Материалдар / " Тау тұлғалы талант иесі" 5-7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Тау тұлғалы талант иесі" 5-7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Жұмаділдаевқа арналған сыныптан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тау тұлғалы талант иесі

Мақсаты: Асқар Жұмаділдаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу арқылы оқушының логикалық есептер шығаруға деген қызығушылығын дамыту, ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Оқырмандар конференциясы

Көрнекілігі: Кітапхана іші әсем безендірілді, шарлар ілінді, ұлы адамдардың нақыл сөздері, Асқар Жұмаділдаевтың кітаптар көрмесі жасалды.

Кіріспе сөз.

1. «Ғалым келбеті» (А. Жұмаділдаевтің өмірі мен шығармашылығынан әңгіме шолу)

2. «Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау»

3. «Таным әлемі» (А. Жұмаділдаев еңбектеріне шолу )

4. «Ақын жанды болмаған математик те бола алмайды» дегендей А.Жұмаділдаев ақындығы

5. «Сәтті сұхбат»

Қорытынды


Ғалым,физика-математика ғылым докторы , профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев шығармашылығына арналған «Тау тұлғалы талант иесі» атты конференциясы. Енді осы конференциямызды бастаймыз


Кіріспе сөз:

Белгілі ғалым , физика-математика ғылым докторы , профессор , Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы 25.2.1956 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол өткен ғасырдың жетпісінші жылда­ры­ның басында Алматыда дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітіргеннен кейін Мәскеудегі М.В.Ло­моносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түскен еді. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Алғашында орыс тілінен қанағаттанарлық баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның матема­тика­лық нәтижелеріне тәнті болып аппеляциядан өткізуді ұсынады. Үшінші курста Асқар терең мәнді ғылыми жұмысы үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. ММУ-ді үздік аяқтап, одан кейін аспирантурасын бітіріп, алгебра мамандығы бойынша канди­даттық, отыз екі жасында атақты Стеклов атындағы Математика институтында док­тор­лық диссертациясын сәтті қорғайды. 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясыныңгрантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ғылыми дәрежелері

Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау

Дарындарға толы қазақ даласы,

Даралыққа  бәрінің бар таласы.

Асқар аға – асқар таудай ағамыз,

Шиелінің шетел білген баласы.

Таным менен тапқырлыққа талап қып,

Танытқан ол сан сынақта болаттық.

Он үшінен олимпиадаларға қатысқан

Облыс емес, республикалық, одақтық.

Намыс көріп мехматта мүлгуді,

Әдет қылған тереңдерге сүңгуді.

Лениндік стипендиат атанып,

Бітірген ол үздік болып МГУ-ді.

Жандыратын өрнекті өлең өртін де,

Тұра алатын әркез айтқан сертінде.

Кандидаттық диссертация қорғаған

Сол МГУ-де дәл жиырма төртінде.

Керемет қой жортқан талай көк бөрі,

Қазыналы Қаратаудың бөктері.

Физматтық ғылымдардың қазақтан

Отыз бірде болған тұңғыш докторы.

Жан емес ол мәнін білмей сарнаған,

Биіктерге жетелеген арман-ән.

Зерттеулерін Ли алгебра-сының ол

Когомология теориясына арнаған.

Есімі оның еліміздің мақтаны,

Абыроймен атқан әрбір ақ таңы.

Еректігі – ассоциативті емес бір

Алгебраның тепе-теңдіктерін тапқаны.

Болғандықтан санаты тым жоғары,

Мықты елдердің ең құрметті қонағы.

Германия, Италияда түстенсе,

Швеция, Канадада қонады.

Математикалық институттар құмар тым,

Кереметі көнермейтін шын алтын.

Мемлекеттік стипендиат боп АҚШ-та,

Жеңіп алған Швецияның грантын.

Батылдыққа байлаған ол белін нық,

Жасамаған өзіне әсте жеңілдік.

Боп Жоғарғы кеңеске де депутат,

Ол – лауреат Комсомолда Лениндік.

Таным десе тарқамаған құмары,

Асқар аға – сұңғылалық сыңары.

Құмдағы өскен кеше қара домалақ -

Шыңдағы өскен бүгін қазақ шынары.





Асқар ағамен сырласу

Пікірлесу сізбенен секілді бір от ұстау,

Сөздеріңіз оғаш та, ойларыңыз оқыстау.

Анау түрден қызарған сезіліп тұр қызбалық,

Анау көзден мүмкін бе, жалын атып, от ұшпау?!

Қарсыластың қисынмен есінен бір тандырып,

Дау-дамайды лезде жібересіз жандырып.

Кейбіреудің кірпияз көңіліне қарамай,

Тыңдаушының аласыз айызын бір қандырып.

Жүру қиын ілгері жұрт баспаған жолменен,

Килікпеу де күмәнді кедергіге көлденең.

Тақырыптың түйінді талайымен таныссыз,

Мысалды да айтасыз қойғандай ғып қолменен.

Оңай емес көп жанға үйренісу нарыққа,

Бет бұратын жандар да аз парасат пен парыққа.

Басқаларға қарап ап, бой түзеуі үшін де

Жұрт жігерін жанисыз намыс дейтін шарыққа.

Құр намыспен әрине, көре алмайсың күніңді,

Бұл пайымдау талайдың тағдырынан білінді.

Жегу керек дейсіз сіз ұлттық рух, мүддеге.

Қаржы менен қуатты, мәдениет, білімді.

Айтылған сөз астарын біраз адам ұқпайды,

Біреулері қарсы боп, екіншісі құптайды.

Талқылаудан талай жан, ақ тер ағып самайдан

Шаттанбауы мүмкін, тек шабыттанбай шықпайды!

Ойларда көп қозғалыс, жоқ бірақ та сабылыс,

Арнасынан аспайды, кеткенімен жаңылыс.

Жырларыңыз жігерлі, ұйқасы да ұйып тұр,

Астарында жатқандай туған жерге сағыныш.

Сан сауалды сараптап, сараладым ішімнен,

Қалам алдым қолыма қорытуым үшін мен.

Сырттай қарап сізге мен, өрнектедім өлеңмен,

Өнегесін өмірдің өз әлімше түсінген.

«Таным әлемі» А. Жұмаділдаевтың кітаптарына шолу жасау

  1. Медеттің есеп кітабы

  2. Қосу мен азайту

  3. Алдардың айласы

  4. Геометриялық фигуралар

  5. Шығайбайдың қулығы

«Ақын жанды болмаған математик те бола алмайды»

Математиканың қыры мен сырын терең меңгерген ғалым Асқар Жұмаділдаев ақын жанды да азамат. Шиелі қыстағындағы орталық Оқшы Ата мешіт-медрессесінің ашылу рәсіміне төгілткен жыр шумақтары:


Көңіл озар көк дөнен,

Шыға келді көлденең.

Ой жеткізбей зулатып,

Асықтырды ел деген.

Аңсағаным үй еді,

Толқу тасын түйеді.

Тоқсан теңдеу тоғысып,

Тастан түйін түйеді.

Өмірде көп қарбалас,

Сезім шайқас, жанталас.

Мәңгілікке кетердей,

Ой, ізіңді тасқа бас!

Алыстағы Отаным,

Жақындатсын осы әнім.

Мұхит асып өткенде,

Сәлеміңді тосамын.

Қасиетті Шиелім,

Оқалы тон киемін.

Бірақ сенің алдыңда,

От іздеген түйемін.

Оқшы Ата, киелім,

Қиындықта сүйедің.

Қайда жүрсем, жырақта,

Жүрегімде-Шиелім


«Сәтті сұхбат» сұхбаттан қысқаша үзінді


-Математикаға қалай келдіңіз?

-Атам Жұмәділданың ақ есегі болушы еді. Қайда барса да мені есегіне отырғызып алып қасынан тастамайтын. Біздің ауылда Палымша дейтін ақын болған. Соның сөздерін тыңдап отырып, көздеріне жас алған кемпір-шалдарды көп көрдім. Алғашқы мақалам-«Қазақ деген сөз қайдан шыққан?» осындай шалдардан естіген әңгімелер негізінде жазылды. «Сералы көкемнің айтқандары» деген айдармен «Қазақстан пионерінде» 1969 жылы басылды.

Нағашы атам Үсен момын да тақуа кісі еді. Бөріойнақ станциясында (орысша аты 27-разъезд) қырық жыл теміржолда істеген. Соғыс жылдарында Ленин орденімен наградталған. Намаз оқып отырғанда арқасына мініп алсам да намазын бұзбай жалғастыра беруші еді. Шыңғыс Айтматовпен бір кездесуде «Боранды бекетте» жалғыз қате бар. «Үсен Едіге болып кетіпті, Бөріойнақ Боранды болып кетіпті?» деп дәлелдемемді келтірдім. «Айтқаныңның бәрі де рас. Едігенің шын аты Үсен екен, Борандының шын аты Бөріойнақ екен» деп Шыңғыс ағам бауырына қысты.

Естіп-көргендерімді қағазға түсіруге талпынғаным рас. Алдымда Абайдай, Шыңғыстай алыптар тұрғанда қағаз былғауға батылым жетпеді. «Аталарымыздың сөздерін жаттап өссем де жаман болмаспын» деген қорытындыға келдім.

Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі болған деген пікір бар. Шындығында, №12 қазақ орта мектебімен қатар №56 мектепте жалғыз қазақ класы болатын. Физика-математика мектебінің кейін республикалық мәртебе алуының бір себебі жетпісінші жылдары республикадан балалар жинаудан басталады. Республикалық физика-математика мектебінің жыл санауды жетпіс екінші жылы бітірген бізден бастау мәнісі осы. Алматы қалалық математика олимпиадаларында үш жыл бойы бірінші орынды ешкімге бермедім. Алғашқы кезде орыс мектебі мұғалімдері мен оқушылары сенімсіздікпен қарады. Бүкілодақтық олимпиадаларға төрт жыл қатыстым. Бір олимпиадада (қателеспесем Ригада өтті( «8 литірлік ыдыста су толы. Оны 5 және 3 литірлік бос ыдыстарды пайдаланып, суды теңдей етіп екіге бөлу керек» деген есептің жалпы түрін шығарып арнайы сыйлық алдым. Бұл есепті менен басқа ешкім шығара алмаған екен. Бұл жеңіс кейін менің тағдырымның күрт өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Сондағы олимпиада жюри мүшелерінің бірін кейін МГУ-де көрдім.

Жетпіс екінші жылы мектеп бітіру аттестатын алысымен жетінші поездың плацкарт вагонына Мәскеуге дейін билет алдым. Мәскеу Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне құжаттарымды тапсырдым. Ол кезде қазіргідей олимпиада жеңімпаздарына жоғарғы оқу орындарына емтихансыз түсу секілді жеңілдіктер болмайтын. «Соғыс және бейбітшілік» романындағы Аустерлиц шайқасы жөнінде мазмұндама жаздым. Князь Болконскийдің жалау астында құлап, аспанға қарап өмір жайлы толғап жататын кезі. Романда бұл сәт екі-үш парақ. Мазмұндамаға келетін ешқандай оқиға жоқ, философиялық беттер. Екілік баға алдым, әрине. МГУ конкурсы қатты болғандықтан емтихандар басқа жердегіден ерте басталатын. Құжаттарымды алып, Алматыға үлгерейін деп қабылдау комиссиясына асықтым. Ол 12-қабатта еді. Лифтіде олимпиадалардан таныс бір кісіні көре кеттім. Мән-жайымды айттым. «Апелляция деген болады, яғни «бағамен келіспеймін» деп, дәлелді арыз жазып көр» деп ақыл айтты. Жұмысымды қарасам қып-қызыл «жеті қатеден аспаса үш болады» деп естіп едім. Бірнеше үтірден кеткен қателер бір ережені білмеуімнен болды. Сондықтан бұл қателер бірнеше рет емес, бір-ақ рет есептелуі тиіс деген дәлел ұстадым. Бұл есебім дұрыс болып жшықты. Он-он бес апелляциялар арасынан менің және бір украин қызының арыздары қанағаттандырылды.

Алматыда орыс тілінен өте алмаған талай математик балаларды білемін. «Апилляциядан өтіпті» деген бір адам көрмеппін. «Жақсылық жаса, оны міндет тұтпа» дейтін принцип ұстаған талай орыс интеллигенттері менің жолымда көп кездесті.


Қорытынды

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев-ғасыр тоғысында есімі ерекше аталатын қазақстандық көрнекті ғалымдардың бірі де,бірегейі.

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев Гамбург, Мюнхен, Билефельд университтерінде құрметті қонақ ретінде, Англиядағы Кэмбридж университетінің Ньютон институтында, Италиядағы Абдул Салам атындағы теориялық физика орталығында, Швед Королі Ғылыми Академисының Миттаг-Леффлер атындағы математика институтында қызмет істеген бірден-бір қазақ ғалымы.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!