Абай дана, Абай дара қазақта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай дана, Абай дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Абайдың 175 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

 

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек

                  мәлімет  беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,  

                  адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани

                  асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі

                  өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін,

                  қара сөздерін мәнерлеп айтқызу, көріністер қою. 


Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер,

                  Фотослайдтар, видео, аудио жазбалар 

Абай туралы қанатты сөздер: 
« Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » 
Ахмет Байтұрсынұлы 

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр». 
Мұхтар Әуезов 

«Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғабит Мүсірепов 


«Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді… Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты». 
Шыңғыс Айтматов 




«Абай дана, Абай дара қазақта» атты видеоролик қойылады.

1.Жүргізуші:

Дана Абайды 
Қазақтың
ақылына балаймын. 
Туатұғын
алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар,
Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы,
мұңы бар - қазағы бар Абайдың. 

2.Жүргізуші:

Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын! 

1.Жүргізуші:

Сара Абайды 
Қазақтың жүрегі деп білемін, 
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін? 
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің, 
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім! 

 

1.Жүргізуші:

-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы !

«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрын - соңды 
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болмаған...», - деп жазған Ахмет Байтұрсынов.  Ендеше, Қазақтың бас ақыны – Абайға арналған «
Абай дана, Абай дара қазақта» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 


1.Әнұран орындалады.

2.Абай Құнанбайұлы туралы слайд көрсетіліді.

3. Баяндама

Абай Құнанбаев туралы мәлімет

Абай Құнанбайұлы –ұлы ақын,ойшыл,саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан.
Тобықты руының отбасында дүниеге келген.Шын есімі - ИбраҺим. Абай деген атты, оның анасы Ұлжан қойған.

Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам - әжесі Зере. Ол немересін-дегі білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере әжесі ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін.

Абай Құнанбаев 170-ке жуық өлеңдердің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады.

Абай Құнанбаев қазақ әдебиетінің бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты.

1886 жылға дейін өз шығармаларын Көкбай Жанатайұлы деген атпен жазған. Бұл адам – Абайдың жақын досы, әрі шәкірті болған.

Абай құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес ,сондай-ақ Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар.Қазіргі уақытта ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған.

Биыл Қазақстанда Абай атамыздың 175 жылдығына арналған 500-ден астам іс-шаралар өткізіледі.

2.Жүргізуші:

Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған, адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абай атамыздың бірнеше өлеңіне кезек берсек. 
Әсем, Ескендір, Ұлбосын, Нұрбақыт, Мерей


1.Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Жақсы ән мен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй ,- деп Абай атамыз өзі айтқандай сыныптың орындауында
«Көзімнің қарасы»

2.Жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрмыз бәрімізде,
Мұндай күй болған бәлкім бәріңізде
Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.
Биші қыздар келсін біздің төрімізге.
Мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырайық.

Қыздардың орындауында «Фариза шоу» биі


1.Жүргізуші:

Көрініс: Жас Абай мен әкесінің арасындағы әңгіме
 
2.Жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар 
Тыңдаушының құлағын кесері бар. 
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, 
Тыңдағанда көңілдің өсері бар. 
 
Сағындықтың орындауында ән «Сегіз аяқ»

1.Жүргізуші:

Туғаннан дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін  Абай өлеңдерінен нәр алған оқушыларға берейік

 Айсана, Асылай, Бақберген, Диана, Жанна


2.Жүргізуші:

Көрініс: Абайдың елге оралуы.


Қарасөздері. Қымбат, Алтынай, Мерей.


1.Жүргізуші:

Жаманға «жар» деген-ақ, ән көрінер, 
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер 
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп 
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп Абайдың әні «Айттым, сәлем,Қаламқас» қабыл алыңыздар. Орындайтын:  Мүтәлі Жанна


2.Жүргізуші:

 Жігіттердің орындауында би «Алашұлы биі»

1.Жүргізуші:

Шын хакім сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес.

Нұрқанаттың орындауында ән «Желсіз түнде жарық - ай»


2.Жүргізуші:

Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай, 
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай! 
Ана тілдің арқасы, ұғып келем, 
Желілерін ойыңның үзіп алмай. 
Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай, 
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай! 
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ, 
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай. 
1.Жүргізуші:

Қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы 
қажымас күрескері – Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр. 
Өлең сүйер, өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған 
кемеңгер Абай Құнанбаевқа  биыл 175 жыл толып отыр. Бұл ашық тәрбие сағатымыз Абай мерейтойына, Абай рухына арналады.

Қатысқандарыңызға рақмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2020
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі