Материалдар / : Қайталау ( Жылдамдық,уақыт,қашықтық)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: Қайталау ( Жылдамдық,уақыт,қашықтық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін қайталау, көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, жылдамдық,уақыт,қашықтық , қалдық жайлы білімдерін бекіту.ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.Оқушылардың бір –бірін тыңдауға, топпен жұмыс істеуге дамыту.: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.Сұрақ-жауап, өзіндік,топтық, домино әдісі, ұшақ әдісі, конверт – сұрақ әдісі, вейер әдісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәні 20.11.17 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау ( Жылдамдық,уақыт,қашықтық)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың білімдерін қайталау, көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, жылдамдық,уақыт,қашықтық , қалдық жайлы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.Оқушылардың бір –бірін тыңдауға, топпен жұмыс істеуге дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік,топтық, домино әдісі, ұшақ әдісі, конверт – сұрақ әдісі, вейер әдісі

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Сабақ көрнекілігі: Қима қағаздар, конверт- сұрақ,адасқан балық,тест, домино, вейер, ұшақ, бағалау парақшасы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Психологиялық ахуал

«Тілек шоғы» (Оқушылар шеңберге тұрып, бір – бірлеріне өздерінің бас әріптерінен басталатын жылы лебіздер тілейді)

Топқа бөлу. Ұзын ,орташа,қысқа таяқшалар арқылы топқа бөліну.

I топ – Жылдамдық

II топ – Қашықтық

IIIтоп – Уақыт

Топ басшысы сайланады. Бағалау парғымен танытырылады. Топ ережесін еске түсіреміз.

Бағалау парақшасымен танытыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Кубизм» әдісі арқылы көбейту кестесін қайталау.

III. Білу, түсіну

«Адасқан кубик» ойыны

  • 1342 * 2 =2684 4769 * 3 = 14307

  • 3969 : 3=1323 12 735 : 5=2547

  • 4321 * 2 =8642 640 * 6 =3840

Ұшақ әдісі”

1- топ:

х* 6 = 84048 : 2

х * 6 = 42024

х=42024 : 6

х=7004

7004 * 6 =84048 : 2

42024=42024

2) 492 + х = 20 000 – 2510

492 + х =17490

х=17490 – 492

х=16998

492 + 16 998 = 20 000 – 2510

17490 =17490

2 - топ :

х * 10 = 7890 – 890 10 000 : х = 500 * 2

х*10=7000 10 000 : х = 1000

х=7000 : 10 х= 10 000 : 1000

х=700 х=10

700 * 10 = 7890 – 890 10 000 : 10 = 500 * 2

7000 = 7 000 1000 = 1000

3 - топ :

96 800 : х = 5840 – 5740 4900 + х = 59 000 : 10

96 800 : х =100 4900 + х = 5900

х= 96 800 : 100 х= 5900 – 49 00

х= 968 х=1000

96800 : 968 = 5840 – 5740 4900 + 1000 = 59 000 : 10

100= 100 5900 = 5900

IV.Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай - ақ.



Қолдану. Қатесін тап: Вейер әдісі арқылы.

1529 : 4 = 382 (қ.1)

1437 : 6 = 239 (қ.3)

1358 : 3 = 452(қ.2)

40987 : 8 = 5123(қ.3)

6781 : 8 = 847 (қ.5)

8953 : 2 = 4476 (қ.1)

Талдау. Әр топқа Конверт – сұрақ таратылады. Ішіндегі тапсырманы орындайды.

1529 : 4 = 382 (қ.1)

1- топ: Арақашықтығы 20 км екі ауылдан бір мезгілде велосипедші мен жаяу адам бір – біріне қарама – қарсы шықты. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км\сағ, ал велосипедшінікі – 15 км\сағ.Олар қанша уақыттан кейін кездесті? Ш: 20 : (15 + 5 ) =1 сағ

2- топ: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір – біріне қарама – қарсы шықты да,3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км\сағ.Екіншісінің жылдамдығы қандай?

Ш: 27 : 3 = 9 км 9 – 4 = 5 км \ сағ

3 -топ;Екі ауылдан бір мезгілде бір – біріне қарама – қарсы шыққан екі салт атты 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км\сағ, ал екіншісінің 15 км\сағ. Екі ауылдың арақашықтығын тап . Ш: (12 + 15) * 3 = 81 км

Үй тапсырмасы:№6,7,8 100 бет.

Бағалау.

1- топ: Жылдамдық

1.теңдеуді шеш:

х* 6 = 84048 : 2

2.Бөлуді орында,қатесін тап,көбейтумен тексер.

1) 1529 : 4 =

2) 1437 : 6 =

3. Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір – біріне қарама – қарсы шықты да,3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км\сағ.Екіншісінің жылдамдығы қандай?



2-топ Қашықтық

  1. теңдеуді шеш:

492 + х = 20 000 – 2510

2.Бөлуді орында,қатесін тап,көбейтумен тексер.

1) 1358 : 3 =

2) 40987 : 8 =

3. Екі ауылдан бір мезгілде бір – біріне қарама – қарсы шыққан екі салт атты 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км\сағ, ал екіншісінің 15 км\сағ. Екі ауылдың арақашықтығын тап . 



3-топ. Уақыт

1.теңдеуді шеш:

96 800 : х = 5840 – 5740

2.Бөлуді орында,қатесін тап,көбейтумен тексер.

1) 6781 : 8 =

2) 8953 : 2 =

3. Арақашықтығы 20 км екі ауылдан бір мезгілде велосипедші мен жаяу адам бір – біріне қарама – қарсы шықты. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км\сағ, ал велосипедшінікі – 15 км\сағ.Олар қанша уақыттан кейін кездесті?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!