400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Мүгедектігі бар адамдардың білім алуға мүмкіндігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүгедектігі бар тұлғалардың да білім алуға құқылы екендігі. Әлеуметтік салада білім беруді дамыту. Арнайы педагогика саласын дамытуға бағытталған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету орталығы КММ



Дефектолог - Салим Жанар Галимқызы





"

Мамандықтың маңызды емесі болмайды. Барлық сала маманы да мәртебеге

лайықты. Ең басты қойылар шарт, мен үшін, мамандығыңды сүю. Сол салаға

қалтқысыз қызмет ету. Адамдарға меңгерген мамандығың арқылы қызмет қылу. Мен

осы мақаламда өзімнің салам, жұмысым туралы айтпақпын.

Мен арнаулы әлеуметтік қызмет алуды қажет ететін адамдармен жұмыс жасаймын.

Оның өзіндік құндылықтары да бар. Ерекшеліктері де жетерлік. Басқа адамдармен

салыстырғанда біздің жұмыстың жұрт біле бермейтін қиындықтары да кездеседі.

Өзім Алматы қаласыдағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетін

дефектология мамандығы бойынша бітіріп, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы

"Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында" дефектолог болып жұмыс

жасаймын. Психо-неврологиялық ауруы бар адамдарға сабақ беремін. Біздің мамандық

ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға білім беру бағыты. Мен түрлі

методикаларды пайдаланып, мысалы монтессори әдісін қолданып сабақ жүргіземін.

Олардың білім алуға деген қызығушылығын оятқым келеді. Осындай ерекше білім

алуды қажет ететін адамдарға білім алудың маңыздылығын түсіндіріп отырамын.

Оларды қоғамға қосуға, ынталандыра отырып білімге қарай ұмтылдыруға жұмыс

жасаймын.

Жас маман ретінде жұмыс жасай жүре алдымда отырған адамдарды бақылап, кейбір

жайттарды ойыма түйіп жүрем.

Жалпы әлеуметтік осал топқа жататын мен жұмыс жасайтын адамдар қоғамда өз

орындарын толықтай тапты деп айта алмаймыз. Иә денсаулық жағынан жақсы қолдау

бар. Медициналық көмекке жүгіну мүмкіндіктері қарастырылған. Арнайы квота алып,

сауықтыру орталықтарына да бара алады. Зейнетақылары да тағайындалған. Бірақ

өзін қоғамның толық қанды мүшесі сезінуі үшін аталған адамдар психологиялық,

интелектуалдық тұрғыдан да дамуы, оқытылуы тиісті. Алайда бұл салада білім алу,

даму бағыты ақсаңқырап тұрғаны жасырын емес. Өздері де тұйықталып, қоғамның

томаға тұйық өкіліне айналып бара жатқандай. Ал шындығында бұл жандар басқа

адамдармен тең құқылы. Барлық жағынан да өмірге көзқарастары, ұмтылыстары

керемет. Тек біздің тараптан таза ниет пен қолдау, дамыту болса нәтиже көп күттірмесі

анық.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдармен жұмыс жасау мен үшін үлкен мәртебе.

Әр адаммен жұмыс жасаған сайын оған көмегім тиіп жатқанын көру кеудемде

мақтаныш сезімін туғызады. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.

Десе де мақаланы жазу мақсатымда жас маман ретінде осы саланы болашақта қалай

көретінімді де жаза кеткім келді. Арнаулы әлеуметтік қызмет алуды қажет ететін

адамдармен жұмыс барысында арнайы техникалармен жабдықталған, түзету

құралдары бар кабинеттер көп болса. Шетелдік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу

мүмкіндіктері қарастырылса. Түрлі тақырыптарға, методикаларға негізделген шеберлік

сабақтары өтіп тұрса.

Қәзір әлеуметтік желілер үлкен ақпараттық күшке ие. Желілерді пайдаланып аталмыш

топқа жататын адамдардың да қоғамның толыққанды мүшесі екенін насихаттасақ. Осы

саланы дамытуда олардың да пікірін тыңдап кем кетік жерлерімізді түзесек.

Дефектолог мамандығының мәртебесін көтеріп, мәнін түсіндіріп болашақ студенттер

санын арттырсақ деген тілегім бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2023
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі