Ұзақ мерзімді жоспардың
бөлімі
|
«Жарық
жұлдыздар»
|
Күні:16.11.17ж
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Турсынбекова Халида
Хамитовна
|
Класы: 4
«В»
|
Қатысқандар: 19
Қатыспағандар:0
|
Сабақтың
Тақырыбы
|
А. Құнанбаев. Сабырсыз,арсыз,
еріншек
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары:
|
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың
шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға
үйрету;
Көркем мәтіннен жұмыс істей
алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын
айтқызып жаттықтыру. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын
аулақ ұстауға баулу.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Барлығы:
-
Өлең мазмұнын түсініп
оқиды;
-
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың
шығармашылығымен
танысады;
-
Адам бойындағы жағымсыз
қасиеттерден бойын аулақ
ұстайды
Көпшілігі:
Кейбірі:
Абай Құнанбаевтың
шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта
жаңғыртады, тереңдете
түседі.
|
Тілдік
мақсат
|
Алауыз, күндейді, мертігеді,
міндейді сөздерінің мағынасын
түсіндіру
|
Бағалау
критерийлері:
|
Кейіпкерлер бейнесін салыстыру арқылы сын тұрғысынан ойлауы
дамиды.
Кейіпкерді мінездеп бағалауға
үйренеді
Адамгершілік асыл қасиеттерді
игереді.
|
АКТ-мен
байланыс
|
Смартфон, интерактивті тақта,
компьютер
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы,
еңбектің маңыздылығын
түсіндіру
Адам бойындағы жағымсыз
қасиеттерден бойын аулақ ұстауға
баулу.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Тарих , қазақ тілі,
музыка
|
7 модульдің
қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,
“Оқытуды басқару және
көшбасшылық”
|
Алдыңғы
білім
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы
ақын-жазушылар туралы білімдерін
тереңдетеді
|
|
Сабақ
жоспары
|
Сабақтың жоспар ланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын
орнықтыру.
Оқушылардың оқу құралдарын
толық алуын қадағалап, назарын сабаққа
аудару. Шеңберде тұрып
айтады: Әрқай-сысың өздеріңді қандай адам болуым
керек деп ойлай-сыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау) «Жақсы сөз –
жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере
отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді. - Осындай жүрекке
жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз
бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды
бастайық.
|
Жүрекше
суреті
|
«Доп
лақтыру» әдісімен бір-біріне сұрақ қою
арқылы үй тапсырмасын
пысықтау.
- Өткен сабақта кімнің
әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?
- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып
отыр?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.
І топ: С. Көбеев туралы мәлімет жинап келу
ІІ топ: Ы.Алтынсарин туралы мәлімет жинап
келу
|
Плакат, буклет,
презентация
Венн
диаграммасы
|
|
Қызығушылықты
ояту Абайдың шығармасымен
танысатынымызды
болжайды
Ал, Талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен
алынған?
- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып
бере алады?
1. Абай әлеміне саяхат
- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды
кітапханаға құлақ түрейік.
Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.
- Өткен сабақта оқушылар , сіздерге, Абай өмірінен ізденіс жұмысын
тапсырған болатынмын. Қане, назар
аударайық
2. Жаңа тақырыпты хабарлау,
мақсатын қою.
- Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын
Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса
отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз,
оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап
жаттығамыз.
Мәтінді таныстыру
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім
тақтадан оқып
беремін.
|
Смартфон
«ББҮ»
сызбасы
Плакат
Ассоцация
құру
АБАЙ
Электронды
оқулық
Презентация А.Құнанбаев
өмірі
Әдебиеттік оқу пәні
. Т.Әбдікәрім., .Рахметова.,
Р.Базарбекова.
Атамұра-2015
Оқулық
75-бет.
Флипчарт
|
Сабақтың
ортасы
|
Өлеңнің идеясын
ашу
- Өлеңде ақын адам
бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті,
міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды
мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп
ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.
|
Әдебиеттік оқу пәні
. Т.Әбдікәрім., С.Рахметова.,
Р.Базарбекова.
Атамұра-2015
Оқулық
75-бет.
|
|
Сөздік
жұмыс
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын
түсіну қиын болып тұр?
Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «Сиқырлы сандықты»
ортаға шығарамын:
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп
көрейік.
Алауыз, күндейді, мертігеді,
міндейді сөздерінің мағынасын
түсіндіру
Алауыз – береке - бірлігі жоқ,
ынтымақсыз. Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі
мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі
жарасқан. Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз
болатын. Күндейді –
қызғанады. Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін
тілейді, қуаныш - қайғысын бірге
көтереді. Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген,
көпшіліктен шеткері
қалады. Мертігеді - бір жері шығады,
сынады Мысалы: Өзі оңбай
мертікті. Міндейді - мін тағады,
жамандайды Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да
міндейді. Сиқырлы сандықтағы сөздерді
оқушылар біртіндеп алып оқиды, тақтаға
іледі.
|
Сиқырлы
сандық
Сөздіктер жазылған
қағаз
|
Оқулықпен
жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей
дауыстап оқыту
|
Оқулық
|
Топтық
жұмыс
І топ «Жақсылық туралы
эссе»
ІІ топ «Жақсылық пен жамандық
туралы мақал мәтелдер мағынасын
түсіндіру.
|
Флипчарт, ақ
парақ
|
« Кім шапшаң
?» ойыны.
І
топ «Сабырсыз, арсыз,
еріншек»
ІІ
топ « Ғылым таппай
мақтанба»
өлеңдерін салыстыра
отырып, адамның жағымды, жағымсыз қылықтарын жазу. (Әр топқа венн
диаграммасы сызылған флипчарт
беріледі)
|
Венн
диаграммасы
|
Сабақтың
соңы
|
Сабақты
бекіту:
- Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз
қылықтарды сынайды?
- Қандай мінез – құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек?
(Адамның мінез – құлықтары кестесін пайдалып қайталап шығу.)
-Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі -
деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты
қорытындылай келе (бағаларын айту,
мадақтау)
|
Венн
диаграммасы
Семантикалық
карта
|
Рефлексия
|
- Бүгінгі сабақ ұнады
ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.
«ББҮ» әдісі бойынша сабақта не
үйренгендерін жазады. Постерлерін оқып, жауаптарын
толықтырады.
Кері
байланыс «Ағаш» әдісі бойынша тақтаға
сабақтан алган әсерлерін жазады ,стикерлерді желімдейді. Олар
стикер жапсыра отырып сабақты түсінік деңгейін
білдіреді.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау ,
бірін-бірі бағалау, Топтық
бағалау
|
«ББҮ»
сызбасы
«Ағаш» суреті,
стикерлер
|
|
Үйге
тапсырма:
А. Құнанбаев. «Сабырсыз,
арсыз, еріншек» өлеңін жаттау.
|
Әдебиеттік оқу пәні
. Т.Әбдікәрім., С.Рахметова.,
Р.Базарбекова.
Атамұра-2015
Оқулық 75-76
бет
|