«Табиғат – біздің
анамыз!»
Мақсаты:
1. Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру.
2. Табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру.
3. Табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін
ояту;
Әдіс — тәсілдер: Сұхбат,
әңгімелеу, ой — шабуыл, шығармашылық, ізденіс, салыстыру,
билингвизм.
Шаттық
шеңбері. Сәлеметсіңдер
ме, балалар? Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі күн біз
үшін қуанышты болатынына сенімдімін.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.
— Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
— Қазақстанда.
— Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Оған көз
жеткізгілеріңіз келсе теледидарға назар аударыңдар.
Балалардың жауаптары:
— Бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен – көлдер де, жайқалған
орман да, асқар биік таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен
құстар мекендейді.
Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін
бейнелей отырып, тиым сөздер айту.
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді.
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
Күнімізді бұл баспасын.
Көбелекті өлтірмеңдер, ол — әдемілік белгісі.
Құсты атуға болмайды, құс — адамның досы.
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді.
Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз.
Асқар тауларымыз биік болсын.
Аққуды атуға болмайды, ол сұлулық
белгісі.
Тыныштық сәт
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,
ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен
тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын
сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Әңгімелеу. «Табиғат — Ана».
Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте
ақылды, мейірімді екен. Табиғат — Ана бір күні ұлдарын шақырып
алып:
— Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, — деп уәде
береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық
жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті
істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда,
аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған
ұлдары:
— Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?-
дегенде Табиғат — Ана:
— Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған
қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш
аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен
келеді екен.
Балаларға сұрақтар қою.
1. Табиғат
әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен?
2. Жер, су, ағаш бір — бірімен байланыста ма?
3. Су болмаса жердің көркі бола ма?
Дәйек сөз
Тәрбиеші балаларға Ө. Тұрманжановтың
«Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарын бүгінгі іс —
әрекеттің дәйек сөзі ретінде
айтады.
Қорытындылау.
Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік,
қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
— Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді. Ал құстар біздің
досымыз. Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді,
табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер — Анадан
өсіп өнеді екен. Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып,
оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін
білдік.
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Табиғатты аялайық!
Тәрбие сағатының мақсаты:Табиғат туралы түсінік беру, дүние тану
пәнінен алған білімдерін жүйелеу.
Табиғатты қоғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: СТО
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, хаттар, қағаздан қиылған
үйлер.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық
«Мен қандаймын»
Дамира-ақылдымын
Қызығушылықты
ояту
Бейне таспадан табиғат
көрнісін тамашалау.
Ой қозғау
— не көрдік?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат
Тірі
Өлі
Мағынаны
тану
Табиғат ол бізді қоршаған
орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық .
Табиғат -байлықтың көзі.
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың.
Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін
айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда
ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар
ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы.
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі,
қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян
тигізбеген.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты
заттарды киелі деп қастерлейді.
Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып
түседі, өзендеоде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары
жыл мезгілдеріне байланысты болады.
Су, құс, өсімдіктер туралы
слайдтан оқып беру.
Сурет бойынша
әңгімелеу.
Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша
әңгімелейді.
1. Адамдар табиғатқа қандай
зиян келтіреді?
2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді?
Суреттер арқылы топтастырады.
Ойын
«Почта»
Оқушыларға сұрақ жазылған
парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады.
Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы
керек.
1- хат. Адам өміріне не
қажет? ( жарық, ауа, су, жылу)
2- хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (
табиғаттан)
3- хат. Тірі табиғатты ата. ( адам, жануар, өсімдік)
4- хат. Өсімдік өсу үшін не керек? ( топырақ, су, ауа, жылу)
Слайдтан тыйым сөздер оқыту
Құстың ұясын бұзба.
Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме.
«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.
«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.
Әдеби мантаж.
Адамдар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты,
өзіндегі барды адамға, жан-жануарларға береді.
Думан. Табиғат- ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Дамир. Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында.
Жанель. Қыста мәз боп қаламыз
Сырғанауға барамыз.
Шытырлаған аязда
Зымырайды шанамыз.
Топшамалар арқылы
тапсырмалар беру.
1-оқушы. Суретті боя .
ненің суреті?
2-оқушы. Жыртқыш аңдардың атын жаз.
3-оқушы. Тірі табиғатқа жататындарды қорша.
4-оқушы. Семантикалық карта
Көкөністер мен жемістер
Бақта өседі Бақшада өседі
Алма
Картоп
Сәбіз
Жүзім
Алмұрт
Қарбыз
Ел ішінде кең тараған халық
болжамдары.
«Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады»
«Мысық жылы жерді паналаса- аяз болады»
«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»
«Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады»
«Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады»
«Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа
бармайды»
Ой
толғаныс
Сәйкестендіру.
Қайсысы нені жақсы көреді? Қайсысы неге
жатады?
Қоян шөп Түлкі Құс
Аю жаңғақ Қасқыр
Сиыр сүйек Торғай Жануар
Тиін бал Жусан
Ит алма Тоқылдақ Өсімдік
Кірпі сәбіз Ағаш
Ой шақыру
1. Табиғат нешеге бөлінеді?
2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?
3. Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?
4. су туралы не білесің?
Қорытынды.
Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борыш. Табиғатты аялап,
сүйе білейік.
Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз,
көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын
қорғайық.