Материалдар / Абай - дана, Абай - дара қазақта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Абай - дана, Абай - дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
335
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай – дана, Абай – дара қазақта.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай.

Абай қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тау етегінде өмірге келген. Қазақ әдебиетіндегі өзіндік өрнегі бар «қазақ әдебиетінің атасы» деген биікке дейін жеткен ұлы ақын, ойшыл, дана ағартушысы. Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Семейге медресеге оқуын жалғастырады. Әкесі Құнанбай Абай ақын болады деп емес, ел басқарар әкім болады ма деп үміт күткен. Абай:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла – деп өзі өмір кешкен, шығармаларын арнаған кезең үшін жұмбақ болып қала берді. Қараңғы қазақ халқы оның жүрегінен шыққан отты жырларын дәл сол кезеңде түсіне алмады. Қадір-қасиетін біле алмаған сияқты. Бірақ, қазір біз ХХІ ғасырдағы жас ұрпақ Абайдың шығармаларын сүйіп оқып, жүрегімізге тоқудамыз. Ұлы ақын Абай 12 жасынан өлең шығарып, ел мұңына, тарихына, салт-дәстүріне үңілсе, мен де сол жасымда осындай істерге ұмтылғым келеді. Абай өзінің балалық шағын әжесі Зере, анасы Ұлжанның қасында өткізді. Оның бойына дарыған адами асыл қасиеттер мен өлеңге деген сүйіспеншілігі аналарының тәрбиесіне деп білемін.

Жасына оқу оқып, білім алған,

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған – деген өлең жолдары осыған дәлел.

Менің ойымша Абайдың өнер әлеміне кең қанат жайып, құлаш ұруының тағы бір биігі – шығыс пен орыс мәдениетінің классиктерінің еңбектерімен танысуында жатыр. Белинский, Лермонтов, Пушкин, Крыловтарды аударумен насихаттау арқылы ағартушылық қызметін көрсете алды. Адами қасиеттері мен ұлылығы туралы поэмалары айырықша баға жетпес құнды туындылар. Халыққа оқу-білім, өнер, адамгершілік табиғатқа деген сүйіспеншілігінен туған лирикасы арқылы ой сала білген ақын. Сауаттылық пен даналыққа апаратын жолды анық көрсетіп тұрады. Бұған дәлел ретінде «Интернетта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» тағы басқа өлеңдерін келтіре аламын.

Абайдың қазақ әдебиетіндегі даралығы мен даналығын көрсететін тағы бір қыры – қара сөздері. Адамгершілік, имандылық, ойшылдық турасындағы айтылған сөздері әркімнің жүрегіне жол табары анық. Абай шығармалары өмір шындығын танып білуге де жетелейді.

Сөзімді қорытындылай келе Абай шығармашлығы жас ұрпақты тәрбиелек мен өнер-білімге сусындатудың қайнар көзі дегім келеді. Оның артында қалған мұрасы бүтіндей бір халықтың тарихын, тағдырын, мәдениеті мен салт-дәстүрін білуге жетелейді. Бір өкініштісі сол, Абайдың бізге дейін жетпей қалған қаншама құнды дүниелерінің жоғалып, қағаз бетінде ғана қалып қойғандығы. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген осы шығар. Ұлы кемеңгер жазушы М.Әуезов: «Маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетін кездері бар секілді», - деп айтқан екен.

Ендеше, қазағым, ұлы Абайды оқудан жалықпайық дегім келеді! Абай мұрасы мәңгі жасай берсін!



Бекен Бекжан

Екіаша орта мектебі

Сарқан ауданы

Алматы облысы

8 сынып оқушысы



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!