АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай-ұлы ақын, жазушы, ойшыл, дана, философ, композитор, ағартушы, қайраткер, реформатор, қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан тұлға. Қазіргі таңда Абайды білмейтін қазақ, ол туралы естімеген адам бүкіл әлемде жоқ десек те қателеспеспіз. Абай өз соң бүгінгі күні көптеген әлем тілдеріне аударылуда, Абайды әлем мойындауда. Ұлы ақын, философтың өмірден озғанына көп болса да, жыл арамыз алшақтаса да, оның мол мұрасы мен өр тұлғасы қазақ халқымен күннен күнге жақындай түсуде. Ұлы Абайдай перзенті бар қазақ-бақытты ел. Абай-ұлы ақын, жазушы, ойшыл, дана, философ, композитор, ағартушы, қайраткер, реформатор, қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан тұлға. Абай шығармаларында қазақ қоғамының сол замандағы әлеуеті, мәселелері жайлы тақырыптар көп көтерілді. Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан, текті билер ұрпағы Абай-жастайынан білімге, шығармашылық пен поэзияға деген құлшынысымен ерекшеленді. Болыс та, аға сұлтан да болған Абайды қарапайым халық жайы өте алаңдатты. Ол халық ішіндегі көлеңкелі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құанабаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы – техникалық колледжі.

Тақырыбы: АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН


Студент: Кульжабаева Арайлым Жандосовна

Жетекшісі: Муфталова Акку Кусайыновна.



Аңдатпа:

Абай-ұлы ақын, жазушы, ойшыл, дана, философ, композитор, ағартушы, қайраткер, реформатор, қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан тұлға. Қазіргі таңда Абайды білмейтін қазақ, ол туралы естімеген адам бүкіл әлемде жоқ десек те қателеспеспіз. Абай өз соң бүгінгі күні көптеген әлем тілдеріне аударылуда, Абайды әлем мойындауда. Ұлы ақын, философтың өмірден озғанына көп болса да, жыл арамыз алшақтаса да, оның мол мұрасы мен өр тұлғасы қазақ халқымен күннен күнге жақындай түсуде. Ұлы Абайдай перзенті бар қазақ-бақытты ел.


Абай-ұлы ақын, жазушы, ойшыл, дана, философ, композитор, ағартушы, қайраткер, реформатор, қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан тұлға. Абай шығармаларында қазақ қоғамының сол замандағы әлеуеті, мәселелері жайлы тақырыптар көп көтерілді. Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан, текті билер ұрпағы Абай-жастайынан білімге, шығармашылық пен поэзияға деген құлшынысымен ерекшеленді. Болыс та, аға сұлтан да болған Абайды қарапайым халық жайы өте алаңдатты. Ол халық ішіндегі көлеңкелі оқиғаларға сәуле түсірмекші болып әрекеттенді. Алайда, пәлендей нәтижеге жете алмастан, оқимын деген оқысын, ғибрат алсын деген ниетпен өзі пайдалы, дұрыс деп тапқаның қара сөзбен, өлең сөздерімен жазуды жөн көреді.

Абай өз соңынан мол мұра қалдырды. Атақты ақынның өлеңдері, қара сөздері қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Абайды бар әлем мойындауда. Көзі тірісінде-ақ, Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Абай өлеңдерінде де, қара сөздерінде де адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер жайлы тақырып жиі көтеріледі. Ақын «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.,-дейді.

Бәрімізге таныс қара сөздерінде болса жазушы ойлары, қоғам мәселелері талқыға түсіп, таразыланады. Абайдың 45 қара сөзі¹ де философиялық мәні, маңызы зор туындылар. Қара сөздер адамзаттың жалпы қазынасына айналды.

Міне бүгін Ұлы Абайдың 175-жылдығын атап өтудеміз. Елімізді жаулаған ауыр індетке² қарамастан, мемлекеттік, дүниежүзілік деңгейдегі көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. ЮНЕСКО³ көлемінде осы ұлы күн аталып өтуде. Абай оқулары, шығармалар байқаулары, Абай әндерінің байқауы, т.с.с. оффлайн режимде өткізіліп жатыр.

Ұлы ақын, философтың өмірден озғанына көп болса да, жыл арамыз алшақтаса да, оның мол мұрасы мен өр тұлғасы қазақ халқымен күннен күнге жақындай түсуде. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін жазып кеткім келеді: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі». ⁴

Өзге ұлттар да қазақты Абай арқылы танып білуде. Біздің, осындай ұлы тұлғалар ұрпағының міндеті-олардың асыл мұраларын қастерлеу, есімдерін асқақтату және мәңгілік жадымызда сақтап, өскелен ұрпаққа насихаттау деп санаймын.

Сөз соңында сіздерге өзім жазған өлең жолдарын ұсынғым келіп отыр:

Жамандықты, жақсылықты сөз қылып,

Халық зарын жырлап өткен Абайым.

Ұлы Абай, Дана Абай-біліп жүр,

Жадта сақтап, абыроймен айтып жүр.


Ұмытпағын, данан барын қазағым,

Ұмытпағын, мол мұрасын оқығын.

Оқып жүргін сөздерін де, өленің,

Ғибрат алғын, кең далалы қазағым.


Халқымыздың ұлы перзенті-Абай мұрасы біз үшін асыл мұра емес пе? Тарихында, әдебиетінде осындай тұлғасы бар, Ұлы Абайы бар қазақ-бақытты ел.

Библиография:

Қара сөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең поэзиядан бір айырмасы – онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды.(1)

Індет немесе пандемия (лат. Pan + demia — бүкіл халық) — жұқпалы ауру қоздырғышының ауру ағзадан сау ағзаға жұғып, үздіксіз таралуы.(2)


ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.(3)


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтып өтті.(4)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі