Материалдар / " Мектепалды даярлықтың маңызы" атты мақаласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Мектепалды даярлықтың маңызы" атты мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.

Платон

Сулкеева Лайля Утеубековна

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы.«О.Жұмабеков мектебі»КММ-сі

Мектепалды даярлықтың маңызы


Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, салт - дәстүр, моральдық - этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алып, мектепалды даярлық сыныпта жалғасады. 

Мектепалды даярлық - бұл  ең алдымен бүлдіршіндердің  үлкен өмірге басатын  алғашқы  қадамы, бірінші  баспалдағы  десе  болады. Өйткені  бала  балабақшадағы  алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік  сезімін  қалыптастыра  бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі  балалардың  өмірін қорғау  және денсаулығына  қамқорлық жасау  болып есептеледі.

Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау.Баланың мектепке даярлық кезеңінде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады.Даярлық сыныптың  негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал даярлық сынып тәрбиеленушілері үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік топ өзгереді. Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.  Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен  қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Даярлық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді. Әріптерді танып, буындап оқуды меңгереді. Балалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшін, мектепалды даярлық сыныптың орны ерекше. Сондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін.

Жыл  бойы өткізілетін  мерекелік  ертеңгіліктер   әр баланың  өнерін көрсетіп ,  жұлдызын жағады, баланың  бойында эстетикалық сезімдері, шығармашылық қабілеттері дамиды.Отбасылық  спорт  сайысы, «Анашым-мақтанышым», «Жігіт сұлтаны», «Бүлдіршін ару» сайыстары  балаларға  нағыз  мереке  сыйлайды.

Даярлық  сыныпта тәрбиеленген  балалар -өз отаны мен туған өлкесіне деген сүйіспеншілікте , мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтын , қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік қарым-қатынаста болады. Бала қабілетінің  ашылуы үшін тәрбиеші жанашыл,  білімді, өз  ісінің  шебері  болуы  керек  десек,сәбиді  жоғары деңгейдегі  білім мен  адамгершілікке  баулитын тәрбиешінің  бойында барлық асыл  қасиеттердің  табылуы  тиіс.

Даярлық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді.Адамгершілік құндылықтарды түсіне бастайды, өз-өзіне қызмет жасауды  меңгереді. Партада отыру, берілген тапсырмаларды мұқият орындау, өз іс-әрекетіне  жауапкершілік дағдылары дамиды. Әріптерді танып, буындап оқуды меңгереді. Балалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшін, мектепалды даярлық сыныптың орны ерекше. Сондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін.

Балаларды мектепке дайындауда бала бойындағы психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші рөлді атқарады.Оқу жүктемесіне бес білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Даярлық сынып тәрбиешісінің міндеті бүлдіршіндерді   жан-жақты  дамыта  тәрбиелеу болса, мен өз жұмысымда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа стандартын  басшылыққа аламын. Баланың қимыл-қозғалысы  жеткілікті болғанда ғана  денесі  қалыпты  дамиды. Сыныпта өткізілетін ертеңгілік жиындар,  шаттық шеңбері  ,сергіту жаттығулары  осы  талаптарды  көздейді.

Ойын әрекеті  барысында  балалардың  ой-өрісі қалыптасып  ,сан  қырлы іс-әрекеттері  дамып, жеткіншектердің жан-жақты дамуына жол ашады. Балаларда  өздерін  қоршаған ортаға деген  қызығушылық  сезім қалыптасады.

Тәрбиеші балаларды отанын  сүюге ,елін, жерін  қорғауға  тәрбиелейді.Әсіресе  сауат ашу,  тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін көптеп пайдаланымын. Баланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту,  ана  тілінің  дыбыстарын  танып, дұрыс айтуды үйрету,оқуды меңгерту басты мақсатым. Адамгершілік құндылық бағдарын, мінез-құлық нормасын, тәртіптік ережесін халықтық салт- дәстүр үлгісінде қалыптастыру бүгінгі күннің талабы.

Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал даярлық сынып тәрбиеленушілері үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік топ өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. Сондықтан да мектеп алды даярлық тобы аса маңызды рөл атқарады.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!