« Балаларға Салауат пен
Қанағат қонаққа
келді»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген
қызығушылықтарын арттыру.
Спортқа
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ептілікке,шапгаңдыққа
жаттықтыру.
Қажетті
құралдар: кегли 4шт,үлкен доптар
2шт.
Балалар
адымдап залға
кіреді.Қонақтармен 3тілде
амандасады.
Залға бетін орап,айғайлап
Жалқаубек кіреді.
-Мұнда не болып жатыр
өзі,дауыстарың басымды ауыртты ғой.Өзім ауырып көңіл –күйім болмай
тұр.Ой-ой басым ай!Мазамды алмаңдар,дем
алайын.
-Салеметсіңбе Жалқаубек.Саған
не болды,неге көңіл-күйің жоқ?
-Басым,тісім,ішім барлық жерім
ауырып тұр.
Балалар Жалқаубек ауырып тұр
екен,ал сендер білесіңдерме ауырмас үшін не істеу
керек?
-Жаттығу жасау керек,спортпен
айналысу керек.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар
денсаулықты сақтау үшін күнделікті жаттығу жасап,спортпен айналысу
қажет.Сен Жалқаубек біздің балалармен бірге жаттығу жасасасаң
ауруыңнан тез жазылып шыға келесің.Қане біздің балалармен бірге
жаттығу жасап,қызыұты ойындар
ойнайық.
-Шынымен жазылатын болсам,онда
жасап корейін.
Балалар музыка ырғағымен
адымдап жүреді,Аяқтың ұшымен қол белде,өкшемен,қол желке
тұсында.Адымдап жүру.Қол белде жай жүгіру,адымдау.Балалар үш сапқа
бөлініп негізгі жаттығуларды
жасайды.
-
Б.қ. өкше бірге,аяқтың басы
екі жақта,қол белде басты алға, артқа,оңға,солға
айналдыру.
-
Б.қ.аяқтың арасы сәл
ашық,қолымыз төменде,иығымызды жоғары төмен
көтеріп,түсіру.
-
Б.қ.аяғымыз иық
кеңдігінде,оңға,солға иілу.
-
Б.қ.жерге отырып аяғымызды
алшақ қойып,қолымызды аяқтың ұшына тигізу,тізені
бүкпеу.
-
Б.қ.жерге шалқадан жатып,аяқты
жоғары көтеріп,төмен түсіру.
Ал енді балалар мен сендердің
жылдамдықтарыңды байқап көрейін.Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші
сайыс:
«Кедергілердің арасынан
еңбектеп өт».
Әр топтың балалары қойылған
кедергілердің арасынан жыланша ирелеңдеп өту
керек.
Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар,шынымен
жылдам екнсіңдер!Тағы не істей аласыңдар?
«Кенгуру».
Әр топтың балалар,үлкен доппен
белгіленген мәреге дейін секіріп өтеді.
Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар,шынымен
өте жылдам екенсіңдер,мен шыныменде жазылып келе жатқан
сияқтымын,ал енді қандай қызықты ойын білесіңдер,ойын ойнасам
толықтай жазылып кетем.
Қимыл қозғалысы аз ойын:
«Мышки»
1-2-3-4,
мышки ходят по
квартире,
Вдруг роздался строшный
звон,
Розбежались мышки
вон!
Қимылды ойын:
«Қоңыздар».
Балалар қоңыздар ұшты дегенде
қанаттарын қағып қоңыздар сияқты ұшады,қоңыздар құлап қалды дегенде
жерге жата қалып,қоңыздар сияқты қол аяқтарын
қозғалтады.
Балалар шеңбер бойымен адымдап
жүреді,шеңберге тұрып тыныс алу жаттығуын
орындайды.
Жалқаубек:Балалар сендерге көп
рахмет,сендердің жаттығуларыңның көмегімен мен ауырғанымды
ұмытып,жазылып кеттім. Барып ана жақтағы достарыма қалай спортпен
айналысу керектігін үйретейін сау
болыңдар,балалар.
-Балалар дені сау болу үшін
тек қана спортпен ғана айналыспай, дәрумендермен қоректену
қажет,сондықтанда мен сендерге алғыс ретінде мына дәруменді
алмаларды ұсынамын.Сау болыңдар балалар.
КМҚК «№33 «Күншуақ» бөбекжай
балабақшасы
Ойын
сауық:
Сәтбаев
қ.2017ж