Материалдар / А есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлі мұғалімдердің есебін жазуға пайдалауға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
809
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдулаева Жанна Аукеновна І деңгей мұғалімнің А есебі

3 топ портфолиосы

Талдықорған қаласы 26.10.2015ж.


Өзгеріс не үшін қажет?

Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс керек? Осы сұрақ мені де менің әріптестерімді де ойландырып жүргені анық.Дәстүрлі қалыптасқан білім беру стильін өзгертіп,заманның ағымына ілесіп,оқушы сұранысын қанағаттандыру кәсіби мамандығын құрметтейтін әрбір педагогтың міндеті деп білемін.Жаһандану заманының қарқыны әлемдік білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер әкелді.Неге әлемдік білім беру жүйесіне реформа қажет болды? Әлемде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) ағымы толастамай үздіксіз дамуда.Осы ағымның тізгінін ұстап, реттеп отыратын адам болғандықтан, заман күтпейтінін білеміз.Адам-басты құндылық болса,ал адамның рухани құндылығы-білімінде.Өзгерген әлемді адамның білімінсіз елестету мүмкін емес.Әлемнің келешегін қалыптастыратын педагогтарға үздіксіз білім мен сол білімді жетілдіріп отыруға назар аударып отыру қажет. «Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болды[1, 7-бет]. ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстандық педагогтардың тәжірибесіне үлкен өзгеріс қажеттігін ескеріп, мұғалімдердің әдіс-тәсілдерін жетілдіруді қолға алғаны қуантады.

«Қазақстандағы білім беру үдерісі қай сатыда?»,«Орта білім беруге өзгеріс керек пе?», «Менің мектебіме ше?», «Кім өзгеріс енгізе алады?» және «Қалай енгізе алады» деген сұрақтар 2015 жылдың 10 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында Т. қаласындағы Педагогикалық Шеберлік Орталығында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру сатысындағы бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде ойландырған. Бағдарлама идеясын түсінген сайын мен өзгеріс аймағы, не үшін өзгеріс енгізу керек, өзгеріс енгізетін кім деген сұрақтарға жауап тапқандай болдым. Бағдарламаны меңгеру барысында әлемнің басқа мемлекеттеріндегі білім жүйесіндегі реформалардың сол елдің басқа мемлекетпен салыстырғанда алға шығуына септігін тигізгенін анық байқадым. Сол елдердің білім беру үдерісінде қандай өзгешелік бар екендігі мені қызықтара бастады. Ғаламтор арқылы бірнеше елдердің білім саласындағы жетістіктері мен өзгешеліктерін оқып, талдап, саралуға кірістім. Біздің білім беру үрдісімізден қандай өзгешелік пен ұқсастық бар екендігін түсіндім. Тәуелсіз сарапшылар жасаған салыстыру бойынша әлемдік білім беру жүйесінде АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай, Малайзия елдерінің оқу үрдісіне реформа жасалғаны белгілі.

Осы елдердің ішінде Финляндияның білім жүйесін реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге қол жеткізгендігін түсіндім. PISA бойынша 57 мемлекеттер арасында жаратылыстану пәндерінен ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп отыр. Финляндияның білім жүйесіндегі негізгі ерекшеліктер:

1.Білім берудің даралануы;

2.Гуманизация

3.Даму принципі;

4.Педагогтардың дайындығының жоғары деңгейде болуы;

5.Педагогтардың жалақыларының жоғары болуы;

6.Мектеп екі сатыда оқытады: бастауыш және орта; және оны әрқайсысы бітіруге міндетті.

7.Мемлекет ақысыз негізгі білім алуға кепілдік береді, оған оқыту, оқулықтар, дәптерлер, негізгі кеңсе құралдары, мектептегі тамақтану да ақысыз.

8. Мектептердің рейтингі шықпайды. Ешқандай тексерістер жоқ. Мектептің жұмысын муниципалиттер өздері бақылайды.

9.Бір ғана баламен педагогикалық ұжым әртүрлі әдістерді қолданып, нәтиже шыққанша айналысады.

10.Салыстыру үшін қойылатын бағалар жоқ. Оқушының оқудағы дамуы бағаланады. Оқушылар арасында бағаға деген бақталастық жоқ.

11.Оқушының сабақ оқуға ниеті болмаса, оны шақырмайды.

12.Оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету болмайды.

13.Емтихан кезінде оқушылар анықтамалықтар, кітаптар,қосымша әдебиеттерді, интернет пайдалана алады. Қолында бар ресурсты қолдануға мүмкіншілік береді.

14.Осы елде мұғалім, педагог мәртебесіні жоғары болғандықтан, ұстаз мамандығына құрмет ерекше. Мектепті бітірген түлектердің ұстаз мамандығына сұранысы жоғары болады. Мұғалімдік мамандығына мектепті және ЖОО үздік оқығандар, тәжірибе арқылы өткен университеттің түлектері барады. Сарапшылардың зерттегеніне сүйеніп, елде білімнің сапасы әлем елдерінің көшін бастап, мұғалімдердің төлемақысы басқа маман иелерімен салыстырғанда ең жоғарғы орында тұр (финдік педагогтің жылдық жалақысы 17 мың еуро).

Фин елінің білім үдерісінің біздің мемлекеттің білім саласына ұқсастығы білім алудың, жалпы білім беру тегін, білім беру балабақшадан басталады, мектепке деген сенімнің қалыптасуымен, білім беру әр оқушының білім алуына бағытталып құрылған.

Айырмашылығы: Қазақстанда білім беру сатысы бастауыш, негізгі және орта болып бөлінеді. Әрбір Қазақстандық орта білім алуға міндетті болып есептеледі.Менің мектебімде оқушының оқуға ниеті болмаса да, күнделікті партада отыруы сынып жетекшіден бастап мектеп әкімшілігі тарапынан да қадағаланады. Жеке оқушының білімі көтерілгенге дейін бүкіл мектеп ұжымы жұмыс жасау жолға қойылмаған. Себебі, бізде тек білім беруде мемлекеттік стандарттың орындалуы, пән бағдарламасының, тақырыптық жоспарлаудың орнымен уақытылы жүргізілуі қадағаланады. Яғни сынып оқушыларына жалпы білім беріледі де, дарынды және үлгермеуші оқушымен жұмыс қосымша жүргізіледі. Оқушы білімін аттестаттау:Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік емтиханда оқушы ешқандай көмекші құралдар мен анықтамалықтар, интернет пен оқулықтар қолдана алмайды.Қазақстан мектептерінде мектептердің рейтингісі жыл сайын тамыз конференциясында шығып тұрады. Рейтингке ҰБТ нәтижесі, байқаулар мен конкурстарға қатысқан жеңімпаз оқушылар мен ұстаздардың иеленген орындары әсер етеді. Менің мектебіме әр түрлі мекемелер тарапынан белгіленген жоспарлы, жоспарсыз тексерістер жүргізіле береді. Сол жөнсіз тексерістер мен ұшан-теңіз қағазбастылық педагогтарды жүйелі білім беруге емес, қажет емес құжат жинауға «жегіп қойды». Оның мысалы ретінде мектеп әкімшілігі болғандықтан мен «ауданнан келген тапсырманы дер кезінде орындаңдар» деген бұйрықты алған соң оқыту үдерісін «жинап қойып», сол мәліметті жинақтауға отырамын. Соңында күн режимінен артық жұмыс істеуге, сабақ процесіне емес, жоғарыға берілген мәліметтің мазмұнына алаңдауға мәжбүр боласың. Қазақстанда мұғалім мәртебесі жоғары деп айта алмаймын. Себебі тестілеу жүйесі енгізілгелі төмен ұпай иеленген түлектер басқа мамандыққа түсе алмағандықтан педагогтық мамандыққа барады. Ал сүйіп, қалап бармағандықтан ол түлектерден мықты маман шығады деу де қиын. Мұғалімдердің төлемақысының төмен болуы ұстаздыққа сұраныстың болмауына әкеліп отыр.

Келесі бір мемлекетке мен Корей елінің білім беру жүйесін салыстыруға алып отырмын. Корей Республикасында білім беру жүйесі соңғы 30-40 жыл ішінде дамудың тиімді жолдары арқылы әлемдік қауымдастықта үздік бағаға ие болды. Корей мемлекетіндегі білім беру үрдістеріндегі ерекшеліктері:

1атематика мен жаратылыстану пәндерін (TIMSS) оқытуда салыстырмалы халықаралық тестілеу мен оқушылардың білім жетістіктерін Халықаралық бағдарлама (PISA) бағалауы бойынша Оңтүстік кореялық оқушылар ең үздік нәтижелер көрсетуде; 

2.2012 жылы ағылшынның Pearson компаниясы өткізген әлемнің үздік білім беру жүйесінің рейтингісінде 20 мемлекет арасында Корея ІІ орын иеленеді;
3.Электрондық оқыту бойынша әлемде көшбасшы ел боп танылды. Электрондық оқыту мен ғаламдық ынтымақтастыққа бөлінетін қаржының көлемі ұлғайтылған.

4.Жалпы білім беру үш деңгей бойынша: бастауыш, орта және жоғары мектептер (6+3+3=К12).

5.Білім беру парадигмасы Digital Native буыны үшін құзырлылыққа бағытталған білім беріледі.

6.«Жалпыға бірдей білім» және «Өмір бойы білім алу» ұстанымдары тәжірибеде қолданылады.

7.Интернетке мобильді қолжетімділік және әлеуметтік желілер рөлі өскен. 
Қазір Корей Республикасында электрондық оқыту білім сапасын көтеру катализаторы ретінде қарастырылады. SMART оқытудың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, оқушылардың білімі мен дағдыларын дамытуға бағытталған, жоғары деңгейлі заманауи ақпараттық қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететін ортаны құру:

- ықтымақтастық орта;

- коммуникациялық орта;

- әлеуметтік жауапкершікті орта;

- сыни тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру;

- мәселені жылдам және сапалы шеше білуге дағдылану.

8.Корей елінде электронды оқытуды дамыту стратегиясы  (АКТ) ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы жетістіктерге жету болып табылады. Корей Республикасында білім беру үдерісіндегі АКТ стратегияларын іске асыру және саясатын тарату әлемдік деңгейде; АКТ -инфрақұрылымын бастауыш, орта, жоғары мектепте және ашық білім беру кеңістігінде білім сапасын арттыруға және АКТ-ны педагогтардың біліктілігін жетілдіруде сабақ беру практикасына кіріктіруге көңіл бөлінеді.

9. АКТ-ны пайдалануға педагогтарды дайындау үшін біліктілікті арттыруда «теңбе-тең» оқу ұстанымы кеңінен қолданылады, яғни біліктілігін арттырған әрбір ұстаз өз мектебі мен өзге мектептегі әріптестеріне жаңа тәжірибесін үйретеді. 
10.Мұғалімдердің кәсіби мәселелерін шешу үшін Кореяда педагогтардың желілік қауымдастығының қорлары белсенді пайдаланылады.

11.Кореяда біліктілікті арттыруда кредиттік жүйе қолданылады, яғни әрбір мұғалім жыл сайын 8 кредитті (120 сағаттық) жинау қажет. Педагогтардың АКТ-дайындығын қамтамасыз ету үшін арнайы контент жасақталған.[2]

Өз елімнің білім беру саласымен салыстыра отырып сипаттама беретін болсам, Қазақстандағы сияқты Корей елінде де үш сатылы білім беру: бастауыш саты, негізгі саты және орта білім беру сатысы бойынша білім беріледі. Корей мемлекетінде (6+3+3=К12) болса, Қазақстандық білім жүйесінде (4+5+2=11) арқылы жүргізіледі. «Жалпыға бірдей білім беру» және «Өмір бойы білім алу» ұстанымдары біздің мемлекетімізде де қолданылады.Корей Республикасында электрондық оқыту арқылы білім сапасын көтеру қарастырылса, ал Қазақстанда ЭО енді ғана қолға алынуда. Осы тұрғыдан алғанда ЭО білім жүйесіне енгізу оқу сапасын арттыру үшін тиімді механизм болып табылады. Интерактивті және қашықтықтан оқытуды кеңейту үшін Қазақстан мектептерінде электронды оқыту жүйесін /Е-learning/ енгізу кең етек алуда. Менің мектебімде педагог кадрлардың білім жетілдіру курстарынан уақытылы өтуі, курс мазмұнын түсініп, тәжірибелермен алмасуы жақсы жолға қойылған. Курс өтіп келген әрбір педагог семинар, дөңгелек үстел ұйымдастырып, пікір алмасып тұрады. Әсіресе АКТ-ны пайдалану барысында мамандарымыздың интерактивті сауаттылығын дамыту үшін (Е-learning, PISA, TIMSS) курстарға жіберіп отыру бірінші кезекке қойылған. Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті мамандар құрамын дайындау. Өзгермелі қоғамда жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға болуы қадағалануда.

Келесі білім жүйесі дамыған мемлекетке Жапония мемлекетін алып, салыстырғанды жөн көрдім. Жапония елінің білім жүйесінің дамуын зерделесек, жер көлемі шағын, табиғи қазба байлықтары тіптен жоқ, мұхит арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы адам капиталы, өз елі мен жерін шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Экономикасы керемет өркендеген, жаңа технологияларды игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған оның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашанда басты орынға қоятындығы екен. Сондықтан да осындай адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты маңыз беру нәтижесінде Жапония бұл саладағы әлемнің ең озық елі болып саналады. Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен, бес күндік оқу аптасы енгізіліп, балалардың мектепке өзің жақсы сезінуіне толық жағдай жасалған, балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жастарды жоғары біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойынша да Жапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда тұр. Жапония елінде «Мектептегі білім беру туралы заңға» сәйкес 6 жасқа толған бала бастауыш мектепке барып, онда 6 жыл бойы оқып, одан соң емтихансыз орта мектепке ауысады.3 жыл бойы оқып, 9 жылдық орта білім алу міндетті болып есептелінеді. Жапон елінде оқушылар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Үлгерімі нашар болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге болады, бірақ оны аяқтаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамдағы өз орнын табуы бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, сондықтан бәсекелестік ерте жастан басталады. Жапония мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел теннисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді. Негізгі мектептен басқа жапон балалары қосымша білім беру ұйымдарының «дзюку» қызметіне жүгінеді екен. Себебі, қосымша білім беру ұйымдарында алған білім орта мектепке және жоғарғы оқу орындарына түсуге көмектеседі. «Дзюку» қосымша білім беру ұйымына бастауыш мектептердің 15%, орта білім беретін мектептердің 50%, жоғарғы білім беретін мектептердің 99% білім алушылары қатысады.[3]

Бұл идея маған да ұнады, себебі бізде оқушылардың бастауышты аяқтап орта буынға өткеннен кейін білім сапасы төмендей бастайды. Ал, жоғарғы сыныптарға барғанда оқу жетістіктерін сырттай бақылау (9-сынып), Ұлттық бірыңғай тест (11-сынып) тәрізді білім сынақтары қарсаңында қиындық туғызары белгілі. Күнделікті оқу мен оқытудағы іс-әрекетті жүйелі жүргізіп отыру, оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырар еді. Қосымша білім беру орталықтары бізде де бар, оқушыларға білім беруде белгілі мақсатқа көзделмеген. Дамыған көп елдерде қосымша білім беру орталығы ақылы болғандықтан, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар қатыса алмайды.

Жапониядағы білім берудің тағы бір ерекшелігі олар тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында мұғалімдердің шағын тобын құрып сабақтағы іс-әрекетті зерттейді. Сондай-ақ Жапонияда мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарында пәндік оқыту, сабақтарға дайындалу және сабақ барысында компьютерді қолдану әдістемесі, тағы басқа әдістемелерді үйретеді. Мұндай орталықтарда үлкен оқу дәрісханалары, ғылыми химиялық және биологиялық зертханалары, шеберханасы, компьютер залы мен бейнезалы бар екен. Зертханалары заманауи жоғары технологиялармен жабдықталған және мектептерде зерттеу сабақтары енгізілген. Зерттеу сабағы – бұл сабақты және сыныпты зерттеу әдісі. Мектептерді зерттеу нәтижесіне сәйкес жапондықтар да, Гонконг те, Германия да Зерттеу сабағын қолданудың тиімді екеніне көз жеткізді. Зерттеу сабағын өткізу үшін сабақтар жоспарын оқытушылар тобы жасайды да, сол жоспар бойынша өткізілген сабақтарды бақылай және талдай отырып, мұғалімдер оқушыларды да, өздерінің қолданып жүрген әдістемесін де, жаңа әдіс-тәсілдерді де өз тәжірибелерінде бірлесіп зерттеуге мүмкіндік алады. Жапондықтар мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін заң көмегімен бюджеттен қомақты қаражат бөліп отырады. Зерттеу сабағының өтілуін мектеп басшылары қадағалап, ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Біздің әдіскерлеріміз сияқты келгенде тек тексеріп, кемшілік іздеп келмейді. Бұл елдің Білім беру мәселелері жөніндегі комитет нұсқаушылары мұғалімдерге мектепке барған кезде де, телефон арқылы да кеңес береді. Нұсқаушылар барлық мектептерде зерттеу сабағын өткізуге көмектесу стратегиясын әзірлесе, әдіскерлер мұғалімдердің сабақ денгейлерін арттыру үшін біліктілікті арттыру орталықтарында оқыту бағдарламаларын жоспарлайды екен. Бір сөзбен айтқанда, жапондық оқыту жүйесі үкімет тарапынан және білім беру мәселелері жөніндегі комитеті тарапынан үлкен колдауға ие. [4]

Осы әдіс қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде кең қолданысқа еніп жатыр. Мен істейтін мектепте былтырғы (2014-2015о.ж.) оқу жылынан бастап зерттеу сабағын өткізу МДЖ енгізілген. Нәтижесін биылғы жылы мектепішілік бақылау барысында қарастыратын боламыз. Меніңше, бұл әдісті енгізу арқылы біз сыныпты жан-жақты зерттеп, оқушыны оқу мен оқыту үдерісіне белсенді тарта аламыз және мұғалімнің де оқуына, оқушымен жақсы қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік туғызамыз.

Еліміздің білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етілді: 2009 жылы PISA халықаралық бағдарламасы нәтижесі Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері пәндік білімдерді нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға жеткіліксіз үйрететіндігі байқалды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай жатады. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр.Сондықтан білім беру жүйесіне енгізілген өзгеріс, мемлекет болашағының мықты, әрі тұрақты, берік болуына әсер етеді.





Сілтемелер:

[1] (Мұғалімге арналған нұсқаулық 7- бет).

[2] Н. М. Самыратов http://www.ipksko.kz

[3] /дерексөз http//www.virtual.tinaland.fi//

[4] «Педагогикалық диалог» журналы №2 2012 жыл)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!