Материалдар / Абай мен Мәшһүр шығармаларындағы үндестік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай мен Мәшһүр шығармаларындағы үндестік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Ақын, жазушы, этнограф, шежіреші, өз заманының зерттеушісі Мәшһүр Жүсіптің артында қалдырған әдеби мұралары өзінің ғылыми жағынан өте терең, әрі жан-жақты саланы қамтитыны айтылады. Жобада қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Мәшһүр шығармаларына тән ерекшеліктер, тұлғалардың рухани үндестігі зерттеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2023
435
2 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік»

ғылыми жобасы туралы

ПІКІР


Зерттеуші Секен Аружанның «Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік» ғылыми жобасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығының дені халықтың әлеумет­тік тұрмысы және дәуірдің осындай қиын жағ­дайында ел-­жұртын «жарық күнге» жетуге ұм­тылдырған, азатшылдыққа алғаш үндеген, на­сихаттаған өлеңдер болып келеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының әлеу­меттік даму процесінде ұлттық, отаршылдық то­наудың нығаюы мен ұлғаюына байланысты ішкі прогрессивтік күштер әрекетінде ширыға түсті. Осындай жағдайда Мәшһүр Жүсіп Көпеев те өзге ақын­-жазушылар секілді қоғамдық ой­-сананың оянуына өзінің ұлттық рух, патриотизмге толы өмірлі өлеңімен ықпал жасады. Ақын өлеңдерінде халық мұңын жоқтап, өткір тілмен отаршылдар әкімшілігінің жауыздығын әшкерелеп, сынға алды. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті көтерген ең негізгі проблемалық тақырыптардың бірі – ағарту, ғылым­-білім де­сек, мұның Мәшһүр шығармашылығында елеулі орын алғанына көз жеткіземіз.

Ақын, жазушы, этнограф, шежіреші, өз заманының зерттеушісі Мәшһүр Жүсіптің артында қалдырған әдеби мұралары өзінің ғылыми жағынан өте терең, әрі жан-жақты саланы қамтитыны туралы жұмыста жан-жақты айтылады. Жобада қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Мәшһүр шығармаларына тән ерекшеліктер, тұлғалардың рухани үндестігі зерттелген. Автор соның ішінде екі ақынның өлеңдерін салыстыруға көп көңіл бөлген. Өз заманында құғын-сүргін құрбаны болған Мәшһүр Жүсіптің еңбектері енді зерттеліп жатқан шақта Секен Аружанның осы жобасы тың жаңалықтар қатарында деп есептеуге болады.


Ғылыми жетекшісі Ишпекбаева А.Ә.







Shape1


Shape2


Shape3



МАЗМҰНЫ


Кіріспе.......................................................................................................... 3

1.Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы туралы........................................5

1.1.Тұлғалық-тарихнамалық талдау...........................................................5

1.2. Мәшһүр Жүсіп еңбектеріне шолу.........................................................6

1.3.Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі........ 9

2. Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік.................12

2.1.Қазақ жазба әдебиетіндегі Абай-Мәшһүр жолы...................................12

2.2. Абай, Мәшһүр өлеңдеріне тән ұқсастықтар.........................................15

2.3.Даналардан қалған сөз.............................................................................19

Қорытынды...................................................................................................19.

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................20










Shape4

АShape5 ннотация

Ғылыми жоба Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Ақын, жазушы, этнограф, шежіреші, өз заманының зерттеушісі Мәшһүр Жүсіптің артында қалдырған әдеби мұралары өзінің ғылыми жағынан өте терең, әрі жан-жақты саланы қамтитыны айтылады. Жобада қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Мәшһүр шығармаларына тән ерекшеліктер, тұлғалардың рухани үндестігі зерттеледі.


Аннотация

Научный проект посвящен жизни и творчеству Машхур Жусуп Копеева. Литературное наследие поэта, писателя, этнографа, летописца-исследователя Машхур Жусип является огромным вкладом всесторонностью и научностью трудов. В проекте исследовались аналогичность произведении Машхур и великого поэта Абая Кунанбаева, основателя казахской письменной литературы и духовная гармония личностей.



Аnnotation

The scientific project is dedicated to the life and work of Mashkhur Zhusup Kopeev. The literary heritage of the poet, writer, ethnographer, chronicler-researcher Mashkhur Zhusip is a huge contribution to the comprehensiveness and scientific nature of his works. The project explored the similarity of the work of Mashkhur and the great poet Abai Kunanbayev, the founder of Kazakh written literature, the spiritual harmony of personalities.






Ғылыми жобаның мақсаты: 

Данышпандардың адамгершілік пен еңбекқорлыққа, ар-ұят пен намысшылдыққа, шындық пен әділдікке шақыратын шығармаларын дәріптеу арқылы ұрпақ рухын көтеру.


Міндеттері:

  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек білу;

  • Шығармашылығымен оқып-танысу;

  • Мәшһүр – Абай шығармаларының үндестігін зерттеу.


Өзектілігі:

Мәңгілік Елдің қазынасы Абай мен Мәшһүр сияқты тарихи тұлғалардың асыл мұралары – қай кезеңде де жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал.


Зерттеу әдістері:

Ақпараттар жинақтау, бұрыннан бар шығармашылық зерттеулерді талдау, еңбектермен танысу, оқу, саралау, сараптау, жинақтау, салыстыру.









Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы туралы

1.1.Тұлғалық-тарихнамалық талдау

Қай елдің елдігін, халықтың халықтығын танытатын белгілерінің бірі маңдайына біткен талантты перзенттерін қадірлей, қастерлей білуі. Олар қалдырған жәдігерлерді жас ұрпақтың санасына сіңдіру, оны ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің гуманистік үдерістерімен үнемі толықтырып, жаңартып отыруымыз қажет. Осы орайда сіздерге ұсынылып отырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының артында қалған шығармалары қазақ халқының баға жетпес, мол рухани қазынасы болып табылады.

Барды бағалай білу ата-бабалардан қалған рухани мұраларды қалдырмай жинап, асылыңдай ардақтап, көзінің қарашығындай сақтап, ақыл-таразысына тартқанда ғана, өткеннің дұрысы өнеге, бұрысы – бүгінге сабақ болмақ. Осы ұстанымды сақтай отыра біз мүмкіндігінше ақынның білім алған кезін, дәстүрлі дүниетанымын, әлеуметтік және адами құндылықтарын, әулиелік қасиетін, шығыстық және батыстық, әрі мұсылмандық ұғымдарына да терең мән беріп қарастырдық.

Өздеріңізге белгілі Мәшһүр он бес жасынан ақындық (шайыр) атағын алып, қазақ өлкелерінің әр жерінен өлеңмен жазып жіберген мақтаулар алады. Өзінің бір хатында: «Жас күнімізде жыршы болып ел аузына шыққан соң, Көкшетаудағы Ақан серіні көру өзімнің де тілегім, ойым еді. Ақан сері жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді. Ол сапарымда Атбасар, Ұлытау, Сарысу бойын мекендейтін Бағаналы, Балталы арасында болып, Есіл бойын жайлайтын қыпшақтарды араладым», – дейді.

Мәшһүр жігіт болған күннен «Жаһанкез», «Саяқ» аталып, ел аралап, жер-суды тануды өзіне мақсат көрген. «Үш жүздің баласында бармаған жерім жоқ», дейді. Міне мұндағы ғалымның мақсаты, жер аралап жүріп қазақ халқының дәстүрін, салтын, мәдени мұраларын жан-жақты тереңнен зерттеп, зерделеп мол мағлұмат жинау еді.

1887 жылы Мәшһүр Жүсіп Сырдария, Ташкент өлкесіне барып, бұл жолында көбінесі әртүрлі тарихи кітаптармен танысып, қазақ тарихының орта ғасырлардағы дәуірлері Баһадүрдың «Шежіресі» өзіне үлкен әсер бергенін айтады. Ол жердегі ақын-жыраулармен кездесіп, халық әдебиетінің қымбатты, тарихи мағыналы түрлерінжазып алып отырады. Атақты ақын Қоңырат Майлықожамен кездесіп, тарих жайында пікір алысқаны жайлы ерекше баяндайды. Ғалымның жазып қалдырған әдебиет мұралары өте бай, әрі мазмұны терең келеді. Ол көбінесе ел тұрмысын жырлайтын, кедей кепшіктің мұңын жоқтаған, бай демей, кедей демей қазақ баласының білімді, еңбекқор, жақсы мен жаманды ажырататын адам болғанын жан-тәнімен қалаған нағыз халықтың ақыны болады.

Shape6

«НаучНые осНовы МашхуроведеНия и развитие совреМеННых гуМаНитарНых Наук»

Ақынның қай өлеңін алсақ та, оның барлығында да бұқаралық сарын көрініп тұрады:

Әркімнің өз тамағы табылған соң,

Төресі қисық жаққа бұра шықты.

Көңілі бірін-бірі жеуде болып,

Халыққа осындай бір жорға шықты, – деп, бұқара кедейлерінің қызғышы болып дабыл қағады.

Мәшһүр Жүсіп ақындықтан басқа ғалым адам. Күншығыс, араб, фарсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан хабардар болған. Ғалымның бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына, көбінесе атақты Әбу Әли Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы Бұқара ғалымдарының шығармалары және араб, фарсы, түрік кітаптары әсер етті. Ғалым өз заманындағы тарихи тұлғалармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, солар туралы артында көп мұра қалдырды.

1.2.Мәшһүр Жүсіп еңбектеріне шолу

Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы сақилық пен сараңдықты, адалдық пен арамзалықты, жақсылық пен жамандықты, елгезектік пен еріншектікті салыстыра сипаттап ұлттық дәстүріміздегі адами қасиеттердің мағынасын кең түрде насихаттау. Мақалада негізінен адам бойындағы келеңсіз мінездерді жан-жақты салыстырмалы түрде сынай отырып, келешек ұрпақты осындай қылықтардан аулақ болуға шақырады. Сәбит Мұқанов ілгеріде жазған «Халық мұрасы» атты белгілі кітабында Мәшһүр Жүсіптің көне мұраны жинаудағы зор еңбегін биік бағалап былай деді: «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Осы очеркте біз пайдаланған жырлардың бәрі Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қолжазба қорында сақтаулы. Мәшһүр Жүсіптің «Мес» деп аталатын жинағынан алынып отыр. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: «Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана»,- дейді. Негізінде Бұқардың бұл мұраларын алғаш жазып алған қазақ жерінде Мәшһүр Жүсіптен басқа бұрын-соңды ешкім болған емес. Шоқан Уәлиханов өзінің орыс тілінде жарияланған шығармалар жинағында «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны» деп аталатын бірнеше өлеңін келтіреді. Бұқардың барлық шығармасы сол кездегі халықтың тілегінен туған. Ол тілек қазақ халқының жер бостандығы, ел бостандығы, тәуелсіздігі, тыныштығы, шаттық тұрмысы».

Қолжазба қорындағы «Мес» жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Өшпестей сиямен әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне мұрамыздың әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан.

«Мес» жинағындағы асыл қазынаны бірінші рет барлық ынтасын салып көшіріп, таңдаулыларынан жинақ. жасап, ұсынып отырған жас ғалым Сәрсенбі Дәуітов. Бұл - баланың атаға деген махаббатын дәлелдейтін асыл қасиет. Ол «Местен» алған материалдарды жіктегенде шартты түрде алты топқа бөлген:

1. «Тұрмыс-салт жырлары». 2. «Аңыздар». 3. «Ақын-жыраулар туралы». 4. «Айтыстар». 5. «Ертегілер». 6. «Батырлар жыры». Бұлай бөлу әдебиет ғылымында әбден қабылданған. Мұхтар Әуезовтің жіктеуіне үйлесіп жатыр. Айтуға оңай, оқуға жеңіл.

Осы жинаққа кірген материалдардың қайсысын алсақ та өзімізге таныс, көптен білетін нәрселеріміз сияқты. Ал оқи келе не бір сөз маржандарына кезігеміз. «Ер Көкше» туралы жырдың бітімі бөлек, айтылуы да тамаша. Бұл жырдан халықтық эстетиканың бұқаралық тенденциясын терең аңғарамыз. Осы тұрғыдан қарағанда жинаққа енген барлық материалдардың біз білетіндерден өзгешелігі ерекше мол: жаңа сөздіктер, сөздің жаңа тіркестері, образдылықтары, тың ырғақ, тың ұйқастары, ой тұжырымдары керемет көп кездеседі.

Мәшһүр Жүсіп жинаған көл-көсір дүниенің бір тобын іріктеп С.Дәуітовтің осындай қызықты жинақ жасағаны дұрыс, болған. Мұның мәдениет үшін де, ғылым үшін де маңызы зор демекпіз.»-, деп орынды бағалайды. 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналуына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек. Біз бүгінгі әңгімемізде оның осы өнері жайында сөз қозғамақпыз. Ол ауыз әдебиетінен еліміздің барлық өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын, салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі жан.

Фольклордың осындай көп астарлы, терең мағыналы жағын жан-жақты зерттеген М. Әуезов: «Замана толқыны тарих теңізінің жағалауына көркем өнердің баға жетпес меруерт-маржандарын қалдырды. Бұл бағзы заманнан қалған архитектуралық ескерткіштер, грек храмдары, мысыр пирамидалары, қытай сарайлары, скульптура, лағыл тастар мен мәрмәрден жасалған кереметтер, өткен дәурен адамдарының жай-күйін аңыз етіп шертетін сурет пен музыка. Бірақ сол асылдардың асылы - адам баласының рухы мен ақыл-ойын барша ұрпаққа паш еткен ескірмес, өлмес, өшпес өлең-жыр »,- деп, Мәшһүр өлеңдеріне ғылыми тұрғыдан терең талдау жасайды.

Міне, сол өлең-жырдың, басқа да сөз асылының халық өміріндегі рөлін жете түсінген Мәшһүр оны жасынан құлай сүйген, жаттап өскен, хатқа түсіріп сақтай отырып кейінгі буынға жеткізген. Бүгінде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында ол жинаған қыруар мұраның бар екенін атап айтуға тиіспіз. Көпті көріп, көп оқыған білгір ақын бұл асыл мұралардың «Үлгілі сөз», «Бата», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Қара өлең», «Қайым өлең», «Айтыс», «Бақсының сөзі», «Өтірік өлең», «Жақсылардың мысал сөзі», «Тақпақ», «Мақал-мәтелдер», «Шешендік сөз », «Лиро-эпос», «Батырлар жыры» сияқты түрлерін хатқа түсіріпті.

М. Жүсіптің қай өлеңін алып қарамайық, бәрі жақсылық пен имандылықтың көзі. Мәшһүр Жүсіпте Ақмолла ұстанған идеяны қолдаған. Мына «Жалған», «Тіршілік қамы», «Ақыл туралы», «Бақ құсы», «Мұсылманның сипаты» т.б. өлең-жырларынан осы сарынды көреміз. Ақмолла бірнеше діни шығармаларының авторы, діншілдіктің ақ-қарасын таныған, бала оқытып, жаңа қоғамның бет алуына әрекет жасаған адамның еңбектері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында ерекше орын алған.

Халық мұрасын жинаушы: «Сияның құрамына мышьякты қосып сауытпен жазамын. Сонда менің қолтаңбамнан ешбір жазу көрінбей қалмайды және өшпейді»,- дейді. Ол өзі айтқандай, өшпейтін сиямен күні-түні жаза берген, жаза берген. Әрбір жазғанында тілге тиек етілген ақындарға өзіндік бағасын да беріп отырған.

1.3.Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі.

Ақын бабамыз өзі тәлім-тәрбие алған ұстаздарына деген ықыласы өте ерекше болды. Мәшһүр 3 жасқа толғанда әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шыққан. Сонда Көпей: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас, жұтамас байлық» - деген даналықты ескеріп, баласын оқытуға бел буған. Сөйтіп бала Жүсіп Баянауыл медресесінде Қамар (Хамараддин) хазіреттен білім алып, алғаш оқуға ден қойған. Осы деректен Мәшһүр тегінен, атасынан білімқұмар, көзі ашық, көкірегі ояу адам екеніне тағы да көз жеткіземіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!