Баяндама:
Ә.Бөкейханның (қоғамдық
қайраткер,оқытушы, журналист, этнограф) қоғамдық саяси және ғылыми
мұрасы.
«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы
бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»
Ә.Н.Бөкейхан
Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан-05.03.1866
жылы Семей
облысы
Қарқаралы
уезінің Тоқырауын болысының 7-ші
ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай
ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың соңғы ханының бірі
Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның
шөпшегі.
XIX
ғ. соңы
мен XX
ғ.басындағы қазақ зиялыларының,
қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға
ретінде айтуға болады. Алаш
қозғалысының, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық
қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің
төрағасы, публицист, ғалым,
аудармашы.
Әлиханды әкесі Қарқаралыға
алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол
молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш
мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ
балаларына арналған мектепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886
жылддың 16 маусымына дейін
тәрбие-ленеді.
1886 жылы ол Омбыға келіп,
жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып
қабылданды.
1890-1894 жылдары
Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде
оқыды. Осы
жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып,
әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім
болды.
Ә. Бөкейхан-қазақтың тұңғыш кәсібіи журналисті
және жарқын публицисі
Әлиханның ғылыми-публицистикасын ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасыр басындағы отаршыл империяның езгісіне қарсы
күрескен бір Қазақстан емес, бүкіл отаршыл империясындағы тарихи
оқиға-құбылыстардың шежіресі деп батыл айтуға
болады.
Алаштың ұлы Әлихан өзінің мақала-очерктерін
30-жылдан астам бүркеніш есіммен (псевдониммен) жариялады. Олардың
көпшілігін орыс тілінде пайдаланды. Қазір оның 1930 жылдардың
ортасын.а дейін француздардың ықпалды «Фигаро» газетінде жарияланып
тұрғаны тың мәлімет анықталу үсінде. Өзінің ғұмырында Ә.Бөкейханов
төңкеріске дейін орыс тіліндегі «Иртышъ», «Омичъ» және «Голос
степи» газеттеріне редактор болса, қазақ тілінде тұңғыш жалпыұлттық
«Қазақ» газетін ұйымдастарды. Төңкерістен кейін қазақ тіліндегі
«Темірқазық» және «Шолпан» журналдарын шығарып, 1925 жылдан бері
шыға бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және «Сәуле»
журналдарын ашуға мұрындық болды. Кейін «Жаңа мектеп» журналының
«Қазақстан мектебі», ал «Әйел теңдігі» журналының «Қазақстан
әйелдері» басылымына айналғанын ерекше айта кеткен
жөн.
Әлихан Бөкейханның белсенді жарияланып тұрған
публистік жолы 1889жылдан қолдағы бар нақты тарихи деректер бойынша
1927 жылға дейінгі 40 жылға жуық кезеңді қамтиды. Ал «дүниежүзі
пролетариатының көсемі» В.И.Лениннің жақын үзелеңгілесі болған Д.В.
Бонч-Бруевичтің 1934жылы Мәскеуде пәтер қамауында отырған Әлиханға
жазған хатын ескерсек және қарт Алаш көсемі, ғалымы әрі
публицисінің «Фигаро» газетінде жарияланып тұрғаны туралы мәлімет
расталатын болса, онда оның публицистикалық дәуірі 1930 жылдардың
ортасына дейін дерлік жалғасқан болып шығады. Оның кейінге
қалдырған бай ғылыми-публицистік мұрасының тек библиографиялық
көрсеткішінің өзі ғана 30 беттен асады. Ә.Бөкейханның мыңға жуық
мақала мен очерктен және тағы басқа туындыдан тұратын
ғылыми-публицистикасы 1917жылғы Ақпан төңкерісіне дейін және одан
кейінгі 1927 жылға дейін 50-ден астам қазақ және орыс
басылымдарында жарық көрді.
Ғылыми еңбектері
Оның қаламынан шығып түрлі
мерзімді жарық көрген туындыларының географиясы да кәзіргі кең
байтақ Еуразия кеңістігін қамтиды. 1919 жылы большевиктер
өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.
Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. XIX ғасырдың
соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет
атқарып, ғылыми жұмыстармен
айналысады.
Ол 1896 ж. көрнекті
ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық
қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық
мүшесі болып сайланды. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама»
атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор
ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік
саяси қызметтерге де белсене араласа
бастайды.
1904 жылы қазақ
даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина
экспедициясының құрамында болды.
1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа
энциклопедиялық сөздіктің»
4-21 томдарына автор ретінде
қатысты.
Әлихан
Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал
шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының
саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы
тұлға. Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері
ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл
зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде
«Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған.
«Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған.
Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп
аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты
талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды
бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың
тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының
түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда
көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың
атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды
автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра
қарастырған»,- делінген
Ол қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын,
жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың
бірі.
Қоғамдық-саяси әрекеттері
Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия
басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп,
«саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды және бұл тізімнен патша
өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың
қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан
жоқ.
1916 жылы жер аудару мерзімі
бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың
қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары
атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының
азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі
біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей
жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты,
Ресейдің I Мемлекеттік
думасының және мұсылман халықтары
съезінің депутаты,
IV Мемлекеттік
Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро
мүшесі
болды.
Ол Ақпан
төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол
үміті ақталмайды. Уақытша
үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып
жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы
болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе
алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді
бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына
қатысады. Осында болашақ Сібір
республикасының құрамында Қазақ автономиясы
құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы
тұңғыш саяси ұйым Алаш
партиясын ұйымдастыруға кіріседі.
Артынша, 1917 ж.
желтоқсанында бүкіл қазақтардың
құрылтайында Алаш
автономиясы
жарияланып, Ә. Бөкейхан сол
алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып
сайланады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай,
жалған интернационалист, жадағай белсенділердің
көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет
тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан
Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен
қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй
қамауында отырған Әлиханды1937 жылы тамызында
қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында
Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың
14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы
бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан,
ақталды.
Ә.Бөкейхан туралы
фильмдер
1994 — «Алаш туралы
сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі
фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры:
“Деректі
фильм” Өндіріс:
“Қазақфильм”
Шәкен
Айманов атындағы киностудия.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан
XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми
тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған
негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері,
шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда
көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің
көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында
өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны
сөзсіз.