Материалдар / « Азат елдің ардақты азаматы »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Азат елдің ардақты азаматы »

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл іздестіру – зерттеу жұмыстарына туған өлкенің киелі топырағынан нәр алған әдебиет теориясының негізін қалаушы ғалым – филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қажым Жұмалиев туралы деректер жинақталып зерттелген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Жақсыбай негізгі орта мектебі





Тақырыбы:

« Азат елдің ардақты азаматы »







Орындаған: Айдын Тұрсынай

8 сынып

Жетекшісі : Рахметова Шолпан

Қойшығұлқызы








Мазмұны



Рецензия --------------------------------------------------------2 бет


Абстракт ---------------------------------------------------------3 бет


Кіріспе ---------------------------------------------------------4 бет


Негізгі бөлім

1. Жұмыстың сипаттамасы ----------------------5


2. Қажым Жұмалиев.--------------------------------5

Шығармашылығы -------------------------------------5

Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеу--------6

Әдебиет теориясына қатысты еңбектері------------------------------------7

Ғалым ұрпақтары ------------------------------------------------------------------7

Әнші зираты қалай табылды -------------------------------------------------- 8

Білім беру ұйымдарын атау мен қайта атау және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы --------------------------------------------9

Қорытынды -----------------------------------------11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.-----------12







Жақсыбай негізгі орта мектебінің 8- сынып оқушысы Айдын Тұрсынай

« Азат елдің ардақты азаматы » атты тақырыбына дайындаған

іздестіру - зерттеу жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ

Бұл іздестіру – зерттеу жұмыстарына туған өлкенің киелі топырағынан нәр алған әдебиет теориясының негізін қалаушы ғалым – филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қажым Жұмалиев туралы деректер жинақталып зерттелген. Тарих тылсымына бойлай еніп, ғылым үшін жанын аямай еңбек етіп, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, артына өлмес мол мұра қалдырған ғалым еңбегін бүгінгі ұрпаққа жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Ғалымның туған әдебиетімізде өзіндік мектебі, мәнері, шәкірттері бар қаламгер екендігін іздестіріп - зерттеуге оқушы басты назар аударған.

Іздестіру – зерттеу жұмысында оқушы академиктің қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданғанын келер ұрпаққа жалғайды.



Жақсыбай негізгі орта мектебінің

тарих пәнінің І санатты мұғалімі: Н.Оразова



















Азат елдің ардақты азаматы

Жақсыбай негізгі орта мектебінің 8- сынып оқушысы

Айдын Тұрсынай

Жетекшісі : Рахметова Шолпан Қойшығұлқызы


Абстракт

Іздестіру – зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:

Туған өлкенің киелі топырағынан нәр алған әдебиет теориясының негізін қалаушы ғалым – фиология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қажым Жұмалиев туралы оның мол мұраларын жинақтау, насихаттау.

Жұмыстың барысы мен кезеңдері:

Іздестіру – зерттеу жұмысының теориялық негіздері мен мақсаттары айқындалды. Қ.Жұмалиев жайындағы деректер жинақталып, теориялық тұрғыдан талданды. Іздестіру – зерттеу тақырыбына сәйкес ауылдағы, аудандағы кітапханаларға, мұражайларға шолу жасалып, ауыл ақсақалдарынан көптеген мәліметтер, аудиожазбалар алынды.

Зерттеудің әдіс тәсілдері:

Академик – ғалым жайында іздестіру деректері жүргізіліп, ғалымды көрген – білген адамдар мен олардың ұрпақтарымен сұхбат, ауыл ақсақалдары мен аудиожазбалар әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық және әдістанымдық негіздері:

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде басылым беттеріндегі Ғалым – академик Қажым Жұмалиев туралы мақалалар мен еңбектер басшылыққа алынды.

Отбасылық архивінен алынған деректер.

Іздестіру – зерттеу:

Ғалымның қазақ әдебиеті тарихындағы өзіндік орны ұрпаққа жеткізіліп дәлелденді.

Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі

Біздің бүгінгі сөз ететін тұлғамыз Қаратөбенің киелі топырағынан нәр алған, осы өлкеге ғана емес барша қазақ жұртының мақтанышына айналып, құрметіне бөленген ғалым, академик, жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, Филология ғылымының докторы, профессор – Қажым Жұмалиев. Төл тарихымыздан ойып алар орны бар өткен ғасырдың отызыншы жылдарында өлкемізді жаяу аралап, тарих тылсымына бойлай еніп, көне жәдігерлеріміз – ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, Махамбетті танып – біліуімізге өлшеусіз үлес қосқан ғалым еңбегін бүгінгі ұрпақтың терең тануына азда болса үлес қосу.


Зерттеу нысаны:

Қ.Жұмалиев

Ғылым үшін жанын аямай еңбек етіп, артына өлмес мол мұра қалдырған академик Қажым Жұмалиевті жас ұрпаққа дәріптеп, ол туралы мәліметтерді іздестіріп жүйелеу, зерреу нысаны болды.


Зерттеу жұмысының құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.










Негізгі бөлім


  1. Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Бұл іздестіру – зерттеу жұмысы өлкеміздегі тарихта аты қалған тұлға ғалым, академик Қажым Жұмалиевті бүгінгі ұрпаққа терең танытып, дәріптеуге арналған.

Қажым Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастап, 20 ғасырдың 30 жылдарынан қазақ Фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зеттеумен шұғылданғаны баршаға аян.


  1. Қажым Жұмалиев

Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әрі ақын, әрі драматург Қажым / Қажығали / Жұмалыұлы Жұмалиев 1907 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылына қарасты «Жалғыз ағаш» деген жерде дүниеге келген. 1968 жылы 16 желтоқсан күні Алматыда қайтыс болды. 1923 – 25 жылдары Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген. 1932 – 37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті). 1937 – 68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды.



Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеу

Қ.Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.

  • 1958–60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері”

1-томына

    • Қобыланды батыр”

    • Алпамыс батыр”

    • Ер Тарғын”

    • Қамбар батыр”

    • Қозы Көрпеш – Баян сұлу”

    • Қыз Жібек

Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген



2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.



2 томдық “Әдебиет тарихы” (1960). Екі томдық “Әдебиет тарихы” кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18 – 19 ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.

Әдебиет теориясы” (1938; 2-бас., 1964, 3-бас., 1969)

XVІ – XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы республикамыздың жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды.

Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы “Махамбет” атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғылыми айналымға енгізді





Әдебиет теориясына қатысты еңбектері

Қ. Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы - әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан «Әдебиет теориясы» деген кітабынан басталады. Бұл - қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. 
Ғалымның бұл ізденістері
«Стиль - өнер ерекшелігі» атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. 


Ғалым ұрпақтары

Баласы: Жұмалиев Махамбет Қажымович / Қажымұлы / – Әбу Насыр әл – Фараби атындағы Қаз ГУ –дің биология фаультетін бітірген, профессор.

Қызы : Жұмалиева Тамара Қажымқызы. Қазіргі таңда Алматыдағы Консерваторияда профессор. Екі қызы бар. Айгүл – мүсінші, Наргиз – суретші. / қазір АҚШ –та жұмыс жасайды.

Немересі: Жұмалиев Қажым Махамбетович/ Махамбетұлы/ - Қаз ГУ – дің биология факльтетін үздік бітірген. Қазіргі уақытта “ Самат групп ”компаниясының президенті.

Немересі: Жұмалиева Лейла Махамбетқызы. Қаз ГУ –дің биология факультетін бітірген . Қазіргі кезде АҚШ – та биология институтында жұмыс жасайды.Санкременто қаласында екі қызы бар. Айгерім және Милана. Жолдасы Калифорнияда суда жүзу жаттықтырушысы.



Әнші зираты қалай табылды

Әнші, композитор Мұхит Мералыұлының зиратының табылуының, оны қамқорлыққы алудың өзіндік тарихы бар. Ғалым Қ.Жұмалиев 1958 жылы Қаратөбе еліне келіп Мұхиттың зиратын тауып, ескерткіш белгі қойылуына, оның мәртебесін көтеру мақсатында жұмыстар жүргізген.

Кезінде төре тұқымының байлығынан аттап өтіп, өнерге етене бетбұрып, аймаққа әншілігімен әйгілі болған әнші Мұхиттың “Саралжын” совхозының №1 фермасына қарасты “Ақбақай” көлінің маңындағы төрелер қауымында екенін көпшілік біле бермейді екен. Оған қаратөбелік, академик-ғалым Қажым Жұмалиевтің септігі тисе керек. Бірде ол өзінің кезекті еңбек демалысын елде өткізбекке туған ауылына келеді. Бас қосып, әңгіме қызған жерлерде көнекөз қарттардың ауызынан атақты әнші Мұхиттың мүддесі “Ақбақайдағы” төрелер қорымында екенін естиді. Жастайынан оқу іздеп, елден ерте кеткен Қажым кемелденген шағында ауылдан естіген әңгімесіне қатты қуанды. Қашан да тың мәселеге жаны құштар ғалым құлағы естігенді көзімен көргенше тағат таппайды. Бірақ зиратты білетін адамның ауылында болмауы себепті, ол демалысы біткесін өкініш құшағына оранып, астанаға аттанып кетіпті. Жұмыс басты болып жүрген ғалымға оның сәті 1958 жыл түссе керек. Ол өзінің елу жасқа толу мерекесі қарсаңында тағы да елге келеді. Бұл сапарда қасында Орал облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Мақат Ырымжанов болды.









Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарын атау мен қайта атау және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 195 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарына белгiлi ғылым қайраткерлерiнiң, қоғам қайраткерлерiнiң, жазушылардың, ақындардың, Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлсiн.

      2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметінің         
2004 жылғы 19 ақпандағы  
N 195 қаулысына      
2-қосымша        

Қайта аталатын бiлiм беру ұйымдарының 
тiзбесi

Батыс Қазақстан облысы бойынша
      Қаратөбе ауданының Сәуле ауылындағы Жақсыбай орталау мектебi - академик Қажым Жұмалиев атындағы орталау мектеп;    Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылындағы Интернационал орта мектебi - Ханкөл орта мектебі


Саралжын ауылдық кеңесінің төрағасы Құсайын Жүсіпқалиевтің №2 ферма меңгерушісі Жақан Оразовтың, осы ферманың маңдайалды шопаны Мұқтар Қазымұқанов сияқты ел қамын ойлаған азаматтардың қолдауымен 1991 жылы Жақсыбай бала бақша мектебі болып қайтадан ашылды. Мектепке академик Қажым Жұмалиевтің есімі берілді. Қажым Жұмалиевтің немересі Қажым Махамбетұлы Жұмалиев осы мектепке келді. Арғы атасы Жұмалының атақонысында шығып тұрған “Жұмалы ағашын” көріп, тағзым етті. Өкінішке орай, бұл ағаш бір жылы болған үлкен өрттің ортасында қалып, өртеніп кетті. Ал, әкесі ғалым Қажымды ұмытпау үшін баласы Махамбет баласының атын Қажым қойыпты. Осы кішкентай Қажым мектепке 250 мың теңгенің музыкалық құралын және оқуға қажетті көрнекі құралдарын демеушілік жасады.

Мектеп директоры Н.Меңдешовтың Еңбек туы газетінде “Жақсыбай мектебі тарихта өз ізі бар білім ордасы” атты мақаласы жарияланды.

Мектеп дәлізінде Қажым Жұмалиевке арнайы жасақталған бұрыш бар.

















Қорытынды:


Іздестіру – зерттеу жұмысында ашылған тақырып арқылы, жинақталған материалдарды, қорғауға ұсынылған тұжырымдарды жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында мектептегі жоғарғы буындағы сынып сағаттарында пайдалануға болады.Сөз соңында айтарым ғалым – академиктің туған өлкемізден шықанын мақтан етемін. Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым академик Қажым Жұмалиевтің атына аудандағы үлкен орта мектептердің бірі лайық деп есептеймін.






















Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. «Төлеген Иманғазиев» Қ.Хасанов 2014 жыл Орал қаласы

  2. «Дала бұлбұлы» Қ.Хасанов 1991 жыл Қаратөбе селосы

  3. «Мәмбет,Рахметолла Шынаровтар» Қ.Хасанов

  4. «Орал өңірі» газеті 8.12.2007 жыл

  5. «Еңбек туы» газеті 15.09.2003 жыл

  6. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы, 2010 жыл Алматы «Арыс» баспасы

  7. Қаратөбе ауданы: Тарихи – танымдық анықтамалық 2008 жыл Орал Дастан

  8. Архив материалдары

  9. Ел аузынан



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!