Материалдар / АБАЙ - ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АБАЙ - ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс. Студенттің өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тест тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТОП: 1 ас КШО-9

МАМАНДЫҒЫ: «Бастауыш білім беру»

БІЛІКТІЛІК: «Бастауыш білім беру мұғалімі»

УАҚЫТЫ: 10.04.2020


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ - Абай Құнанбаев

Қ азақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибрагим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтан болған.

Атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай-өз заманының атақты билері. Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең-әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.

Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайдың әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан қисаларымен Абай осы кезде танысқан.

Медресенің соңғы жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысшада оқыған. Бұл - Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орынымды басар ұлым осы ғой деген үмітпен, Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбелейді.

Ел ісіне араласу – білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып-білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі. Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, мақалдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырды. Ол ескі әңгімелерді халық ішінен үйренеді.

Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып кітапханада отырып оқитын болады. Сөйтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П. Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Осылайша басталған екеуінің таныстығы келіп үлкен достыққа айналады.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғанындағы алғашқы сөзі мәдениетпен білімнің маңызын насихаттауға арналады «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағыжаңа ізденісінде танытады. Абай мұнда, ең алдымен жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді Ғылым- білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл-өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жол сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл ойды тереңдете түседі.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», деген өлеңдер жазды. Өлеңнің алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге, - дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?» деп,

Айтпа, ғылым сүйсеңіз!

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - дейді.

Ғылым жолы - әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз,

немесе:

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме, - дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.

Озық мәдениетпен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдрахман өліміне байланысты жазған өлеңдерінде жасайды. «Ғылым оқып білгенше, тыныштық, тыным таппаған, дүниені кезіп көргенше, рақат іздеп жатпаған» Әбдрахманды ол «жаңа жылдың басы» санайды. Оның бойындағы бауырмалдықты, қарапайым мінезді басқа жастарға үлгі етеді. Оның «аз өмірін ұзартқан» ғылым деп ұғады. («Көргені мен білгені жүзге келген шалдан көп»).

Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – табиғат лирикасы. Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығындағы, ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған.

Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі - «Жаз» (1886). Осы өлеңнің өзінде Абай – ақындық мәдениеті іріленген, шебер өнер иесі. Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберліктен суреттеледі. Көрініс, құбылыстардың бейнелері жарқын. Көк орай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суретке түседі.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай-шалғын, бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны өылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып, ыңқылдап

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын тай

Айнала шауып, бұлтылдап.

Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар, жылқы соңында салпылдаған жылықышылармен су жағалап құс салған боз- балаларға дейін алынып, бәрі жаз көрінісін толықтырып тұр. «Өлеңнің ішінде жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан, - дейді Абай шығармашылығын көп зерттеген Мұхтар Әуезов, -түрі мен өлең ұйқастарында да аса жанды, қызулы жүрдектік бар... Тұтас бітімді, келісті келген өлеңнің аяғына шейін орайлас ұйқастар айнымай созылып отырады. Өлең тілінде үлкен байлықпен қатар, тапқырлық, дәлшілдік мол».

Қыс табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген («Қыс», 1888). Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туды. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі, адамның-жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл – Абай жаңалығы. Оның үстіне, ақын оның қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы – үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен шебер суреттеледі.

Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары-бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі («Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі-ай», 1889). Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген. Ақын назар аударған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар өлеңдердің негізгі мазмұнын құрайды. Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, - деп, суреттеген ақын ізінше-ақ осындай ортадағы кедей үйдің тұрмысын көрсетуге ауысады. Күзгі суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір-біріне қарсы қояды. Үлкен адамдар ғана емес, жас бала, кемпір-шалға дейін атап, осылардың өз ортасындағы күнкөрісі шындығын ашады.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

... Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,

Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Бұл суреттер Абайдың қазақ ауылындағы таптық жікті айқын танып, оның сыртқы көрінісін ғана емес, ішкі сырын да түсіне бастағанын байқатады. Ол еңбекші елдің мұңына ортақтасады. «Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым-ай», - деп ренжіп, байға: «Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сен де о ғұрлы», - деген тілек айтады.

«Жазғытұры» (1890) өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі - «ата-анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Ақын қазақ даласындағы жазғытұры мезгілдің суреттерін толық бере отырып, оның ел тіршілігіндегі орнын жанға жайлы, еңбекке қолайлы сипатын да атап өтеді.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Абай табиғатты жырлауға кейін де оралып отырған. Бұл тұрғыдағы сәтті ізденістерінің қатарына оның «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері жатады. Бұларда ол табиғатты сырттай тамашаламай, өлең кейіпкерлерінің көңіл-күйімен, ішкі сезімімен табыстыра, ұштастыра суреттейді. Әсіресе, соңғы өлеңде кешкі табиғаттың сұрғылт суреті ақын көңілінің күңгірт бейнесімен шебер астасу, қиюласу табады.

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса,

Күнді уақыт қызартып,

Көк жиектен асыра,

Күңгірт көңілім сырласар,

Сұрғылт тартқан бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа.

Бұл жолдар табиғаттан алған әсерді ақынның жүрек сыры жайлы ойларымен толықтырады. Оның күңгірт сезімі алабұртып, мұңға тартып, оқырманды да ойландырады. Өз басының шарасыз күйін, іске аспаған ойларын ол адасқан күшікке теңейді («Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой»). Айласыз, әлсіз күшіктің көшкен елдің жұртында қалып, ұлып- ұлып қайтқан бейнесін ол өз басының трагедиялық күйіне ұқсатады. Сөйтіп, жалғыздық тақырыбына үлкен әлеуметтік, философиялық мән-мағына береді.

Абайдың қарасөздерінің жалпы саны қырық бес. Олардың қайсысы болса да, сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.

Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаға мәселесінің бірі – адамның адам болуға үйренуі, естілікке ұмтылуы, кәсіпке мойынсынуы, дағдыны дамыту жайлары.

«Адам, - дейді ол «Он тоғызыншы сөзде», - ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы. Сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады».

Адамның естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серігі ете білуінің жолдарын ақын «Отыз бірінші» сөзінде айтады: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы, берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек; үшінші- сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыра тұғын нәрселер».

Бұл сөздер Абайдың адам тәрбиесіне, оның жас ұрпақты ойлы, білімді, есті етіп тәрбиелеу мәселесіне айрықша көңіл қойғанын танытады. Осының бәрін ақын адам өмірін мазмұнды ету үшін айтады. Ол үшін керек қасиеттер мен керексіз, адамның жақсы болуына бөгет жасайтын кеселдерді ашып көрсетеді. Бірлік, тірлік деген сөз ұғымдарының мінін түсіндіре отырып ол «Алтыншы сөзінде», «Бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес» десе, сол сөздің екінші жерінде: «Ырыс алды-тірлік» дейді. «Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте те бар... Жанын қоғалатып, жаудан қашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас.

Сырты пысық, іші нас,

Артын ойлап ұялмас, - «Болып жүріп, тірімін деме, онан да өлімнің өзі артық» дейді.

Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік т.б. жөніндегі пікірлер оның ағартушылық, демократтық көзқарасын жан-жақты аша түседі.

Ұлы ақынға өз ісінің болашақ мұрагері, талантты баласы Әбдірахманның өлімі аса ауыр қайғы болып тиеді... Оның өліміне арнап Абай көптеген әсерлі өлеңдер шығарады. Бұл өлеңдерде ол өзінің баласынан ғана емес, сонымен бірге үміткер досынан, мұрагерінен айырылған әкенің, халық бақыты үшін күрескердің қайғысын білдіреді. Топас, дөрекі жауларының қуғынына ұшыраған, ауыр тартыс қалжыратқан Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ, тағдыр оны тағы да қатты соққылайды: Абайдың екінші баласы, талантты ақын – Мағауия қайтыс болады. Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы-қасіретінен бой жаза алмайды. Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жасқа қараған шағында, өзінің туған даласында ақын қайтыс болады.

Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген қыстағының жанына қойылды.


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:


ТАПСЫРМА №1. Ашық тест

  1. «Қыс» өлеңіндегі кәрі құданың бас киімі қалай аталады?

  2. «Айттым сәлем, қаламқас» өлеңіндегі қыран құсты ата.

  3. «Интернатта оқып жүр» атты өлеңіндегі қаланы ата.

  4. «Күз» өлеңіндегі айтылатын әсем гүл.

  5. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі сегіз қырлы, бір сырлы талант иесін бір сөзбен қалай деп атаған?

  6. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңіндегі адамның нұрлы жайнаған не?

  7. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңіндегі қымбат металл.

  8. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңіндегі қымбат мата.

  9. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңіндегі екі түрлі нәрсенің бірі.

  10. «Жаз» өлеңіндегі су қайнатуға арналған сәнді ыдыс қалай аталады?


ТАПСЫРМА №2. Топтастырыңыз

Shape1


ТАПСЫРМА №3. Абайдың жетінші қара сөзінде айтылатын «Жан құмарлығы» дегенді қалай түсінесіз.


ТАПСЫРМА №4. Кестені толтырыңыз.

Абай шығармаларын
М. Әуезов 5 түрге жіктейді:

Абай шығармаларын
сен неше түрге бөлер едің?

  1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері.

  2. Абайдың лирикасы.

  3. Абайдың поэмалары.

  4. Абайдың аудармалары.

  5. Абайдың қарасөздері.



ТАПСЫРМА №5. Абай өлеңдерінен берілген үзіндіден өлеңнің атын, көркемдегіш құралдарды табыңыз.

1. Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия ащы тіл.

( ...............................................)

2. Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

(.....................................................................)

3. Күн-күйеу, жер қалындық сағынысы,

Құшары екеуінің сондай күшті.

(.....................................................................)

4. Балапан құстай аңдалып,

Қанатыңды қомданып,

Жатпа, ұяда, қорғанып

Ұш көңілім, көкке, кергі енді!

(.....................................................................)

5. Балалық өлді білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

(.....................................................................)

ТАПСЫРМА №6. Абайдың үшінші қарасөзіне тақырыптық жағынан сәйкес келетін өлеңі:

  1. «Болыс болдым мінекей»

  2. «Білімдіден шыққан сөз»

  3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

  4. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»


ТАПСЫРМА №7. «Абай өлеңдері мен қарасөздерінің өзара байланыстылығы» тақырыбында реферат жазыңыз.


ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1. Абай Құнанбаев дүниеге келген жер

А) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында

В) Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің бойында

С) Торғай өңірінде

Д) Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында

2. Абай оқыған медресе

А) Ахмет Риза медресесі

В) Көгеташ медресесі

С) Түркістан медресесі

Д) Дұрыс жауабы жоқ

3. Абай көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды үйренеді

А) халық ішінен

В) достарынан

С) туыстарынан

Д) өзге аудандардан

4. Абайдың алғашғы өлеңдер жинағы жарық көрген жыл.

А) 1909 ж

В) 1904 ж

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!