Материалдар / «Абай-дана, Абай-дара» Абай Құнанбаевтың 175жылдығына арналған сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай-дана, Абай-дара» Абай Құнанбаевтың 175жылдығына арналған сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттау; Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
369
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Келісемін» «Бекітемін»

13«Золотой ключик»бөбекжайының №13«Золотой ключик»бөбекжайының

әдіскері: Э.И.Жексенова директоры м.а.: М.А. Буентаева







«Абай-дана, Абай-дара»

Абайдың 175жылдығына арналған сайыс

(Хаттама.....................)






Өткізген: қазақ тілі мұғалімі

Саменова Г.Б.





Орал қаласы,2019ж.

«Абай-дана, Абай-дара» сайысы

Мақсаты: Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттау; Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен қатысушылар! 
Бүгінгі кемеңгер ойшыл, ұлы ақын Абай атамызға арналып отырған «Абай-дана, Абай-дара» атты сайысымызға кешке қош келдіңіздер.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- 
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз .


Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - 
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. 
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті қонақтар! 


Жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.

Бірінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы (өлеңдері мен қара сөздері)

Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындаушылардың сайысы.

Үшінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абай туралы білімдерін сынау сайысы.


Енді осы сайыста оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген қатысушыларымыздың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

13 «Золотой ключик» бөбекжайы директоры: Буентаева Менсулу Абилгазиевна

13 «Золотой ключик» бөбекжайы әдіскері: Жексенова Эльмира Избасаровна


Абай туралы видеоны тамашалау.


Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.


Қошеметпен, ортаға сайыс қатысушыларын шақырамыз:

Қатысушының атыөні

Тобы

Реттік номері

Киселёва Сандугаш Насибуллиовна,

Қанат Зере

«Сұңқар» ересек тобы


Камиева Айнагул Газизовна,

Бауыржан Әділет

«Сұңқар» ересек тобы


Қайбалиева Айымжан Қайырғалиқызы,

................................

Ағылшын тілі мұғалімі


Фазылова Бекайым Есенгелдіқызы,

.............................

«Гүлдер» кіші тобы


Чулакова Молдир Махамбетовна,

...............................

«Гүлдер» кіші тобы


Сидағалиева Әйгерім Нұрланқызы,

................................

«Ақбота» ортаңғы тобы


Есниязова Айнагуль Ербулатовна,

...............................

«Жұлдыз» ортаңғы тобы


Қадеш Альбина Абілхайрқызы,

..............................

«Жұлдыз» ортаңғы тобы


Темиргалиева Майра Амандыковна,

................................

«Қарлығаш» ересек тобы


Тілепбергенқызы Айкенже,

...................................

«Қарлығаш» ересек тобы


Қайнарбаева Гүлден Жуынбайқызы,

....................................

«Балапан» ортаңғы тобы


Ибраева Светлана Маратовна,

.....................................

«Еркемай» ересек тобы


Жүргізуші: -Қатысушаларды реттік номерін анықтауға шақырамыз. (реттік номерлері жазылған карточкаларды таңдау)

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.

Ортаға: (қатысушылардың аты-жөндері кезекпен аталынып, шақырылады)


Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға: ( қатысушылардың аты-жөндері кезекпен аталынып, шақырылады)


Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.

Ортаға: (қатысушылардың аты-жөндері кезекпен аталынып, шақырылады)

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

  1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

  1. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

  1. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

  1. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

  1. Абайдың әжесінің және анасының аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  1. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

10.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).

  1. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

  1. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)

  1. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

  2. Абай қай күні, қай жылы туылған? (1845 жылы 10 тамызда)

  3. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан? (Тобықты)

Балаларға сұрақтар:

  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Бір өлеңінен үзінді.


Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзаттың асылы.
Ел тілегі- адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры!-дей келе қорытынды сөз әділқазы мүшелеріне беріледі.

......................

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңінен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

Осымен «Абай-дана, Абай-дара» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!