Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!


Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты іс-шарамызды бастаймыз.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін.

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Жүргізуші:

Дала жатыр – өн бойы тұнған өлең,

Абай, міне, жапанда тұрған емен.

Ата сөзі тербеткен бесігімді,

Ата сөзін өмірде тыңдап өлем,-деп Мұқағали Абайға өзіндік шын бағасын бере білген.

5-сынып оқушысы Қайрат Әмина Мұқағали Мақатаевтың «Дала данышпаны» атты өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

Абай-даналықтың дара шыңы. Қазақ халқының үкілеген үміті мен ақ адал тілегі,мақсаты мен мұраты,мұңы мен зары дәл осы Абай шығармаларының өн бойында тұнып тұр.

Жүргізуші: Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды.Оның мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі.

Жүргізуші: «Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай ақынның шығармашылығы үш саладан тұрады:

1. Өзі шығарған өлеңдері;

2. Өзге тілдерден аударған өлеңдері, мысалдары;

3. Қара сөздері.

Жүргізуші:

Абай Құнанбайұлы ғұлама,ойшыл,ақын,аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы,мінезі,жаны,тілі,рухы көрініс тауып,кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.Сондықтан Абайды оқудан,ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.

Кезекті оқушыларға береміз:

1. « Ғылым таппай мақтанба».

2.«Әсемпаз болма әрнеге»

3. «Өлең сөздің патшасы сөз- сарасы».

4.«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?».


Жүргізуші: Абай өз заманына ғана Абай емес,бүгінгі де,ертеңгі де заманға Абай болып қалады.Ол –мәңгі тірі,уақытқа бағынбайды.

Ұлы ақыннан 45 қара сөз қалған.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге – деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, кезекті Абайдың қара сөздеріне береміз.

«Жетінші», «Отыз бірінші» қара сөздері.

Жүргізуші: Абай табиғаттың әсем сазын да, дүлей күштерін де, шуақ жайған жайдарлы күндерін де әсем бейнелеген өлеңдеріне қосқан.

Енді Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдерін тыңдайық.

1. «Қыс»

2. «Күз»

4. «Жазғытұрым»

Жүргізуші: Абайдың құйқылжытқан сырлы әндері, жүрек тебірентер сұлу өнері, өзінше бір шежіре, Абайдың өзі шығарған 20 шақты әндері бар.Осы сырлы сазды әндерімен халық көңілінен шыққан.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз жырлағандай енді кезекті әнге берейік.

Ән: «Көзімнің қарасы» .

Ән: «Желсіз түнде жарық -ай» .

Жүргізуші: Абай сегіз қырлы, бір сырлы бітімі бөлек тұлға.

Енді ақынның «Ескірмейтін есті сөздеріне» назар аударайық:

1. «Адамның адамшылдығы- ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»;

2. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» ;

3.«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады...» (оқушылар өз ойларын айтады).

Жүргізуші: Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты іс-шарамыз аяқталды. Қатысушыларға үлкен рахмет!






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2020
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12