Абай күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай күні

Материал туралы қысқаша түсінік
10 тамыз Абай Құнанбаевтің күні деп саналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

10 тамыз – Абай күні

10 тамыз – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Ақынның 175 жылдығы қарсаңында елімізде 10 тамыз – Абай күні болып белгіленіп, мерекелік күнтізбеге енгені бәрімізге белгілі. Бұған дейін ақынның туған күні жылына екі рет –10 тамыз бен 23 тамыз күндері аталып өтетін. Себебі ақынның туған күніне қатысты ғалымдар арасында екі түрлі пікір болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында, Абай – біздің ұлтымыз бен жұрты­мыз­ды танудың төте жолы деп атап өткен болатын. «Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімейді. Ол баршаға түсінікті әрі күллі адамзатқа ортақ. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін өмірлік бағдар болып келеді. Ұлтының болашағы үшін қам жеген ұлы ойшыл күллі жұртшылықты да махаббат пен мейірімге үндеді. Ақынның осындай адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпақтары үшін де аса қажет. Мемлекет тәуелсіздік жағдайында ұлттық сананы қайта жаңғыртуға және жаһандану өзгерістеріне бейімдеуге жалпыұлттық  тұрғыдан басымдық беріп отыр. Ұлы данышпан елдік мүддені әрдайым жоғары қоюға, алған білім мен тәжірибені халық игілігіне жұмсауға шақырды. Бүкіл адамзат үшін даму үрдісін осындай ұстаным арқылы ұғыну әрдайым маңызды болмақ. Абай – біздің ұлтымыз бен жұрты­мыз­ды танудың төте жолы. Ұлы ақын бізге мазмұндық тұрғыдан өлшеу­сіз, ха­­лық­тың рухани азығына айнал­ған мұра қалдырды. ХХІ ғасырға қадам бас­сақ та, Абайдың көзқарасы заман­ауи із­гі­лік қағидаттарына және Қа­зақ­стан қо­ғамының басты құндылық­тарына, оның бірлігі мен берекесіне толықтай сай ке­летіндігіне тағы да бір мәрте көз жеткі­земіз. Ұлы данышпан ұлттың рухани мә­дени, адами бет-бейнесін асқан көре­гендікпен сипаттаған. Оның ұлылығы да осында. Абайдың даналық сөздері қазақ халқының алтын тұғыры, түп негізімізге үңіліп, ұлттық ұстынымызды іздеген көп­теген ұрпақтың басын біріктіретін мәң­гілік рухани тірек болып қала бермек»,- деп Президент Абай мұрасын жоғары бағалаған.

Осылайша 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілді

Абай – өз шығармаларымен қазақ халқының ақыл-ой, жан-жүрек қазынасын ғаламат байытқан дана ақын ретінде әлемдік өркениеттен ойып орын алған ренессанстық тұлға. Ұлы Абай сол биікке өзімен қоса туған ұлтын да өрлетіп, төр­летіп отыр. Темірқазығымыз, шамшырағымыз ұлы хакім екенін бүгінгі ұрпақ бағамдап қалды. Биыл Президент ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай, Абай жылын жариялап, елімізде қыруар шаралар өткізу көзделіп, қолға алына бастаған болатын. Алайда бүкіл әлемді бір қа­уызға сыйғызған пандемия індеті мерейтойдың да жолын кесті. Соған қарамастан елімізде онлайн режімде Абай туындылары оқылып, жатталып, талданып, зерттеліп, насихатталып жатыр. Тіпті халықаралық видеоконференциялар да жүргізілуде.

Мен Қазақстан Жазушылар одағы бас­қармасы атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай­дың туған күні 10 тамызды Абай күні деп атап, ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсыныс хат жазған болатынмын. Сол бастамамызды Мемлекет басшысы қолдап, Үкіметке тапсырма берген екен. Міне, көптен күткен қаулы шығып, Абай күні бүкілхалықтық, ұлттық мереке ретінде күнтізбеге еніп отыр. Тарихи оқиға! Үлкен қуаныш! Бұл поэ­зия мәртебесі, бұл қазақ тілінің салтанаты деп білемін.

Шетелде тұратын кейбір керауыз қандасымыз «Абай деген ақын өмірде болмаған аңыз адам екен. Оны Бөкейханов бастаған алашордашылар өз идеясын тарату үшін ойлап тапқан мыс» деген де арам ойлы лақап таратып, оны жақтаушылар да құйысқанға қыстырылып жатқан кезде, Мемлекет басшысының бұл шешімінен кейін сол арамза ауыздарға құм құйылатын болды. Еркін ойлы Алаш қайраткерлеріне қуат берген Абай, алапат атом жарылыстарының зардабымен күресте қалың еліне дем берген Абай, тәуелсіздік үшін күресте де, тәуелсіздік тұсында да жұртына бағыт-бағдар, қайрат-жігер берген Абай қазіргі індеттен арпалысып күйзелген халқын өз рухымен жебеп, жырымен емдейтін құдіретке ие.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2023
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі