Материалдар / Абай мен Әбіш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай мен Әбіш

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абайтану» таңдау курсы бойынша өткізілген факультатив сабақтың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2019
1356
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абайтану» таңдау курсы бойынша өткізілген факультатив сабақтың жоспары

Тақырыбы: Абай мен Әбіш

Мектеп: ЖББ 24

Пән мұғалімі: Дюсебеков С.Т.

Сынып: 9

Барлық оқушы: 12

Қатыспағаны: - 0

Сабаққа негізделген мақсаты:

1.Ұлы ақын шығармаларын, өмірі мен өлеңдері, халқымыздың мәдениетін білетін ұлттық сана-сезімі бар тұлға қалыптастыру.

2. Оқушыларға Абай өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімге тәрбиелеу. Адамгершілікке, білімділікке, жаман қасиеттерден аулақ болуға, әңгімеден үлгі алуға, үлкенді, ата - ананы сыйлауға тәрбиелеу. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оларға идеялық - саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тақырыптың мән-мағынасын анықтай алады. Берілген тапсырмаларды түсініп, орындай алады, сөйлемдерді дұрыс құра алады, өз сөздерімен жеткізе алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінде айтылған ойды түсінеді,қозғалатын мәселелердің түп мәнін аша алады, қорыта алады, шешім шығара алады.

Кейбір оқушылар:

Абай мен Әбіштің ақ және қара зат туралы айтқан ойларын зерделей, талқылай алады. Абайдың философиялық ой-тұжырымдарын терең түсіне алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың ойын толық жеткізіп, оқылым, айтылым, тыңдалым дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіру.

Сөздердің лексикалық мағынасын ажырата алу Қарымын сынау - күш қуат, ақылын байқау

Міндеттер

  1. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету

  2. Философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашу

  3. Ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Сөздікпен жұмыс: Қарымын сынау - күш қуат, ақылын байқау

Ой қозғау:
- Абай туралы не білеміз?

Әбіш туралы не білеміз? (Қосымша мәлімет: Әбіш (Әбдірахман) Өскенбаев Абайұлы 1868 жылы дүниеге келді.
1882 жылы Семей қаласындағы үздік мектепке барады. 1886 – 1889 жылдары
Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесінің 5, 6, 7 – кластарын оқып бітіреді.
1889 – 1892 жылдары Санкт - Петербургте Михайлов атындағы артиллерияда 3 жыл оқып білім алады. 1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. Өкінішке орай 1895 жылы 15 қараша Әбдірахман дүние салады).



Интербелсенді тақта


Ортасы

Жаңа сабақ:

Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс: «Абай мен Әбіш» мәтінді оқу, талдау.
Мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар тізбектей оқиды, түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.
Сұрақ: Балалар Әбіш қалай жауап беруі мүмкін? – Ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма?
Қалай ойлайсыздар? /балалардың жауабы тыңдалады/
Жалғастырып Әбіштің жауабы оқылады.
- Сөздікпен жұмыс
Қарымын сынау - күш қуат, ақылын байқау
Мәтінді талдау, топтар бір - біріне сұрақ қояды, жуан - жіңішке сұрақтар, басқа топ жауап береді.

Ендеше, мәтінде қозғалған негізгі мәселелерге тоқталайық.
- Өздерің қалай ойлайсыңдар?
- Ақ сөзі асыл дегенді тағы қалай дәлелдеуге болады?
/Оқушылардың жауабы/
/ Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт» дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ұрпағын ақты жерге төкпеуге, аяқпен баспауға үйретеді.
Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.
Ақ түсінің мағыналық топтары
Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т. б.)
Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т. б.)
Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т.б.)
Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т.б)
Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т.б)
Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т.б.)
Сергіту минуты: Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін тыңдау жатқа қосылып айту.
- Абай балаларының біліміне үлкен мән берді. Олардың көзқарасын да ұдайы сынап отырды. - Демек Әбіш қандай адам болған?
- Ойлы, ақылды.
Әбдірахманға 1892 жылы берілген мінездемеде мінез - құлқының өте жақсы, ашық - жарқын екені, әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болғалы тұрғаны, бірақ денсаулығының нашарлап жүргендігі жазылады.
Шығармашылық тапсырмалар:
Абай тобы: Абай мен Әбішке кесте толтырады.
Әбіш тобы: Абайдың бір өлеңін жатқа айт, Әбішке мінездеме береді.




флипчарт










Интербелсенді тақта











Постер

Маркер






Аяқталуы

«Кубизм» әдісі
1. Суреттейді
2. Салыстырады
3. Байланыстырады (бұл туралы не ойлайды елестетеді)
4. Талдайды (неден тұрады? Не үшін?)
5. Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады, бұдан қандай қорытындыға келдіңіз?)
6. Дәлелде (бұл жақсы ма? жаман ба)
Қорытынды: Олай болса, Ақыл жастан, асыл тастан». Әбіштің өрелі ой, түйінді сөз айтқанын білдік. Олай болса, Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», - дегендей, ата - ананың үмітін ақтайтын үнемі ақ көңіл, ақ ниетті ұл - қыздары болып өсейік.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндау, ақ түс пен қара түске қатысты өз ойыңды жаз. Ақ және қара сөздеріне байланысты айтылған мақал, нақыл сөздерді жинақтау, мағынасын ашу
Бағалау: Оқушылардың бірін - бірі бағалауы












Стикер

Бағалау: Әр оқушыға жеке-жеке бағалау критерийін беріп, бағалау. Кері байланыс алу.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!