Материалдар / "Абай дара Абай дана қазақта" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай дара Абай дана қазақта" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы шағын эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
5593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай дана, Абай дара қазақта»


Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Ұлтымызды жаңғыр­ту ісінде оның еңбектерін басшы­лыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн.

Соның арқасында бүкіл Қазақ­стан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биылғы жылы мектебімізде ақын мерейтойы тұсында жаңаша аталып өтті.

Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.

Абай қазақтың әр баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге ша­қыр­ды. Оның мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқу­дан, ақын өлеңін жаттаудан жалық­паған жөн.

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның жақсы мен жаман, надандық пен адамдық туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын айрықша өлшемдер сияқты.

Абай адам өмірінің бірталай келеңсіз жақтарын сынай отырып, одан құтылудың жолын да көрсетіп береді. Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,-

деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінген.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайдың... барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сөзі, бүкіл халқымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті. Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сөздері, әндері ,әсіресе оның жаңа ғасыр босағасын аттаған балғын жастарға, бізге берер мол ғибраты соншалық жақын да алыс құпиясымен оқырманды өзіне баурай берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлттық код, туған жер деген ұғымдарды негізге алды. Ал осы рухани құндылықтарымыздың бастауы-Абай мұрасында жатыр деп айту, қателік емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!