Материалдар / «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты викториналық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты викториналық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты викториналық ойыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
1524
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО, Жарма ауданы

«Суықбұлақ орта мектеіб»КММ









«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты викториналық ойыны













Дайындаған: кітапханашы Д.Е.Кусманова









2020-2021 жылы

Сайыстың тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.
Өту түрі:WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы онлайн-викторина.

Өту барысы:
Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.

Сол Абай атамыздың биыл 175 Жылдық мерей тойы.
Ендеше құрметті оқушылар, сайысқа қатысушы жас Абайтанушы достар, сендерге бүгінгі сайыста тек алға дегім келеді.


Алдымен, кітапханашы ұсынған Ұлы ақынға арналған кітаптар жайлы мағлұмат бергіміз келеді.

Shape1

Авторы: Мұхтар Әуезов

Әдебиет: «Абай Құнанбаев»

Жанры: Монографиялық зерттеулер

Шыққан жылы: 1995 жыл

Шыққан жері: Алматы




Shape2


Авторы: Бейсенбай Байғалиев

Әдебиет: «Абайдың өмірбаяны архив деректерінде»

Жанры: Ғылыми еңбек

Шыққан жылы: 1995 жыл

Шыққан жері: Алматы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/2793



Shape3

Авторы: Тұрсын Жұртбай

Әдебиет: «Күйесің, жүрек... Сүйесің...»

Жанры:  Зерттеулер

Шыққан жылы:  2011 жыл

Шыққан жері: Алматы

Материалды көшіріп жариялау
үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/2793





Сайыс сұрақтары:

  1. Абай ақынның Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын атаңыз? («Ескендір» поэмасы)

  2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909 жылы Петербург қаласында)

  3. Абай Құнанбаевтың халық ішінде ән болып тараған шығармаларын атаңыдар? («Көзімнің қарасы» ,«Желсіз түнде жарық ай» ,«Айттым сәлем Қаламқас» ,т.б.)

  4. Үзінді қай өлеңнен алынған :

«Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.» («Сегіз аяқ»)

  1. Абай Құнанбайұлы білім алған медрессе? (Ахмет Риза медрессесі)

  2. Абай өлеңдері алғашында кімнің тарапынан жүрді? (Көкбай Жанабайұлы)

  3. Абай Құнанбайұлының туған жерін атаңыз? (ШҚО,Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта)

  4. Абай Құнанбайұлының қандай поэмалары бар? («Ескендір» ,«Масғұт» ,«Әзім әңгімесі»)

Бала Абайдың өлең жазуға қызығушылығын оятқан кім? (Әжесі Зере)

  1. Өлең жолдары қай шығармадан алынған:

«Талап,еңбек, терең ой,

Қанағат рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз»? («Ғылым таппай мақтанба»)

.

-Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді.


Қорытынды:
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі! Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

- Абай қазақты күллі әлемге танытты. Абай сөзі «Қазақ» сөзімен қатарласа тұратындай көрінеді. Сол себептенде , әрбір қазақ баласы Абай Құнанбайұлын, оның тарихы мен шығрмаларын білуін тиіс. Ал, сіздер өз білімдеріңізді дәлелдеп шыға алдыңыздар. Сайысқа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!