Абай әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанабаев туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Абай қара сөзіндегі адамгершілік тәрбиесі

Ұлы дала туғызған бірегей тұлға – Абай Құнанбайұлы.

Дана Абайдың мол мұраларының ішінде шоқтығы биік, ерек мұрасы – қара сөздері. Белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Абай қарасөздерінде адамгершілік тақырыбы жан-жақты, шынайы ашылады», – деп Абайдың адамгершілік, ізгілік тәрбиесін арқау еткен қара сөздеріне шынайы баға берген.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл, – деп дана Абай айтқандай, ұлы ойшылдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесіне қатысты ойымды саралап жеткізіп көрейін.
Адамгершілік – әрбір адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің жиыны. Абай Құнанбайұлы адамгершілік мәселесін жиырмадан астам қара сөзінде көтереді. Хакім Абайдың «Төртінші», «Сегізінші», «Он бесінші», «Он төртінші», «Он жетінші», «Жиырма үшінші», «Жиырма төртінші», «Жиырма алтыншы», «Жиырма тоғызыншы», «Отыз алтыншы», «Қырық екінші», «Қырық төртінші» қара сөздері адамзат баласы үшін өзекті мәселеге арналған. Ұлы Абай қара сөздерінде адамзат баласын адамгершілікке үндеу арқылы адам мінезін тәрбиелеуді ұлы мұрат етті деп пайымдаймын.
Абай бұл өмірді тиісті дәрежесінде, яки адамгершілік нормасында өткізуді қажет деп санайды. Ойымның дәлелі ретінде Абайдың «Төртінші қара сөзінде»: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам сау­мақ – өнерсіз иттің ісі» деген ойларын келтіре­мін. Абай осы қара сөзінің соңын Құдайға сыйына отырып, қайратыңа сүйеніп, бес күндік жалған өмірді еңбекпен өткізуді ғақлия етеді деп ойлаймын.
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйінінде баяндалады. Ақыл, қайрат, ғылым үшеуінің сөзі арқылы адамгершілік қасиет керек екенін айтады.
Абай Құнанбайұлы адамның адамгерші­лік қасиеттерін жаман мінез-құлықтармен салыстырады. Абай «Жиырма екінші» қара сөзінде: «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті» дей келе, ел билеуші адамдардың адам­гершіліктен тыс мінездерін сынап, «әділет», «ұят», «нысапты» кісінің елде жоқ екеніне көңілі құлазыды деп ойлаймын. Дана Абай осылайша адамгершілікке жат, оны бұзатын нәрселер: алтыбақан – алауыздық, қастық, араз­­дық, күн­шіл­дік, қиянатшылдық, құрмет біл­местік, надандық, әсіресе, адамның адамды тонауы, т.б. ұнамсыз мінездерді сынау арқылы оқырманын адамгершілікке тәрбиелегісі келді деп ой түйемін.
Менің пайымдауымша, Абай адам баласы үшін ең қажет нәрсе – талап деп біледі. Абай­дың «Отыз екінші» қара сөзінде талаптың алты шартын талдап түсіндіру арқылы адамгершілік тәрбиесінің нұрын себеді. Абайдың адамгер­ші­лік тәрбиесіне арналған қара сөздерінің бірі – «Отыз сегізінші» қара сөзі. Абай осы қара сө­зін­де ғылым басқа есеп емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінезді толық мағыналы адам болуы үшін қызмет етсін дейді. Адамгершілік тәрбиенің негізі саналатын ынсап, ұят, әділетті адамзат баласы Абайдың қара сөздерін оқып, пайымдау арқылы санасына түйсе деп ойлаймын. Ойымның дәлелі ретінде «Отыз сегізінші» қара сөзіндегі: «Бәлки ғәдаләт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят – бұл ғәдаләттен шығады. Ол һәмма жақсылықтың басы емес пе?» деген ойларын келтіремін. Абай осы қара сөзінде толық адам қандай болу керектігін жазады.
«Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін» деп Ж.Баласағұн айтпақшы, мен эссемде ойшыл Абай­дың қара сөздеріндегі адамгершілік тәр­бие­­сінің тегін ағытып, түйінін түйдім деп ой­лаймын. М.Мырзахметов: «Ойшыл ақын Абай «Қара сөздерінде» нағыз кемел адам болудың жолдарын көрсетіп, оған қол жеткізудің жол­дарын танытады. Кемел адам шам сияқты, өзі жанып түгесілсе де, басқаларға жарық ша­шып кетеді. Абайдың өзі – кемел адамның нақ үлгісі» деген екен. Абайдың қара сөздеріндегі адам­гершілік тәрбиесіне қатысты ойлары бүгінгі таңда маңызды деп ойлаймын.


Мектеп орта
сынып оқушысы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі