле іздейді... мұның қай жерінен бірлік
шықты?
"Ырыс алды - тірлік" дейміз.
Қай тірлік?.. Жаны кеудеден шықпағандық па? Ондай тірлік итте де
бар... Ол айтылған тірлік бұл емес. Көкірегің, көзіміз тірі болса,
соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға
сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла
алмайсың"
Айтудай - ақ айтқан емес пе?
Жалпы , біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін
басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрінде Абайдан
табасың.
Пайда ойлама, ар
ойла,
Талап қыл артық
білуге.
Абай
Ақыл табылмай тұрып ештеңе
табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар - намыс шыңдалмайды. Ар - намыссыз
азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте
алмайды. Осындай халден шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша
пейілі түскен перзенттері ғана сілтеп бере алады. Оның бірегейі
Абай.
Абай: "Әуелі мал тап"- дейді.
Бұл жердегі "мал" сөзі "байлық" және "капитал" сияқты ұғымдармен
мәндес. "Мал" - араб тілінде "меншік", "капитал" деген ұғымды
білдіреді.
Қазір малды немесе ақшаны қалай тауып жүрміз?
Адал жолмен бе, әлде арам жолмен бе деген сұрақ әр бір жан иесінің
көкейінде тұруы керек. Қай жолмен табылған мал немесе ақша
берекелді болмақ? Бұл сұрақтың жауабын Абайдан табасың. Мәселен "
Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты
адал кәсіп қыларлық орынға жұмсамайсың ?!" деп жазды 10-шы сөзінде.
Сөз жоқ, адамшылдықтың көрсеткіші - адал кәсіп, тілдің ұшымен
апырып - жапырып айту емес, аяқ - қолыңмен мейірленіп қызмет ету,
"оқтай зырлап, қардай борап" бейнеттеніп еңбектену. Осы жерде
еңбекті кім үшін істеген дұрыс? Өзің үшін бе, әлде адамдықтың
қарызы үшін бе? Бұл сұраққа хакім Абай: адам баласына еңбек етудің
түп негізін былайша түбегейлеп мәлімдейді. " Өзің үшін еңбек
қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы
үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың
".
Қазақ баласы үшін ара мен
құмырсқаның ересен еңбекшілдігі баршамызға аян.
Абай:
" Егер мал керек болса қолөнер үйренбек
керек. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың
әулиесі сол" - дейді 33-сөзінде. Он саусағынан өнер тамған қолы
өнерлі, ұста - бақ - берекенің иесі. Қоғамды ізгілендірудің басты
қаруы - өнімді, өрнекті кәсіппен
айланысу.
Абайдың 4-ші қара сөзінде " Қулық саумақ, көз
сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға
сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, қара жерде
береді, құр тастамайды"- деген . Абай атамыздың айтқандарын
бойымызға сіңіріп, ісмізде көрініс тапса, дәулетіміз тасып,
рухтанып, қанаттанып, сәулеттенер едік - ау! Жоғарыда айтылғандар
"толымды - білімді" адам болуға баулитын өнегелі даналық, ғибратты
сабақ, берекелі ақыл.