Материалдар / "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЗТҰТЫНУШЫЛАР ОДАҒЫ

АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КОЛЛЕДЖ» МЕКЕМЕСІ
























«Жас қаламгер» үйірмесі

Тақырыбы:«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»










\




Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы

Бахытбекова М.Б









Семей 2020


Мерзімі:09.12.20

Өтетін орны:42 кабинет.Zoom платформасы

Қатысушылар:1ОЗ-5,1ВС-5 топтары

Тақырыбы: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

Үйірменің мақсаты: 

 Студенттерді  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Үйірменің міндеті:

- Студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, ээсе жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Студенттердің қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Студенттердің өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.

Түрі: ашық үйірме отырысы

Көркемдігі: слайдтар, Абай туралы жазылған нақыл сөздер.


Сабақ жоспары:

Таныстыру

Жалпы сайыс 5 айналымнан тұрады.

І айналым. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (шарты: әр топқа сұрақ қойылады, жылдам жауап беру керек)

ІІ айналым. “Даналық дариясы” бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын табады.

ІІІ айналым.«Поэзия жүрек тілі».Бұл кезеңде сайыскерлер ақын өлеңдерін жатқа оқиды.

ІV айналым. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» шығармашылық кезең деп аталады.Бұл кезеңде оқушылар өлең шығарып келуі керек болатын. Өлеңдерін оқиды.

V айналым. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы...». Постермен жұмыс. Әр топ өздеріне берілген ақын өлеңдерінің мағынасын ашады.

Қорытынды

Өтілу барысы:

Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!

Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!

Адалдық, ар ұяттың данышпаны

«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, -демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін алқа мүшесімен таныс болайық:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Абай дана,

Ғұламасы ғасырдың

Жырларында жабырқау жоқ,жасым мұң,

Өлең болып бізге жетті өнегең,

Сәулесі боп

Өлең деген асылдың

Жырларында тұнып тұрған ұлылық,

Жабырқасам жаңға құяр жылылық.

Абай деген-жұмбақ әлем, биік шың,

Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып

Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық. Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз!

Бірінші сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтеді.

  1. «Жалын» тобы

  2. «Шамшырақ» тобы


- Ақынның ата-қоныс жері қандай?

Ата-баба,әулиеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен

Ұшқан ұя,ортасы, елі қандай?-дей келе, «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты 1-кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз. Келесі сайыстың шарты: «Тоғыз ромб» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. «Жалын» тобы

  2. «Шамшырақ» тобы

Сұрақтар:

  1. А.Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?

  2. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?

  3. А.Құнанбайұлының табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата?

  4. «Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды». Көркемдік тәсілдің қай түрі? 

  5. Абайдың қанша қарасөзі бар?

  6. А.Құнанбайұлының неше поэмасы бар?

  7. «Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарысын жесең, дәулетің судай тасар...». Үзінді қай поэмадан алынған? 

  8. А.Құнанбайұлының ән,күйлерін ата?

  9. Абай Лермонтовтан жалпы қанша шығарма аударған?

  10. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін ата?

2.Сайысымыздың 2 кезеңі “Даналық дариясы” кезеңінде сайыскерлеріміз  нақыл сөздердің жалғасын табады.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абай - туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп-гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Даналық ойға құрылған, шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық.

  1. «Жалын» тобы

  2. «Шамшырақ» тобы


Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
——————————- (Аздырар адам баласын)
Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті
—————————— (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
——————————- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл
Тұрлаусыз ғашық – тұл
———————————— (Шәкіртсіз ғалым — тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
————————————— (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)
Досы жоқпен сырлас
————————————— (Досы көппен сыйлас)
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
————————————— (Алда – ойын, артқы жағы мұңға жуық)


3.Сайысымыздың 3 кезеңі «Поэзия жүрек тілі».Бұл кезеңде сайыскерлер ақын өлеңдерін өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтады.


  1. «Жалын» тобы

  2. «Шамшырақ» тобы


4.Сайысымызыдың 4 -кезеңі «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» шығармашылық кезеңі.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ барды, ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең үлгісімен бүгінгі ұрпақтарға өлең шумақтарын құрастырып келген болатын. Олай болса сол өлеңдерін оқуға топтарымызды шақырамыз.

  1. «Жалын» тобы

  2. «Шамшырақ» тобы


Сайысымызыдың 5 -кезеңі «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы...». Постермен жұмыс. Әр топ өздеріне берілген ақын өлеңдерінің мағынасын ашады.

  1. «Шамшырақ» тобы – «Күз» өлеңі

  2. «Жалын» тобына – «Қыс» өлеңі

Picture 1 Picture 2




Орын беру


Қорытындылау:

Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяттың, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан, Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін студент болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал, біз, Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуден, ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Сайысымызды қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дей келе, біз де Елбасымыздың атқан сөзіне қосыла отырып, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!