Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Пән мұғалімі

    Омерханова Панзакуль Чопчекбаевна



    Сынып

    5 «А»



    Сабақтың тақырыбы

    Абай - дана, Абай - дара қазақта!



    Сабақта негізделген оқу мақсаты

    Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
    2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
    3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.



    Оқу нәтижелері

    Барлығы: Оқушылар ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен танысады.

    Көбі: Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқу арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулып, білімге деген құштарлығы артады.

    Кейбірі: Оқушылардың сөйлеуі, мәнерлеп оқу қабілеттері, тіл байлықтары, сөздік қорлары дамиды.



    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Білу,тану,қолдану,бағалау



    Қолданылған әдіс -тәсілдер

    Ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.



    Бағалау критерийі

    (нақты сабақ мақсатына қарай)

    1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен танысады

    2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамытады.

    3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелейді



    Пәнаралық байланыс

    Әдебиет, ән- әуез



    Құндылығы:

    Абайдың өлеңдері мен қарасөздері арқылы оқушыны еңбекқорлықпен, адамгершілікке баулу



    Көрнекілігі 

    Абай Құнанбайұлы портреті, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.



    Жоспарланған уақыт

    Жоспарланған жаттығулар

    Дескриптор

    Ресурстар



    Сабақтың басы

    Оқушылар назарын сабаққа аудару.

    «Май түні» күйі қосылып тұрады.

    Қазақ десе, Абай түсер есіңе...
    Ару

    Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
    Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
    Өлеңі бізге рухани азық секілді,
    Абайдай биік тұлғаны қайдан табарсың?
    Әсем
    Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
    Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
    Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
    Қайғы - зарын жырлай білген даламның.
    Дінмұхамет
    Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
    Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
    Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
    Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.
    Ару
    Абай - дана, Абай - дара қазақта,
    Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
    Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
    Абай теңдес ақын болмас қазақта.
    Шинжанадир
    Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
    Болашаққа Абай үнін тіледі.
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
    Абай үні бізбен бірге келеді!

    (Камалова Севара)

    Мұғалімнің кіріспе сөзі

    - Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай Құнанбайұлының әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

    Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.

    Әсемпаз болма әрнеге,
    Өнерпаз болсаң – арқалан.
    Сен де бір кірпіш дүниеге,
    Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.

    Абай (Ибраһим)Құнанбайұлы

    «Бейнежазба»

    1.Бейнежазбадан не ұқтыңдар?

    2.Қандай ой түйдіңдер?

    Өлеңді бірге айтады











    Сабақтың ортасы

    1.Дарын Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

    Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

    4-Сабира Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

    5- Данияр  Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

    6-Шинжанадир Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

    7-Ару Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

    8-Мейірбек Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
    Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
    Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

    9-Гаухар 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

    10-Феруза  Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай уылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

    Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.

    Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

    Нұрсұлтан Назарбаев

    «Ойлан,тап!»

    (1890-1898) қара сөздері

    Сабира Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына  

    «Кинометафора» әдісі

    (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау ) 
    Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?    
    Екінші топ  ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
    Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
    Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
     
    "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
    1-Ару, 24-Нариман, 7-Сабира, 11-Шинжанадир

    Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абай Құнанбайұлын кім деп айта аламыз?

    Абай Құнанбайұлы қандай адам?
    Абай – ойшыл. 

      «RAFT стратегиясы»

    Оқушы қандай да бір обьектіні алып, сол рөлге еніп, өз ойын жазады. Бұл статегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

    (Өмір, білім, жігер)

    Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы. Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

    Ахмет Байтұрсынұлы.

    «МИКС» жаттығуы

    Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады.

    Ойшыл,қамқор, мақтанба, қыс, қашық бол,шаттанба, ескермедім, ар-намыс,

    1-ші топ – өлең шығару

    2-ші топ – эссе жазу

    3-ші топ – суреттеу

    Ару. Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың сөзінен, ой көзі айқын көрінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі

    1. Гаухар Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

    2.Нариман Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

    3. Әлихан Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

    4. Феруза Кей адам бүгiн тату, ертең қату
    Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

    І 5. Шинжанадир Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
    Сонда толық боларсың елден бөлек.

    Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
    Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
    Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
    Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

    6. Илмаз Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

    7. ҚұндызЕгерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

    8. Алишер Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.

    9. Әсем Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
    Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
    Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
    Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме


    10.Нұрлыхан Арсыз болмай атақ жоқ,
    Алдамшы болмай бақ қайда.

    11.Мехмет Әркiмдi заман сүйремек,
    Заманды қай жан билемек?
    Заманды жаман күйлемек,
    Замана оны илемек.

    Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

    Мұхтар Әуезов.
















    Оқулық



    Сергіту сәті

    «Моншақ әдісі»

    «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тізбектеп айту

    Оқушылар кезекпен айтады



    Қорытындылау

    . «Сұрақ ілмегі» әдісі

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Омерханова Панзакуль Чопчекбаевна
    03 Мамыр 2020
    435
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    Абай - дана, Абай - дара қазақта!

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    Абай - дана, Абай - дара қазақта!

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Пән мұғалімі

    Омерханова Панзакуль Чопчекбаевна



    Сынып

    5 «А»



    Сабақтың тақырыбы

    Абай - дана, Абай - дара қазақта!



    Сабақта негізделген оқу мақсаты

    Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
    2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
    3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.



    Оқу нәтижелері

    Барлығы: Оқушылар ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен танысады.

    Көбі: Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқу арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулып, білімге деген құштарлығы артады.

    Кейбірі: Оқушылардың сөйлеуі, мәнерлеп оқу қабілеттері, тіл байлықтары, сөздік қорлары дамиды.



    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Білу,тану,қолдану,бағалау



    Қолданылған әдіс -тәсілдер

    Ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.



    Бағалау критерийі

    (нақты сабақ мақсатына қарай)

    1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларымен танысады

    2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамытады.

    3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелейді



    Пәнаралық байланыс

    Әдебиет, ән- әуез



    Құндылығы:

    Абайдың өлеңдері мен қарасөздері арқылы оқушыны еңбекқорлықпен, адамгершілікке баулу



    Көрнекілігі 

    Абай Құнанбайұлы портреті, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.



    Жоспарланған уақыт

    Жоспарланған жаттығулар

    Дескриптор

    Ресурстар



    Сабақтың басы

    Оқушылар назарын сабаққа аудару.

    «Май түні» күйі қосылып тұрады.

    Қазақ десе, Абай түсер есіңе...
    Ару

    Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
    Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
    Өлеңі бізге рухани азық секілді,
    Абайдай биік тұлғаны қайдан табарсың?
    Әсем
    Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
    Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
    Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
    Қайғы - зарын жырлай білген даламның.
    Дінмұхамет
    Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
    Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
    Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
    Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.
    Ару
    Абай - дана, Абай - дара қазақта,
    Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
    Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
    Абай теңдес ақын болмас қазақта.
    Шинжанадир
    Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
    Болашаққа Абай үнін тіледі.
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
    Абай үні бізбен бірге келеді!

    (Камалова Севара)

    Мұғалімнің кіріспе сөзі

    - Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай Құнанбайұлының әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

    Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.

    Әсемпаз болма әрнеге,
    Өнерпаз болсаң – арқалан.
    Сен де бір кірпіш дүниеге,
    Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.

    Абай (Ибраһим)Құнанбайұлы

    «Бейнежазба»

    1.Бейнежазбадан не ұқтыңдар?

    2.Қандай ой түйдіңдер?

    Өлеңді бірге айтады











    Сабақтың ортасы

    1.Дарын Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

    Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

    4-Сабира Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

    5- Данияр  Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

    6-Шинжанадир Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

    7-Ару Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

    8-Мейірбек Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
    Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
    Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

    9-Гаухар 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

    10-Феруза  Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай уылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

    Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.

    Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

    Нұрсұлтан Назарбаев

    «Ойлан,тап!»

    (1890-1898) қара сөздері

    Сабира Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына  

    «Кинометафора» әдісі

    (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау ) 
    Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?    
    Екінші топ  ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
    Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
    Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
     
    "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
    1-Ару, 24-Нариман, 7-Сабира, 11-Шинжанадир

    Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абай Құнанбайұлын кім деп айта аламыз?

    Абай Құнанбайұлы қандай адам?
    Абай – ойшыл. 

      «RAFT стратегиясы»

    Оқушы қандай да бір обьектіні алып, сол рөлге еніп, өз ойын жазады. Бұл статегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

    (Өмір, білім, жігер)

    Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы. Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

    Ахмет Байтұрсынұлы.

    «МИКС» жаттығуы

    Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады.

    Ойшыл,қамқор, мақтанба, қыс, қашық бол,шаттанба, ескермедім, ар-намыс,

    1-ші топ – өлең шығару

    2-ші топ – эссе жазу

    3-ші топ – суреттеу

    Ару. Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың сөзінен, ой көзі айқын көрінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі

    1. Гаухар Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

    2.Нариман Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

    3. Әлихан Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

    4. Феруза Кей адам бүгiн тату, ертең қату
    Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

    І 5. Шинжанадир Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
    Сонда толық боларсың елден бөлек.

    Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
    Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
    Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
    Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

    6. Илмаз Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

    7. ҚұндызЕгерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

    8. Алишер Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.

    9. Әсем Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
    Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
    Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
    Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме


    10.Нұрлыхан Арсыз болмай атақ жоқ,
    Алдамшы болмай бақ қайда.

    11.Мехмет Әркiмдi заман сүйремек,
    Заманды қай жан билемек?
    Заманды жаман күйлемек,
    Замана оны илемек.

    Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

    Мұхтар Әуезов.
















    Оқулық



    Сергіту сәті

    «Моншақ әдісі»

    «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тізбектеп айту

    Оқушылар кезекпен айтады



    Қорытындылау

    . «Сұрақ ілмегі» әдісі

    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    Қазақ әдебиеті Тәрбие сағаты 5 сынып
    03.05.2020
    435
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Омерханова Панзакуль Чопчекбаевна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации