"Абай жолы " роман эпопеясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абай жолы " роман эпопеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай жылы. Абай Құнанбайұлы туғанына 175 жыл.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Шардара ауданы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кәрібаева Света Нұршатайқызы


«Абай жолы» роман эпопеясы

Абай мұрасы –біздің ұлт болып бірлесуімізге,

ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі

құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да

Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек,

ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде

мұратқа жетеміз.





Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз. Абай арманы –халық арманы. Халықы арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал.

Ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өрісін әлемдік деңгейдегі біртуар перзентінің дәрежесімен, танымдылығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде таныстыруымыз қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың борышы болмақ.

Абай жылы. Абай Құнанбайұлы туғанына 175 жыл. Ұлы ақынның әрбір шығармасында кездесетін нақыл сөздерінің мәнін түсіндіруге , адамгершілік қасиеттерге баулуға , адами құндылықтары негізгі тәрбиенің бастауы болатынын білеміз. Шығармалары: Ақылдылыққа, Сабырлыққа, Білімді болуға, Мейірімділікке , Еңбексүйгіштікке, Шыншылдыққа тәрбиелейді. Адал сөзін тіркестіретін болсақ; Адал еңбек, Адал достық, Адал ой т.б Жас ұрпақты осылай тәрбиелесек «Толық адам» модулі болады.

Мұхатар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Жас ұрпаққа «Абай жолы» роман эпопеясын оқыту барысында мына жайттарды ұстанған абзал. Романда бала Абайдың, дана Абайдың яғни, Абай Құнанбаевтың қилы тағдыры бейнеленген. Абайдың трагедиясы- халқын сүйетін, халқы үшін қам жейтін, бар өнерін, күш-жігерін халқы үшін жұмсаған, халқын өсу, өрлеу жолынан басталған. Романда XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы ауыр тіршілігі суреттеледі. Ендеше романда Абай бейнесі қандай? Абай- бай феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылады. Абайды елшісі ретінде ауылдарға жіберіп, жарлығын орындатады. Абай әке тапсырмасын орындай жүріп, әкесінің мейірімсіз, өте қатал кісі екенін аңғарады. Алайда Абай әке жолымен емес, өз жолымен жүргісі келеді. Өйткені, Абайды билікте, байлықта қызықтырмайды, ол жеке басының амандығын әділдік пен шындыққа құрбан етуге дайын болып өседі. Абайдың осындай көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжан тәрбиесі өте зор болғанын, әрбір тараудан тауып оқыту. Абай мен әкесін бейнелейтін тұстарды автор өте жақсы суреттей, бейнелей жеткізе алған. Абайдың Бөжей асын беруі де, Абайдың өзіндік тұлға екенін, ержүректілігін көрсетеді. Қысқаша түсінік беріп өтетін болсам, төмендегіше баяндасам.

(«Ас беру»-қазақтың өлген адамның жылы өткен соң «жылы» деп берілетін дәстүрінен бөлекше. Ас жиі беріле бермеген. Ол дәулетті, елінде жақсы аты шыққан кісілер өлген кезде берілген. Ас берудің мәні-марқұм болған адамның арты ерекше күтіліп, асқа қисапсыз мол адамның шақырылуы және ол екі-үш күнге созылып, түрлі бәйге, күрес, жарыстар өткізілетіндігі. Бұл да «өлі разы болмай, тірі байымайды» деп білген, аруақ сыйлаған халқымыздың ұлттық салты екенін жеке әңгімелеу. Романда Бөжей асына қатысты басқа да ырым, жол-жоралар берілген. Бұлардың барлығы да берік сақталған XIX ғасырдағы ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар екенін айту, мазмұндау.)


Сүткент ауылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі