Материалдар / Ә. Кекілбаев-проза шебері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ә. Кекілбаев-проза шебері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә. Кекілбаев-проза шебері. 6-11 сынып оқулықтарында оның шығармалары енгізілген. Сол шығармиалар негізінде факультативтік сағаттар да бар. Мақала әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған. Зерттеушілер үшін құнды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
1322
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Кекілбайұлы - шағын прозаның шандоз шебері



Қаламы қарымды кемеңгер жазушы атанған Ә.Кекілбайұлының өзгелерге ұқсамайтын және қайталанбайтын айырықша бір жазушылық қыры – оның ұтымды тәсілмен 2-3-ақ кейіпкермен ойлы да мағыналы әңгімелер жазуы. Қаламгер аталаған шағын прозалық шығармаларында қоғамда кезінде білдірмей етек жайып, орын алған келеңсіз құбылыстар мен күрмеулі мәселелерді көтере білді. Ол байқап, көре білген мәселелер онжылдықтардан басталып, ғасырларға ұласатын, жүз жылдықтардың үлесіне тиесілі мәселелер деп айтуға болады. Шағын прозаның шебері Ә.Кекілбаев бірнеше әңгімелерінде XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы тарихи жағдайлар және әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-моральдық қарым-қатынас ережелері, салт-дәстүр, жазылмаған халықтық қағидалар нәтижесінде қалыптасқан қазақ әйелдерінің бірнеше типтік образдарын айтайын деген ойына лайықтап жазған. Осындай шығармалардың тақырып-идеясын, кейіпкерлердің образдарын талдап-түсініп, олардың жан-дүниесін, өмір сүру ұстанымдарын тану барысында шағын әңгімелерін талдау, әңгімелерді жеке-жеке оқып, талдағаннан гөрі басты кейіпкерлерді бір-бірімен салыстыра талдау есте сақтау үшін, тиімді болуы мүмкін деп топшылауға болады. Бұл ретте «Жүнді барақ» және «Көз жасы», «Кек», «Галстук сатушы қыз» деген үш бөлімнен тұратын «Ажар» триптих-әңгімесін, «Ақ қайың» әңгімелерін қатар, яғни параллельде қарастыру арқылы белсенді оқытуды қамтамасыз етуге жол ашылады деп есептейміз.

«Жүнді барақ» әңгімесі ерекше түр, мазмұнға ие шығарма. Әңгіме 20 томдық шығармалар жинағында және әңгіме соңында «1961 жыл» деп жазылған 12 томдықта жарияланған.

Талғампаз суреткер бұл әңгімесін таңдаулы шығармаларының санатынан қалдырмай, жариялап отырғанына қарағанда, шығарманың өзінің де көңілінен шыққандығы байқалады [1]. Өте бір шытырман оқиғалы, бір оқып қалғанда, фантастикалық әңгімеге де ұқсайды. Ажар адам танымастай құбыжыққа айналған құрбандық болса, Аю адам да өз зұлымдығының құрбаны деуге болады. Адамға жасалған кесепаттың қарымтасы қайтпай қалмайды деген суреткерлік керемет шешім бар.

Мұндағы Аю - ерекше кейіпкер. Жазушы тылда қалып, әйелдер мен балаларға үстемдік жасап, дегенін қылып, адамгершілік қағидаларын мүлдем ұмытып, шектен шыққан ер адамдардың да типтік образын осылай жабайы аю бейнесінде сомдаған деген өзіндік болжам жасаймын. Шығыстық сарында мұндай аңыздық деректер бар, оны әдебиетте қолданған суреткерлер де баршылық. Шын өмірде сол кезде соғысқа жарамай қалып, броньмен қалып, талай текешіктер шығармада суреттелгендей қылықтарды жасағаны өтірік емес. Мысалы, қырғыз халқының атақты жазушысы Ш. Айтматов өзінің «Ана жер ана» шығармасында осы жайларды бүкпесіз ашып баяндайды. Сірә, ол шығарма әсері мен мағынасының оқырман, көрерменге драматургия жанрында сахнада әрекетпен айқынырақ, түсініктірек болып жететінін сезген. Халық арасында мұндайлардан «Айуан!», «Адам емес!», «Айуаннан тезегі баска!» дептеріс айналған, атын атамаған. «Жүнді барақтағы» Ажар, оның ұлы мен қызы да осындай айуандық әрекеттер нәтижесінде зардап шеккендер. Жазушы атын айтуға ауыз бармайтын «адам қолы жасаған ұяттар» иелерінің жағымсыз образдарын суреттеуде «мысал» жанрын «аллегория» тәсілімен ықпалдастыра, шебер қолданған. Әдебиеттанушылық, білімдарлық қабілетінің арқасында өзіне дейінгі орыс халқының классик ақыны И.А.Крылов тәсілдерін және одан үйренген қазақ әдебиетіндегі Абай, А.Байтүрсынов тағы басқа әдебиеттің поэзия жанрындағы жаңашылдық тәсілдерін проза жанрында қолдануы қазақ әдебиетінің проза жанрындағы сирек те серпінді құбылыс болды.

«Жүнді барақ» әңгімесіндегі «Ажар» деген есім Ә.Кекілбайұлының «Ажар» триптих-әңгімесінде тағы кездеседі. «Ажар» 1964 жылы «Жұлдыз» журналында одан кейін 1966 жылы «Бір шөкім бұлт» повесть, әңгімелер жинағында жарияланған.

«Жүнді барақпен» ұқсастығы - бұл оқиғаның да Ұлы Отан соғысы жылдарында өткендігінде [2].

«Ажар» - оқырманға таныс есім. Бірақ «триптих-әңгіме» деген жанрлық атауы да, құрылысы да, кіріспе, басталуы да әңгіме жанрында жазылған басқа шығармаларынан өзгеше. Біріншіден, шығарма жай әңгіме емес, қазақ әдебиетіндегі тың жанр - триптих жанрында жазылған.

Триптих - грек сөзі, 14-16 ғасырларда пайда болған діни тақырыптағы сурет өнеріне қатысты термин [3].

Бұрын әдебиетте, музыка өнерінде «үш өлең», «үш сонет» ұғымын берсе, «Ажарда» «үш әңгіме». мағынасын беріп, астарлы түрде жазушының философиялық пайым, көзқарасын танытып, «ұш түрлі тағдыр» мағынасын мегзеп тұр деп болжуға болады. Бұл сөзімізге триптих-әңгімедегі әйелдердің барлығының да есімдері «Ажар» деп аталуы дәлел болады деп ойлаймыз. Жазушы ол әйелдерге лайықты ат таба алмады деуге ешбір негіз жоқ, бұл оның жарты ғасыр ішінде пайда болып, қалыптасқан ұлт анасы – әйел-анлар тақырыбын көтеруде шеберлікпен қолданған тың да, төте әдіс-тәсілі. «Ажарда» 50, 60, 70-жылдарға тән үш түрлі тағдыр қамтылған. «Көз жасы», «Кек», «Галстук сатушы қыз» - үш әңгіменің де басты кейіпкері – әйел, барлығының да есімдері - Ажар.

Айырмашылық басты кейіпкерлер – әйелдердің өмір сүрген кезеңдерінде және олардың алдына қойған мақсат-мүдделерінде. «Көз жасындағы Ажар қазақ әйелдерінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі, «Кек» одан кейінгі 50-60- жылдардағы әйелдердің, «Галстук сатушы қыз» одан бергі кезең – 70- жылдардағы қазақ қыздарының жиынтық бейнесі деп пайымдауға толық негіз бар деп есептейміз.

Екіншіден, «Жазушы «Ажар» триптих-әңгімесіне орыстың классик жазушыларының бірі А.П.Чеховтың әйгілі «Скрипка Ротшильда» шығармасынан алынған үзіндіні эпиграф етіп алған. «Зачем люди мешают друг-другу жить, ведь от этого какие убытки, страшные убытки»[4]. Оқырманды «әп» дегеннен «Қазақ қызы, қазақ әйелі Ажардың орыстың А.П.Чеховына немесе орыс халқына қандай байланысы бар екен?» деген сұрақпен ойландырады. Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында елімізге ағыла көшкен қоныс аударушылардың арқасында көп ұлтты мемлекетке айналған қазақ қоғамына «сынықтан өзге жұқты». Атап айтсақ, қазақ әйелдерінің ой-санасына жиырма жылдың ішінде осыған дейінгі қағида, дәстүрге мүлде жат, кереғар ұғым-ұстанымдар еніп, эгоист әйелдер қауымы пайда болғанын тарихи шындық. Үшінші бір ерекшелігі - әңгіме эпиграфына автордың эпилог арқылы түсініктеме беруі. Бұл да тегіннен-тегін емемс деп ойлаймыз. Алдымен жазушы жанр ерекшелігінен алдын ала хабардар етеді: «Осы бір сөздерді оқығанда менің есіме әр қилы үш оқиға түсті. Бәрінің де басты қаһарманы – Ажар, тіршілік ажары - әйел. Бомбадан бастап бейбастақ қалжыңға дейін адамның адамға істейтін қиянатының қай-қайсысына да тәнімен, жанымен, бүкіл болмысымен күйзелетін – тек әйел ғана. Еркектердің шүмектеген қанын, шақырлаған тісін емес, әйелдің мөлдірей аққан көз жасы мен селкілдеген иығын көргенде барып: «Адамдар-ау, қамшының сабындай кеп-келте өміріңізде бір-біріңізді ренжіте көрмесеңізші, әр минут, әр секундтеріңіз санаулы ғой, олар тұнжырап өтпесінші», - деп күбірлейсің. Мұның бәрін ойда-жоқта жолығып, ойда-жоқта ой салған әнеу бір күнгі мұңсыз-қамсыз әсем күлкі, саған арнадым» [5 ].

Бұл сөздер азаматтық тұлғасы аса биік, гуманист жазушының бүкіл қоғамды ойлануға, қателіктердің алдын алып, жөндеуге шақырған жан айқайы деуге болатындай.

Бірінші Ажарға қатысты әңгіме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім бірінші сыныпқа баратын бала Нұртайдың анасы Ажардан шын әкесі туралы сұраған сауалы арқылы шиеленісті байланыспен басталады. Негізгі оқиға сюжеті әңгіменің ең ұзақ он беттен тұратын екінші бөлімінде лирикалық шегініс арқылы Ажардың атынан баяндалады.

«Ажар» триптихындағы екінші әңгіме «Кек» деп аталады. Соғыс бітіп, тыныш заман орнады, бірақ қазақ әйелі әлі некесіз бала тууда. «Көз жасында» бұған соғыс салған зардап кінәлі еді. Тыныш замандағы неғылған кек? Бұрынғыдай ел мен жерді жаудан қорғаған абыройлы кек алу емес, бір отбасындағы ер мен әйел, замандастар бір-бірінен кек алуының, ажырасулардың себептерін көрсетіп, ойландырады. Ендігісіне кінәлі кім? Шығарма автрдың «Ай астында әйел барда әшкере болмас қылмыс, қайтпайтын кек жоғын бүгін болмағанмен күндердің күнінде олар да ұғар» деген сөздерімен тұжырымдалады [6]. Әйел кейіпкерлер бұған табиғаттағы әйел адам қажеттілігі үшін барды деген ой да барын оқырман қаперіне береміз. Табиғаттағы қандай нәрсенің де екі жағы бар. Биологиялық дамуда, қажетсінуде мұны медицина жоққа шығармайды.

Үшінші бес беттік хикаяда бейбіт күнде, гүлденген заманда, жасыл желек Алматы қаласында тұратын галстук сатушы қыз өзге біреудің кұйеуін, отбасылы еркекті іздеп, терезесіне телміріп, жалғыздан-жалғыз күн кешуде. Сарыла күту, жалғыздық сарыны «Көз жасындағы» Ажарды еске түсіреді.

Әйел тәрбиесі, жалғыз бастылық мотиві жазушының тек бұл емес, «Шеткері үй» шығармасында да өзекті тақырып болып көтерілген [7]. Бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесінің алтын діңгегі - әйел. Ал егер әйел азса, не болады?! Көркем шығармада қоғамның басты да өзекті мәселесі көтеріліп тұрған жоқ па? Өкініштісі, бұл қазіргі қоғамда тіпті етек алып бара жатқаны шындық. Отбасы - қоғам, мемлекет үшін қай кезде де құндылық. Қазақтарға жүргізілген 1924 жылғы Ресей санағында бірде–бір ажырасқан отбасы болмаған. Қазақтардағы некенің құндылығын, тұрақтылығын осы деректен көруге болады.

Жазушы Ә.Кекілбайұлы осылайша XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы әйелдердің типтік образдарын жасақтаған. «Ажар» триптих-әңгімесі әйел-аналар бейнесінің әдебиеттегі ең нәзік те, мәңгілік тақырып екендігін тағы да дәлелей түседі.

Ал «Ақ қайың» әңгімесінде жазушы қазақ қыздарының төртінші типтік бейнесін жасақтаған. «Ақ қайың». 1989 жылы «Жалын» журналында жарияланған. Бойжеткен образы галстук сатушы құрбысына антоним іспеттес сомдалған. Жазушының ең қысқа да, нұсқа әңгімелерінің бірі. Қарапайым да көркем баяннан біздің ұққанымыз – автор қашан да Бекендерге, яғни жас абитуриенттерге тілекші, бар үміті соларда. Оқырман да ізгі ниетпен әңгіме соңына жетіп, ойланып қалады [7] . Ресторандағы даяшы қыз уақытша ғана жасырын, алдағы жарқын өміріне қай күні көлеңке түсірері белгісіз жеңіл жолмен мол табыс табудың жолына түскен. Олардың теріс жолға түскенін былайғы жұрт байқамайды, тіпті оқырман да бірден тап басып түсінбеуі мүмкін. Олар жайлы қалталы, ақшалы еркектер ғана анық біледі, оларды іздейді. Ә.Кекілбайұлы «Ақ қайыңда» қоғам назарына алдыңғы әңгімелердегіден де маңызды мәселені ұсынған. Ол - болашақ аналар, бүгінгі жас қыздар тәлім-тәрбиесіне қатысты мәселе. Тәрбиенің осал тартқаны соншама, бесіктен белі шықпаған, ана сүті аузындағы жап-жас қыздардан тойымсыз, ақшақұмар, біреудің бала-шағасының аузындағы нәпақасына ортақ болуға арланбайтын, паразиттік әдіспен өмір сұруге дағдыланған жалқау қыздар тобыры пайда болды.

«Мәлік қызды есепке шақырды. Ақша ұсынып жатып, әлдене айтып еді, қыз бағанадан бері осы арада ғана езу тартты. – Ой , бала, ағаң қатырды. Әлгі қызды көрдің ғой. Анада біздің бір қатқан жігіт айтып еді. Көнді. Ертең демалысы көрінеді»[8].

Осылайша, Ә.Кекілбайұлы адамзаттық құндылықтар жайында қоғамдық формация кезеңдеріне еш тәуелсіз қыран құстай еркін ойлап, терең бойлап жаза алған жазушы. Ол мемлекет және қоғам қайраткері ретінде адами және қазақи асыл қасиеттерге төнер қауіп-қатерлердің қай жақтан және қалай келгенін білген және бұрынннан болжап, терең бойлап жазған жазушы деп айтуға болады. Арман қала Алматыға жан-жақтан келіп, ой түземей сыланып, бой ғана түзеген ару қыздарды жазушы ақ қайыңға теңейтін тәрізді.

Қорыта айтқанда, Ә.Кекілбайұлының шағын прозалық ығармалары құрылысы жағынан да, тақырып, идеяларының өзектілігімен де маңызды. Аталған әңгімелердегі жағымды кейіпкерлерден үйреніп, жағымсыз кейіпкерлерден жиреніп, ой түюге болатындай. Ә.Кекілбайұлының осы аталған әңгімелеріндегі жоғары адамгершілік, моральдық тұрақтылық, отбасы әдеп-ережелеріне қатысты адамгершілік, ұлттық құндылықтар тәрбиесі мәселелеріне қатысты авторлық ұстаным, көзқарасы бүгінгі ұрпақтың ой түйіп, үлгі алуына лайықты шығармалар.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Әбіш Кекілбаев шығармашылығы. «Арыс» баспасы. 2018. I том, 112-бет.

2.Әбіш Кекілбаев шығармашылығы. «Арыс» баспасы. 2018 ж. I том, 84-б.

3.Әбіш Кекілбайұлы. Алматы «Жазушы» баспасы. 2019 ж. 6-том, 48-52-беттер.

4.Әбіш Кекілбайұлы. Алматы, «Жазушы» баспасы. 2019 ж. 6-том, 18-бет

5.Әбіш Кекілбайұлы. Алматы, «Жазушы» баспасы. 2019 ж. , 6-том, 18-бет.

6.Әбіш Кекілбайұлы. Алматы, «Жазушы» баспасы. 2019 ж. 6-том, 41-бет

7.Әбіш Кекілбаев шығармашылығы. «Арыс» баспасы. 2018. I том, 89-бет.

8.Әбіш Кекілбайұлы. Алматы, «Жазушы» баспасы. 2019 ж. 56-57-беттер,





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!