Материалдар / Абай мұрасының зерттелуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай мұрасының зерттелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
3179
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:29.11.2018жПәні:АбайтануСыныбы:9-сынып

Сабақ тақырыбы: Абай мұрасын зерттеушілерСабақ мақсаты: 1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеушілер және олардың еңбектері туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: лекция сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру; 3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.2. Реферат жазу.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:Абай мұрасын зерттеушілерАбайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесі жатады. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді.Абайтану тарихы бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:
  • Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған.
  • Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1926 және 1926–1940 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социологиялық дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты.
  • Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–1945 жж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.
Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады.

IV Сабақты бекіту:Сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.
  • 20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалымдардың еңбектері жарық көрді?
  • Ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында қандай еңбектер жарық көрді?
  • Абай шығармалары қандай тілдерге аударылды?
  • Абайтану бүгінде қандай пән ретінде оғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады?
  • Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдерін атаңдар.


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VI Үйге тапсырма:
  • Абай мұрасын зерттеушілер туралы түсінік.
  • Реферат жазу.


Тексерілді:29.11.2018ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!