Материалдар / " Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар мен жасөспірімдер қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде адекватты шараларды қабылдау үшін мектеп оқушыларының психологиялық сырқаттануы мен тәртіптік бұзылуларына біртіндеп талдау жасауды талап етеді. Барлық бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру үшін ата-аналарды, оқытушыларды, денсаулық сақтау саласы мамандары мен психологтарды, жұртшылықты белсенді түрде тарту қажет. Ел дамуының «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдық бағыттарының бірі ретінде Президент аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру маңызды компонент болып табылатын «Денсаулық, білім және азаматтардың амандығы» деп көрсетті. Осы стратегиядан шығатын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бірінші кезектегі міндеттер туралы» Жарлық шығарды. Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2024
262
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 тақырыб: Балалар мен жасөспірімдердің

денсаулығын қорғау


Балалар мен жасөспірімдер қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде адекватты шараларды қабылдау үшін мектеп оқушыларының психологиялық сырқаттануы мен тәртіптік бұзылуларына біртіндеп талдау жасауды талап етеді. Барлық бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру үшін ата-аналарды, оқытушыларды, денсаулық сақтау саласы мамандары мен психологтарды, жұртшылықты белсенді түрде тарту қажет. Ел дамуының «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдық бағыттарының бірі ретінде Президент аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру маңызды компонент болып табылатын «Денсаулық, білім және азаматтардың амандығы» деп көрсетті. Осы стратегиядан шығатын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бірінші кезектегі міндеттер туралы» Жарлық шығарды.

Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересек халқы денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының барлық перспективалары, халықтың өмір сүру жағдайының жоғары деңгейі, ғылым мен мәдениет дамуының жоғары деңгейі бүгінгі күнгі балалардың қол жеткізген денсаулығының қорытындысы. Соңғы жылдары байқалып отырған балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайындағы жағымсыз көріністер мемлекетке үлкен әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бұл мынадай себептерге байланысты:

Балалар мен жасөспірімдер есірткі, темекі және алкогольдің әсерін өздерінде сынып көруге тырысатын қатерге барады, сөйтіп қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Бұрынғының жоғалып, жаңа идеология мен субмәдениетке сай жаңа ойын-сауық ұйымдарының шалқып дамуы, мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің нашар экономикалық базасы, балаларға (қызығушылығы бойынша) қосымша білім беру мен бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жұмсалатын шығындардың жоғарылығына сай халықтыңтөлем қабілетінің төмендігі сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты жағдайдың қиындығы. Бүгінгі таңда психикалық және тәртіптік ауытқуы барлардың әрбір төртіншісі – бала. Дегенмен, жасөспірімдер арасындағы осы патологияның өсу қарқыны ересектерге қарағанда 2 есе жоғары. Әрбір сегізінші жасөспірім психика және жүйке жүйесі тұрғысынан әртүрлі патологияларға ие. Мынадай фактіні белгілеуге тура келеді, есірткі мен алкоголь сияқты психоактивті заттарды қолдану нәтижесінде психо-тәртіптік бұзылулары бар аурулар жылдам қарқынмен дамып келеді. Көпшілік баланың тәртібіне көптеген факторлар әсер етеді, солардың әсерінен жеке тұлға ретінде қалыптасуы, оның денсаулығы, психикалық және физикалық саулығы сақталады не бұзылады. Жасөспірімдер денсаулығына жасалған талдаулар жасөспірім-қыздар денсаулығының индекс деңгейінің төмендігін куәландырды, әрбір екінші қыз бала (46,9 %) қандайда бір аураға ие. Қаралған 100 мың қыздың 1466-да гинекологиялық патология байқалды. Олардың жартысы өсімпаздық жүйеде дисфункциялық жағдайға ие.

Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың әумесерлік мінез-құлық себептеріне жүргізілген талдаулар келесі жетекші факторларды анықтады:

  • жағымсыз отбасылық орта;

  • өзара түсінушіліктің және ата-аналар тарапынан қамқорлықтың жоқтығы;

  • тәрбиедегі кемшіліктер;

  • күйзелістермен, қоғамдық міндеттермен күресуге қабілетсіздігі;

  • өмірлік дағдының жоқтығы, соның ішінде айналасындағылармен қарым-қатынас жасау дағдысы, әсіресе құрдастарымен;

  • қысымға қарсы тұра алмауы және өз бетімен шешім қабылдай алмауы, сондай-ақ сыни ойлауының дамымауы;

  • психоактивті заттарға қолжетімділік;

  • агрессиялық жарнамалардың болуы;

  • мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мәселелері.

  • Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Оған дәлел ретінде балалардың, әсіресе әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегені болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың психикалық саулығын сақтау және нығайту бойынша бірлескен күш жұмсаудың үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы және Алматы қ. Білім беру департаментімен жасалған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» атты бағдарлама болып табылады. Онда диагностикалық әдістер жинағы және білім беру мекемелерінің психологтарына арналған ұсынымдар бар. Бұл бағдарлама Алматы қ. 5 пилоттық мектебіне енгізілді. психоактивті заттарға қолжетімділік;

  • агрессиялық жарнамалардың болуы;

  • мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мәселелері.

Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Оған дәлел ретінде балалардың, әсіресе әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегені болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың психикалық саулығын сақтау және нығайту бойынша бірлескен күш жұмсаудың үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы және Алматы қ. Білім беру департаментімен жасалған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» атты бағдарлама болып табылады. Онда диагностикалық әдістер жинағы және білім беру мекемелерінің психологтарына арналған ұсынымдар бар. Бұл бағдарлама Алматы қ. 5 пилоттық мектебіне енгізілді. Бұдан әрі оны Қазақстанның басқа да өңірлеріне енгізу жоспарлануда. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, Қазақстанның барлық мектептерінде факультативті болса да енгізілген валеология сабағында қарастырылады. ҚР БҒМ мен Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы бірлесіп, әрбір сыныпқа арналған оқулықтарды дайындады. Соңғы жылдары жалпы білім беру бағдарламаларына «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәні енгізілді, оның аясында төтенше жағдайлардағы оқушылардың тәртіп мәселесі қарастырылып, қауіпсіз тәртіп дағдылары үйретіледі. Жалпы білім беретін мектептерде мектеп оқушыларының тәртібіндегі өзгерістерге бағытталған басқа да пәндер жүргізіледі: жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықтық оқыту, гигиеналық оқыту, есірткі, АИТВ/ЖҚТБ профилактикасы, адамгершілік-жыныстық тәрбие, өзін-өзі тану. Қазіргі уақытта мектептегі білім беруді реформалау қарқынды жүргізіліп жатыр, барлық жүйе мектеп оқушыларына өмірлік дағдыларды үйретуге бет бұрды. Әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың, жасөспірімдердің және жастардың мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін келесі қадамдар жасалуы тиіс:

мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының тиімділігіне талдау жасау;

- қауіпсіз тәртіпке дағдыландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларына қатысты қолда бар бағдарламаларды біріктіру;

- әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың тәртібін түзету, осы топтың білім алуы мен бос уақытын тиімді өткізуінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы білім беру және басқа да бағдарламаларды жасау;

- заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру;

- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы негізінде осындай балаларға қоғамның шыдамды қарым-қатынасын жасау;

- ата-аналармен мақсатты жұмыстар жүргізу, оларға арналған оқу бағдарламаларын жасау;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!