Материалдар / Абай дана ,Абай дара қазақта
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай дана ,Абай дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектепте оқушыларға «Абай - дана, Абай - дара қазақта» тақырыбында баяндама жүргізілді. 7-9 сынып оқушыларына Абайдың қазақ халқы үшін алатын орны ерекше екені жайлы айтылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай - дана, Абай - дара қазақта


Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектепте оқушыларға «Абай - дана, Абай - дара қазақта» тақырыбында баяндама жүргізілді. 7-9 сынып оқушыларына Абайдың қазақ халқы үшін алатын орны ерекше екені жайлы айтылды.

Баяндамамның тақырыбын «Абай - дана, Абай - дара қазақта» деп тектен-тек алып отырған жоқпын. Оның терең мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз.

Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген. Мәселен,

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай, баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,» - дей келіп, адам мінезіне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп, даралап түсіндіріп береді.

Абай өлеңдерінің ең негізгі тақырыбы қазақ халқының бүгінгі жағдайы мен әрі қарай даму жолдары еді. Халқы туралы ой олардың аянышты да ауыр тұрмысын көре отырып жазған өлеңдеріндегі жан күйзелісі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Күз», «Сегіз-аяқ» және т.б. өлеңдерінде айқын білінеді.

«Абай - дана, Абай - дара» деп бекер айтпайды екенбіз. Қазақ елінің ақыны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абай тереңіне әлі де толық бойлай қойғанымыз жоқ. Оны алдағы уақыттарда да терең білуге тырысарымыз. Абайы бар қазақ бақытты. Абайы  бар ел қай халықпен де терезесі тең. Абайы бар елдің  мерейі үстем.

Абай мұрасы мәңгі өлмейді. Ол таусылмайтын рухани азық, мөлдір бұлақ, құнарлы нәр, асыл қазына.


Сарыкөл ауылы

47 негізгі мектебінің кітапханашысы: А.Д.Отызбаева









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!