Білім басқармасы
№ 84 «Кәусар»
балабақшасы
« Кәусар
жұлдызы»
(Қыз сыны байқауы)
Музыка жетекшісі: Жақыпбекова Г.
Т.
Астана – 2017
жыл
«Кәусар
жұлдызы»
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз
өссе елдің көркі деген сөзді...
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар!
Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Алтын сандық жұлдызы» сайысы
басталды,
Көргендер де арманда, көрмегендер де
арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Жүргізуші: Мың бұралған арулар билеп
басып,
Келеді міне ортаға толқып
тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы
алайық!
1-ші нөмірлі: Рустамқызы
Нұрсая ортаңғы «Жұлдыз» тобы.
2-ші нөмірлі: Құрманғазы
Қарақат ортаңғы «Айгөлек» тобы.
3-ші нөмірлі: Мұқанова Аружан
ортаңғы «Айгөлек» тобы.
4-ші нөмірлі: Ғабдуллин Аружан
ересектер «Күншуақ» тобы.
5-ші нөмірлі: Сабалова Зере
ересектер «Раушан» тобы.
6-шы нөмірлі: Сәбіхан Сабина
ересектер «Раушан» тобы.
7-ші нөмірлі: Акимбаева
Алтынай мектепалды даярлау «Қызғалдақ»
тобы.
8- ші нөмірлі: Жеңісқызы Дана
мектепалды даярлау «Қызғалдақ» тобы.
9-ші нөмірлі: Сағат Нұрай
мектепалды даярлау «Қарлығаш» тобы.
Жүргізуші: Мерекеге би билеп, ән
салайық.
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа
тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен
таныстырып өтейін.
1.
Таныстыру.
2.«Өнер алды – қызыл
тіл»(мақалды жалғастыру),ағылшын тілінде тапсыр маны
орындау.
3. Өнер
сайысы.
4.«Қыз еркем –кестесімен
көркем»(Шебер қолдар сайысы)
5.«Қыздарға әсемдік
жарасады»(Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші:Қазақта сөздің басы «сәлем»
деген,
Ұлыларым көркейген сәлемменен.
Шығады ортаңызға аруларың,
Өз-өздерін
таныстыруымен!
Жүргізуші: Ортаға I – ші
нөмірлі ортаңғы «Жұлдыз» тобының аруы Рустамқызы Нұрсаяны
шақырамыз!
Бас иемін ата-баба тұрғынына
Бас иемін жалпы қазақ ұлтына Әкем Азамат, Нұрсая менің есімім Келіп
тұрмын сәлем беріп жұртыма. Алтын сандық, алтын сандық Бір өзіңде
білім алдық Ойнап күліп құшағыңда Міне бүгін өсіп
қалдық.
Қызымын Азаматтың атым Сая
Келдім бүгін алдыңызға құшақ жая Қызымын ата-анамның өзі дара
Ақтаймын үмітіңді өсе бара.
Жүргізуші: Ортаға 2-ші
нөмірлі ортаңғы «Айгөлек» тобының аруы Құрманғазы Қарақатты
шақырамыз!
Барыс
жылы туылдым төртте жасым
Сәлем беріп иілсе көпке басым Назгүл апай басқарған «Алтын сандық»
Мөлдір, Гүлнар апайлар неткен асыл! Сайыс десе артқа бір
шегінбеппін, Амангельді бабамдай тебіндеппін. Орта жүздің тараймыз
қыпшағынан Сұрасаңыз ұруымды Бегімбекпін. Әкешім Құрманғазы, анам
Жанар, Оларды көрген жанның мейірі қанар . Сол жандар мәпелеген
Қарақатпын, Бақытты отбасынан өнеге алар. Өз әжем Қапия әжем
Өркөкия , Өнер десе бүлкілдер көмекейі. Астанада мен тусам, анам
сырда. Нағашым кіші жүздің шөмекейі .
Жүргізуші: Ортаға 3-нөмірлі
ортаңғы «Айгөлек» тобының аруы Мұқанова Аружанды
шақырамыз!
Сәлем сөздің анасы , мен Асқардың
баласы.
Аты
– жөнім Аружан , өнерде бар
таласы.
Үйдің тұңғыш қызымын, Аялаған
гүлімін.
Аққозыдан тараған , текті ұрпақтың
бірімін.
Сахнаның бүгінгі бола қалсам
«Ханшасы»
Ата-
ана туыстар қуанады
баршасы.
Жүргізуші: Ортаға 4-ші
нөмірлі ересектер «Күншуақ» тобының аруы Ғабдуллин Аружанды
шақырамыз!
Армысыздар , жиналған қауым
көпшілік.
Келдім мен де өзімді сынағалы.
Ұлықтап қазағымның дәстүр –
салтын,
Топтан озу мақсатым болсадағы.
Ару
болу мақсатым инабатты!
Атым Аружан болады сұрасаңыз
Арғын екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Рустем, асқар тауым,
Пана болып біздерге , жүз
жасаңыз
Анашым жанар атты ай дидарлы.
Ұстазым Салтанат апай аяулы
адам.
Біздерден бар білгенін аямаған.
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған.
Жүргізуші: Ортаға 5 -ші
нөмірлі ересектер «Раушан» тобының аруы Сабалова Зерені
шақырамыз!
Армысың , айналайын алтын елім,
Ешқашан бұзылмаған салтым
менің.
Бұл
байқау өз жалғасын таба берсе,
Сақтаймыз ата – дәстүр алтын
кенін.
Өнердің ашып есігін,
Шешендік сөзбен көсілдім.
Таныстырсам өзімді,
Зере менің есімім.
Мән беремін , ұлттық дәстүр-
салтына,
Тағзым еттім әділқазыға,
жалпыға.
Шығып ертең жақсы атым,
Әнші болу өнердегі мақсатым!
Жүргізуші: Ортаға 6 –шы
нөмірлі ересектер «Раушан» тобының аруы Сәбіхан Сабинаны
шақырамыз!
Сәлем берем, сәлем беру
салтымыз!
Сәлеммен сөз бастаған халқымыз.
«Қыз сыны» байқауына қош
келіпсіз!
Армысыздар жиналған жұрт
халқымыз!
Таныстарсам өзімді, сөз
бастаймын,
Орта жүздің найман атты
руынанмын.
«Алтын
сандық» балабақша
жұлдызы,
Сабыхан Сабина мен боламын!
Сабит деген асқар таудай әкем
бар,
Жанат деген ақ бұлақтай анам
бар.
Шәкіртімін Айман атты
апайымның,
Ал
ағайын қолыңды соқ аянбай.
Жүргізуші: Ортаға 7 -ші
нөмірлі мектепалды даярлау «Қызғалдақ» тобының аруы Акимбаева
Алтынайды шақырамыз!
Қыздардың арасында жарыс құрып,
Өнердің аруларын салыстырып.
Бас
иіп баршаңызға сәлем бердік.
Кетейін мен өзімді таныстырып,
Мұхит атты әкемнің жүзі болам,
Динара атты анамның қызы болам,
Алты жасар Алтынай атым менің,
Байбағұс ұлы жүздің қызы болам,
Қыздардың жансын деймін бүгін
бағы
Болайық біз көктемнің
қызғалдағы,
Алтынайды қол соғып
колдаңыздар,
Аруымын мен «Қызғалдақ»
тобындағы.
Жүргізуші: Ортаға 8 -ші
нөмірлі мектепалды даярлау «Қызғалдақ» тобының аруы Жеңісқызы
Дананы шақырамыз!
Жеңісқызы Дана мен боламын,
Аштым өмір есігін даласында
Арқаның,
Тумасымын Елорданың ол да, менің
мақтаным.
Әрқашанда тектілікке, тектімін деп мақтанам мен
де өзімше,
Әкем Жеңіс Қанжығалы Бөгенбай, мен
ағайын.
Анам Роза қол бастаған Қабанбайдың
ұрпағы,
Тұңғышымын ата-анамның, болатығын
сүйеніш,
Балдай тәтті сіңілдерім бар, Даяна мен
Дарина.
Жарысқа келдім бүгін қанат
қағып,
Жолым болып бүгін мен
қалықтармын.
Өнеріме қол соғып қуанатын,
Әрқашан да аман болшы туған
халқым.
Жүргізуші: Ортаға 9-шы
нөмірлі мектепалды даярлау «Қарлығаш» тобының аруы Сағат Нұрайды
шақырамыз!
Қазақтың мен қызымын қара
көзді,
Айтайын жүрегіммен жалын сөзді.
Алдарыңа барша жұрт басымды
иіп,
Берейін баршаңызға сәлемімді.
Тектіліктен жаралған қазағымның
Нұрын шашқан көктемнің
шуағындай,
«Нұрай» атты кішкентай
қыздарыңмын.
Жанып тұрған
ата-анамның
шырағымын,
Отбасының кенжесімін,
құрағымын.
Айбек деген әкемнің құндызымын,
«Алтай» атты руынан
тараған
Орта жүздің болашақ жұлдызымын.
Жүргізуші: Кітап- алтын
сандық,
Іші
толған қазына құт.
Оқы-оқы ойыңа тұт, - демекші,
сайысымыздың II-кезеңі: «Өнер алды – қызыл
тіл» (мақалды жалғастыру) ағылшын
тілінде тапсырма.
Тақтадағы берілген ұяшықтар бойынша талдау жасау
арқылы, аруларымыз тапсырмаларды орындайды.
Жүргізуші: Кедеймін деп
қысылма.
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырып жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік
Өнермен өрге басып
кідірмейік,- демекші, сайысымыздың III-ші
кезеңі:
«Өнер»
сайысы.
1. 1-ші
нөмірлі: Рустамқызы Нұрсаяның
орындауында «Мен қазақтың қызымын» атты әнімен қарсы алайық!!!
Жарайсың Нұрсая әнші апаларымыздың жолын берсін
саған.
2. 2-ші
нөмірлі: Құрманғазы Қарақаттың
орындауында «Жауқазын» әнімен қабыл
алыңыздар.
3. 3-
нөмірлі: Мұқанова Аружанның орындауында
«Мен қазақтың қызымын» әнімен қарсы
алыңыздар!
4. 4-
нөмірлі: Ғабдуллин Аружанның
орындауында «Гимнастика» тамашалаңыздар!
5.
5-нөмірлі: Сабалова Зеренің орындауында
«Ерке қыз» әнін қабыл алыңыздар!
6. 6- шы
нөмірлі: Сәбіхан Сабинаның орындауында
«Түрік биімен» қарсы алыңыздар!
7. 7- ші
нөмірлі: Акимбаева Алтынайдың
орындауында «Рок-н-ролл» биін тамашала
ңыздар!
8.
8- ші
нөмірлі: Жеңісқызы Дананың орындауында
«Мен бақытты баламын» әнімен қарсы
алыңыздар!
9. 9- шы
нөмірлі: Сағат Нұрай өзінің «Стиляга»
биін сіздерге ұсынбақшы, қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Сайысымыздың 3-ші кезеңі де өз
мәресіне жетті, ендігі 4-ші кезең, «Қыз еркем - кестесімен
көркем» демекші (Шебер қолдар сайысы)
Аруларымыз қуыршақтарына тіккен киім үлгілерімен таныстырады. Қалай
және кіммен бірігіп жасады,әңгімелеп
береді.
1. Рустамқызы Нұрсая «Көктем
мезгіліне арналған киім»
2. Құрманғазы Қарақат «Жаз
мезгіліне арналған киім»
3. Мұқанова
Аружан «Көктем мезгіліне арналған
киім»
4. Ғабдуллин Аружан «Күз
мезгіліне арналған киім»
5. Сабалова Зере «Көктем
мезгіліне арналған киім»
6. Сәбіхан Сабина «Жаз
мезгіліне арналған киім»
7. Акимбаева Алтынай «Жаз
мезгіліне арналған , «Бал көйлегі»
8. Жеңісқызы Дана «Жаз
мезгіліне арналған киім»
8. Сағат Нұрай «Көктем
мезгіліне арналған киім»
Жүргізуші: Сайысымыздың 5-ші
кезеңі: «Қыздарға әсемдік
жарасады» сән үлгісін
көрсету.
Жүргізуші: Ал, халайық, аруларға
тамсанайық,
Қыз
қылықты ән салайық
Атына заты сай аруларға,
Тағы да бір қол соғып қарсы
алайық.
Ару
қыздарымызды өздерінің сән үлгілерімен ортаға
шақырамыз!!!
1. Рустамқызы Нұрсая «Гүл
ханшайымы»
2. Құрманғазы Қарақат «Көктем
ханшайымы»
3. Мұқанова Аружан, қағаз
майлықтан жасалған «Раушан гүлі»
4. Ғабдуллин Аружан «Стаканнан
жасалған»
5. Сабалова Зере «Қағаз
гүл»
6. Сәбіхан Сабина «Ақша
ханшайымы»
7. Акимбаева Алтынай
«Бәйтерек» стаканнан жасалған
8. Жеңісқызы Дана , сіріңкеден
жасалған «Африка ханшайымы»
9. Сағат
Нұрай
Жүргізуші: Құрметті көрермендер
сайысымыздың соңына да келіп жеттік, олай болса әділқазы алқаларына
әділ баға берулеріне рұқсат етеміз.