Әә дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әә дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа үлгідегі сабақ жоспарларын құру кезінде көмегі бар әсіресе жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: сауат ашу

Бекітемін:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Жухина Жанар Казихановна

СЫНЫП: 1«А » сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы :

Табиғатқа саяхат. Ә ә дыбысы мен әрпі.Аққала

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не)туралы айтқысы келгенін түсіну

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиіс:

Жаңа білімді меңгереді.Мәтіндегі автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

1. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

2. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, дүниетану

Бастапқы білім


Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.Әр түрлі ойын стратегиялары

Тілдік құзыреттілік

Қар,снег, snow.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

Оқушыларды Ә дысынан басталатын суреттер арқылы 4 топқа бөлу.

1-топ: «Әтір»

2топ: «Әткеншек»

3-топ: «Әтеш»

4-топ: «Әмиян»

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша өткен сабаққа шолу жасау

Жұмбақ шешу

Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын

Тауып көрші, сен оны. (аққала)

Аққаланың бөліктерін құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беру.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дыбыс,әріп дегеніміз не?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен танысдық?

Әә дыбысы қандай дыбыс?

-Ә ә дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

-Жаңылтпашты жатқа айт.






Суреттер





Аққала макеті



Таныстырылым

Сабақтың ортасы














Сергіту сәті



1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқы.

Аққаланы сипаттап айт.

Дескриптор

1.Мәтінді оқиды.

2.Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келді?

3.Аққаланы сипаттап айтады.


Қар жауып тұр.Бетіміз су болды.Бетіміздегі суды сүртеміз,жерден қар аламыз,оны домалатып оң қолымызбен лақтырамыз.Жерден тағы қар алып,домалақтап сол қолымызбен лақтырамыз. Енді үстіміздегі қарды қағамыз.

Топпен жұмыс:

-Балалар,аққаламыз біраз мұңайып тұр.Сендер қазір аққала жасап ойнамай қойдыңдар.

-Міне,мен жалғызбын.

-Жоқ аққала,сен ренжіме.Біз саған балалармен бірге көп аққала жасап береміз,солай емес пе балалар!

-Мен қуаныштымын балалар,маған аққала жасап беретін болды,ал мен де балаларға сыйлығым бар.

Топпен жұмыс:

1-топ: «Аққаланы» қағаздан жасайды.

2топ: «Аққаланы» мақтадан жасайды.

3-топ: «Аққаланы» ермексаздан жасайды.

4-топ: «Аққаланы» шармен жасайды.

Дескриптор

1.Аққала жасап үйренеді.

2.Басқа да заттардан аққала құрастыруға болатынын біледі.

2-тапсырма: «Ойлан,тап»

Кәрі-жас

Ащы-тәтті

Топтарға қарама-қарсы мағынадағы суреттер таратылып беріледі,оны құрастырады.


Дәптермен жұмыс

1-топ: «Адасқан әріптер» әріптерден сөз құрап жазу. діәем, әнеск, ідрә,нсә,еәк

2-топ: «Суретті ата» суреттің астына атауларын жазу әнші,дәрі,әже,әтеш,әйнек

3-топ: «Кім тапқыр» Ә дыбысынан келетін 5 адамның атын жазу.

4-топ: «Сөз ойла, тез ойла» Буындардан сөз құрау.

Ән...,дә...,дәп...,тәу...,Мә....

Дескриптор

1.Сөз құрап, оны дәптерлеріңе жаз.

2.Ә дыбысының қай буында келетінін тап.

3.Сөздерді оқы.

Әли мен Айяның

«Аққала» әнін тыңдату




























Қағаз,мақта,

ермексаз,шар,

маркер,тәттілер








Қарама-қарсы мағынадағы суреттер

Әріптер,суреттер, буындар


Қолдану

3-тапсырма: Жұмбақты оқып,шешуін тап.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Мына суреттердің қайсысы осы жұмбақтың шешуі болады?


Суреттері

Қорытынды бөлім


-Бүгінгі сабақта біз не білдік?

-Сабақтың қай сәті қызық болды?

-Сабақтан не үйрендік?

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Егер сабақ ұнаса саусағыңды тырсылдат,

Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат.

Егер сабақ ұнаса шапалақтаса жарыса,

Егер сабақ ұнаса айтайықшы «Тамаша!».


Бағалау.

"Бағдаршам"әдісі арқылы бағалаймын.


Кері байланыс

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Топтық жұмыс

Ұжымдық жұмыс

Жеке жұмыс


Мұғалім бағалайды:

Мадақтау сөздері, смайликтер арқылы

Топтар бір-бірін бағалайды: 3 шапалақ,Отшашу әдісі

Кері байланыс:"Бағдаршам"әдісі арқылы бағалаймын.

Рефлексия


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

-Сабақ мақсаты толығымен орындалды.


Бүгін оқушылар не үйренді?

-Оқушылар «Аққала» мәтінін буындап, тұтастай оқи алады; Аққаланы басқада заттардан жасай алады.

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

-Сабақ өте жақсы өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

-Саралау тапсырмалары оқушы деңгейіне сәйкес болды.


Уақытты қалай

пайдаландым?

-Сабақ уақытында аяқталды.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға байланысты)



Қандай жақсы екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?




Барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі