Материалдар / "Абай дара, Абай дана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай дара, Абай дана

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы мәлімет беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5”Б”-сынып

.Тәрбие сағатының тақырыбы: Абай - дана, Абай – дара қазақта.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:Абай портреті, қанатты сөздер, кітаптар,фото слайдтар.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук,проектор.

Пән аралық байланыс :қазақ тілі және әдебиеті,музыка.

Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,инабаттылыққа баулу.

Барысы:

Абай Құнанбаевтің өмірінен үзінді

Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен. Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

«Желсіз түнде жарық ай» бейнежазбасын тамашалау.

-Балалар, бейнежазбадан не көрдіңдер?

-Ән қалай аталады?

-Бұл әнді кім жазды?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ән Абай атамыздың әні.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Шапағат.Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы.

Ақниет :Абай ата қазағымның тірегі

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Төгетұғын сәулесі мен шуағын,

Маңдайдағы жарқыраған күн еді.

Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,

Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.

Ұғындырған осынау жас қадірін,

Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,

Танытқандай қазақтың қасиетін.

«Жас жүрек соғар Абай» деп,

Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.

Бибігүл: Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,

Жырымен жан сусынын қандырған кім.

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім.

Дамир: Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім,

Талабын тас қияға өрлеткен кім.

Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім.

Сымбат: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім.

Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім.

Рамазан: Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім,

Жауына найза сөзін шанышқан кім.

Өзендей құйған бәрін көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім

Бәрі:- Ол Абай Құнанбаев - ұлттың мәңгі ұйтқысы.

Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Шегіртке мен құмырсқа"

.

Айша: Қазақ десе, Абай түсер есіңе...

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын, Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын. Өлеңі бізге рухани азық секілді, Абайдай биік тұлғаны қайдан табарсың? Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің, Жырға қосқан сұлулығын жерімнің. Абай - сыншы, жақсыменен жаманның, Қайғы - зарын жырлай білген даламның. Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған, Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған. Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып, Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.

Слайд: Абай – сазгер. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әнді сүйсең, менше сүй» Абайдың «Көзімнің қарасы» әні Нұрсәуле:Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Адамның бір қызығы - бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Өзім де баска шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

С Аяжан: Ғылым таппай мақтанба

Жанерке: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар.

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқан кімде бар.

Сол жарасар туғанға.

Назерке: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді-өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды. Абайдың күйлері бар. Абай ата – ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.

Күй-Торы жорға

Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі. Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді. Слайд: «Табиғат лирикасы» Нұрсәуле –Жаз -Summer, С Аяжан-Kүз-Autumn, Бекарыс-Қыс- Winter.

Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбін



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!