Материалдар / « Тотықұстардағы кнемидокоптоз. Күресу шаралары »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

« Тотықұстардағы кнемидокоптоз. Күресу шаралары »

Материал туралы қысқаша түсінік
« Тотықұстардағы кнемидокоптоз. Күресу шаралары » атты зерттеу жұмысы. Толқынды тотықұстағы ең жиі кездесетін паразиттік ауру (95% жағдайда) - кнемидокоптоз. Аурудың қоздырғыштары Knemidocoptes туысы (Analgesoidea тұқымдасы, Knemidocoptes pilae, Knemidocoptes mutans және Knemidocoptes laevis түрлері ) микроскопиялық кенелер болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2022
240
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БҚО, Орал қаласы,

Облыстық экологиялық-биологиялық

орталығының қосымша білім беру педагогі « Зообақ » үйірмесінің жетекшісі

Өмірбаева Мөлдір Арманқызы


Зерттеу жұмысы тақырыбы: « Тотықұстардағы кнемидокоптоз. Күресу шаралары »

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығымыздағы тірі бұрышта тотықұстардың ( толқынды тотықұс, айырылмас тотықұс, розелла, корелла, жапон, зебр амадинамасы, какарак, какаду ) түрлері бар.Жалпы үй жағдайында және мектеп тірі бұрышында тотықұстарды ұстап, оқушылармен түрлі тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Толқынды тотықұстармен зерттеу жұмысымды 2021 жылы 19 қазанда бастадым.

Толқынды тотықұстағы ең жиі кездесетін паразиттік ауру (95% жағдайда) - кнемидокоптоз. Аурудың қоздырғыштары Knemidocoptes туысы (Analgesoidea тұқымдасы, Knemidocoptes pilae, Knemidocoptes mutans және Knemidocoptes laevis түрлері ) микроскопиялық кенелер болып табылады.

(1-cурет а ), ә)) Бұл ауру көз айналасы, тұмсықтың, қауырсынының, саусақ пен аяқтардың өзгерісіне және жоғалуына , өмір сүру жайлылығының бұзылуына әкеледі.( 2-сурет а), б), в), г)) .8-18 айлық құстарда көбірек кездеседі. Ересек тотықұстар ( 2 жастан асқан) сирек ауырады. Ауру үш кезеңге бөлінеді: жеңіл, орташа, ауыр.Ауыр жағдайда соңы өлімге әкелуі мүмкін.

Жұғу жолдары:

  • Сау тотықұс ауру тотықұспен тікелей жанасқанда ( ауру құсты сатып алғанда)

  • Тор, ойыншықтар, жем салғыш және су ішетін ыдыстар, т.б

  • Иелерінің қолдары арқылы

  • Стресс кезінде

  • Иммунитеттің төмендеуі кезінде

  • Дұрыс күтімнің болмауы

  • Зоогигиеналық нормаларының бұзылуы

  1. ә)

1-сурет

Кенелер дөңгелек пішінді, денесінің беті сарғыш реңкпен сұр, өлшемдері 0,3-тен 0,5 мм-ге дейін.Аналығы аталығына қарағанда үлкенірек. Хитин параллельді жолақты , сирек қысқа өсінділермен жабылған. Кенелер тіндік сұйықтықпен және эпидермис жасушаларымен қоректенеді. Аналығы жұмыртқаны тері ішіне салады. Даму циклі 5 кезеңді қамтиды: жұмыртқа – дернәсіл – протонимфа – теленимфа – имаго (ересек). Личинкадан ересекке айналу уақыты 3-4 апта.Сыртқы ортада температура мен ылғалдылыққа байланысты кене 2-9 күн өмір сүре алады.Кнемидокоптоз ауруы құстарға тұқымына, жынысына және жасына қарамастан әсер етеді.

Кнемидокоптоздың клиникалық белгілері: аурудың ағымы баяу, айқын белгілер 3-4 айдан кейін пайда болады. Әсіресе құстың басы осал болып келеді.

a) Тұмсығы ә) Көз айналасы

б) Қауырсыны в) Саусақтары, аяғы, табаны

2-сурет

Анамнез

Тотықұс жасы 8 айлық, жынысы еркек. ( 3-сурет а), ә))

Түсі көкшіл,басы мен мойынында ала-ала толқын тәріздес сызықтары бар. Қанаты мен құйрығында қара және сұр аралас жабындылары бар.

Ауру белгілері : көзінің айналасы ( көзі іріңмен жабылған ), тұмсығының үстінде ( сарғыш «әкті» жабынның болуы ), бас пен мойын жамылғысы зақымданған.Қатты қышудан мазасыз.Тәбеті төмен.Салмақ жоғалтқан.

Диагностика: ауру белгілері бойынша « кнемидокоптоз » диагнозі анықталды.

Picture 3

a) ә)

3-сурет

Күресу шаралары

Тотықұстардағы кнемидокоптозды бастапқы кезеңдерінде емдеу қарапайым.

Ол үш компоненттен тұрады:

  1. Оқшауландыру. Залалсыздандыру

  2. Ауру қоздырғыштарының жойылуы - Knemidocoptes кенелері

  3. Құстың иммунитетін арттыру және күтім (ұстау) жағдайларын жақсарту

Осы компоненттердің бірі дұрыс орындалмаса, аурудың қайталануы мүмкін. Емдеу шаралары жүйелі болса, оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Емдеу кезіндегі үзіліс, кенелер тез көбеюіне (ауру қалпына бұрынғы қалпына келуі мүмкін ) әкеледі.

1.Залалсыздандыру

Тотықұсты оқшауландырып, залалсыздандырғыш препараттармен

( экоцид С, виркон, вироцид, неостамазин, т.б ) залалсыздандырдым. (4-сурет а), ә),б))

  1. ә) б) 4-сурет


2.Қажетті дәрілер

Емдеудің негізгі компоненті - акарицидті жақпа. Құс көзіне, ауызына түсірмей, қауырсындарына, зардап шеккен аймақтарға жағылады. Мұны істеу үшін мақта тампонын немесе сурет салуға арналған щетканы қолдануға болады. Процедураны бірге орындау ыңғайлы: бір адам құсты ұстайды, екіншісі майды ақырын жағады.Тотықұстағы кнемидокоптозға қарсы танымал препараттар: Аверсектин жақпамайы (аналогы - новертин).Белсенді ингредиент - аверсектин С. Онымен емдеу әдетте 5 күн сайын жүргізіледі. ( 8-сурет а))Вазелин майы.Ауыз қуысына және қабақтарға түскен кезде құстың денсаулығының нашарлауына әкелмейтін қауіпсіз өнім, сондықтан оны көзге зақым келген жағдайда қолдану ұсынылады.Бірақ тиімділігі аверсектин жақпамайына қарағанда төмен, ол тек кененің өту жолдарын бітеп тастайды, сондықтан емдеу әр 2-3 күн сайын, ал асқынған жағдайда күн сайын жүргізіледі. ( 5-сурет ә))

  1. ә)

5 – сурет

Емдеу ұзақтығы 30 күн жүргізілді.Тотықұстағы кнемидокоптоз орташа кезеңінде. Алғашқы аптасында 3 күн сайын, қалған 3 апта да 5 күн сайын аверсектин жақпамайы жағылды. ( 6 сурет а), ә) )

  1. ә)

6- сурет

3.Дәрумендер

Тотықұстың иммунитетін жақсарту үшін қорегіне қосымша жемістер мен көкөністер қосып берілді.Радостин дәрумені ( 30 мл суға 12 тамшы ) суға араластырылып берілді. ( 7-сурет а),ә)

  1. 7 - сурет ә)

Қорытынды

Толқынды тотықұс 1 ай уақыт көлемінде кнемидокоптоз ауруынан толықтай жазылды.Оқшауландырудан алынып, топқа қосылды.Қоректенуі жақсы.Қайтадан салмақ қосты.Толықтай бұрынғы қалыпты жағдайына келді.

(8-сурет а), ә))

а) 19.10.21 ж ( Емделуге дейін )

ә) 19.11.21 ж ( Емделуден кейін )

8- сурет

Толқынды тотықұстардағы жиі кездесетін ауру - кнемидокоптозды зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, аурудың алу үшін келесі күресу шараларын ұсынамын:

- құнарлы қоректік азық ;

- кең әрі таза тор ;

- залалсыздандыру ;

- күнделікті ұшу ;

- стресс болмау ;

- көше құстарымен және карантинге жатқызылған құстармен байланыста болмау ;


































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!