Материалдар / « Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы» 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.Басқа ел валюталарымен таныстыру.Жаңадан айналымға еңген ұлттық валюта еңгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңнен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
2379
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:« Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы»

Мақсаты:Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.Басқа ел валюталарымен таныстыру.Жаңадан айналымға еңген ұлттық валюта еңгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңнен таныстыру.

Көрнекілігі:ақшаның түрлері, видеоролик, суреттер



Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.


Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша(теңге) деген не?

Ақша не үшін қажет?

Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ой қозғау: Ақша қандай қызмет атқарады? ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.

Қазақстан валютасының пайда болу тарихы

1991 жылға дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасы-рубль болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды, сондықтан Жоғарғы Кеңестің және Елбасының келісімімен Қазақстанда өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990 жылдардың

басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10 тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды. Артынша 600 тоннадай күміс сатып алынды. Одан кейін күмісті щетелге шығарып сатты, осыдан қаражат табылды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін


операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.15 қарашадасағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуы мен Ұлттық банк әзірленді. Теңге

Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол сауда да дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихыміне, осындай. Күрделі

жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңге мен ауыстырыла бастады. Бұл күніҰлтық валютаның туған күні болып саналады.

Қорытынды: Ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінеді. Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін оянады. Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, ұлттық теңгемізді қастерлеуді үйренеді. Ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінеді. Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін оянады. Еліміздің рәміздерін құрметтеуді,


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!